казумоимя.pptx
- Количество слайдов: 11
Презентация Тақырыбы: АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ ТЕКСЕРГЕН: БЕКБОЛҒАНОВА М. Е ОРЫНДАЛҒАН: АХМЕТОВА Д. ТОҚТАҒАНОВА Н.
Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті Абылай хан атындағы – жоғары оқу орны. 1940 жылы құрылған Алматы шет тілдері институты 1993 жылдан Абылай хан атындағы Қазақ мемлекетік әлем тілдері университеті, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік халықараралық қатынастар және әлем тілдері университеті болып өзгерді. 2001 жылдан қазіргі атымен аталады. Университет жоғары оқу орындары мен мектептер үшін шет тілдер оқытушылары мен мұғалімдерін және халықараралық қатынастар саласының мамандарын даярлайды. Дүние жүзінің 17 тілінде дәріс жүргізіледі.
Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті Құрамында (күндізгі және сырттай, кешкі, қашықтан оқыту бөлімдерінде) 23 түрлі мамандық иесін даярлайтын 6 факультет бар. Сондай-ақ лингвистикалық колледж, халықаралық туризм менеджментінің колледж-лицейі, білім беру орталықтары, мұғалімдер біліктілігін көтеру институты, төрт ғылыми-зерттеу орталығы және ғылыми-зерттеу институты, диссертациялық кеңестер, магистратура, аспирантура жұмыс істейді. Оқу процесіне және ғылыми-зерттеу жұмыстарына 40 кафедра ұжымы, 500 -ден астам оқытушылар құрамы қатысады, оның ішінде ҚР ҰҒА-ның 3 академигі, 48 ғылыми докторы, профессор, 200 -ге жуық ғылыми кандидат бар.
Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде АҚШ, Франция, Г ермания, Ұлыбритания, Испа ния, Бельгия, Жапония, Корея, Түркия, Қытай, т. б. елдер елшіліктерімен тікелей байланыс орнатылған, шет елдердің 16 университетімен және білім беру орталықтарымен студенттер мен оқытушылар алмасып, жыл сайын тағылымдама өткізу ісі жолға қойылған.
Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті Білім берудің жаңа технологиясын енгізуге байланысты 30 -дан астам электронды оқулықтар дайындалып, оқу ісіне пайдаланылуда. Интернеткласс пен бірнеше электронды оқу залдары ашылды, 3 компьютерлік класс, 3 оқу-ғылыми лабораториясы бар.
Шығыстану факультеті
Шығыстану факультеті Шығыстану факультеті 1998 жылы 11 маусымда қазақ филологиясы, ориенталистика, шығыс тілдері, араб тілі және мәдениеті атты құрамында төрт кафедрасы бар Шығыс филологиясы факультеті ретінде құрылған.
Шығыстану факультеті Ғылыми және білім беруші қызметті 4 кафедра жүзеге асыруда: Факультетте 3 ғылыми-зерттеу орталықтары қызмет атқарады: Шығыс тілдері Шығысты зерттеу кафедрасы Қытай филологиясы кафедрасы Әлемдік мәдениет және өркениет кафедрасы Ориенталистика кафедрасы орталығы Корейтану орталығы Қытай тілі және мәдениеті орталығы
Шығыстану факультеті Факультетімізде оқу-ғылыми үдересі бойынша 73 оқытушы, 5 ғылым докторы, 3 Ph. D. доктор, 21 ғылым кандидаты, 11 аға оқытушылармен т. б. қамтамасыз етілген. Факультетіміз көптеген отандық және шетелдік университеттермен, елшіліктермен, студенттеріміздің өндірістік және тілдік машықтанудан өтуге мүмкіндігі бар шетелдік компаниялармен тығыз қызметтестікте. Шығыстану факультеті өзінің болашағы үшін терең білім құштарлығына ұмтылған жастарға тамаша таңдау деген сенімдеміз. Бізге қош келдіңіздер!
казумоимя.pptx