1178_DS_001-02_1178_asymalieva_Fariza.pptx
- Количество слайдов: 17
Орындаған: ҚДС 001 -02 Қасымалиева Ф. Б Тексерген: Қасымғожин Д. Т
Жоспары: 1. 2. 3. 4. 5. Азаматтық неке оның мазмұны Азаматтық некенің тарихы Аралас неке Қазақстандағы аралас некенің саны Пайдаланылған әдебиеттер
Азаматтық неке” деген шарасыздықтан қойылған шартты атауы ғана. Оны Дiн мүлдем неке деп санамайды, Аллаһтың алдында куәлiк келтiрмей, жұртқа жария етiлмей ерлi-зайыптылардың бiр шаңырақтың астында тұруын зинақорлыққа ғана балайды.
Олардың пiкiрiнше, бiр шаңырақтың астында тұрамыз деп шешкен жандарға неке куәлiгiн алып, әуреленудiң қажетi жоқ. Мөрдiң қойылғаны, қойылмағаны не? Ең бастысы, тату-тәттi болып, жарасып кету, жараспасақ ың-шыңсыз өз жөнiмiзге кете барамыз дейдi. Өздерiне шаң жуытқысы жоқ. Заңды түрде ерлiзайыпты болып танылмағаннан кейiн “азаматтық некедегi” ерлер мен әйелдер бiр-бiрiнiң алдында жауапкершiлiк алмайды. Тiптi “Азаматтық некеге” үйiрсек келетiндердiң көпшiлiгi қарақан басын күйiттеуден әрi аса алмайды, әрi одақтарының тұрақты болуы да неғайбыл, қашан айырылысып кетемiз деген қауiппен жүредi, сол себептi олар перзент сүйiп, ата-ана борышын өтеуге де құлықсыздау болады
Психологтардың пiкiрiнше, “азаматтық некедегi” нәзiк жандылар көбiнесе күйеуiм бар деп сенедi, ал ер адамдар оларға тек көңiлдесiм деп қана қарайды. Осындай қарым-қатынастағы ер мен әйелдi отбасы деп те атауға қалай ауыз барады? Әрине, “азаматтық неке” жағдайында балалы болып жататын жұптар бар. Бiрақ о баста Заңды менсiнбегендер дәл осы кезде мықтап опық жейтiнi сөзсiз.
Бiрқатар батыс елдерiндегi шiркеу мен мемлекет арасындағы ушыққан дүрдараздық нәтижесiнде халық екiге жарылып, азаматтық некеге тұрушылар пайда болды. Олардың некесiн ендi дiн өкiлi қиған жоқ, мемлекеттiк орган тiркедi” деп жазылған. Ал Ресей жерiндегi православиелiк христиан дiнiн ұстанатын халықтардың арасында азаматтық неке ХХ ғасырдың бас кезiнде пайда болған. 1917 жылғы революциядан кейiн билiк тiзгiнiн ұстаған большевиктер ескiлiкке қарсы көзсiз күрес жүргiзе бастады.
Қазақстан Республикасының “Неке және Отбасы туралы” Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген, сондықтан заң өкiлдерi мұны “бейресми некелесу” деп атайды немесе “азаматтық неке” деген тiркестi тырнақшаның iшiнде жазуды ұсынады. Сiрә, сөз сыңайын ұққан адамға дiннен бөлектенген некенiң екi түрiнiң де әу бастағы сипаты бiр болғанын аңғаруға болады. Тек жiк iшiнен жiк пайда болып, ендi тiптi мемлекеттiк неке куәлiгiн де керек қылмайтын, “еркiн махаббатты ” қолдаушылар қалыптасты.
Қазақстан Республикасының “Неке және Отбасы туралы” Заңының 3 -шi бөлiмiнiң, 2 -шi бабында да “мемлекеттiк АХАЖ мекемелерiнде тiркелген неке–азаматтық неке” болып саналатындығы жазылған. Әрине, 120 ұлт пен ұлысты қанатының астына алған зайырлы мемлекетте азаматтардың некесiн тiркеудiң баршаға ортақ, ешқандай ұлттың этикалық ұстанымына қайшы келмейтiндей ең оңтайлы жолы осы болмақ. Ал егер үйленiп жатырған жас-жұбайлар некелерiн дiн өкiлдерiне барып қидырғысы келсе, оған да тиым жоқ.
Қазақстандағы некелестіру бөлімінің қызметкерлері соңғы жылдары аралас некенің көбейіп бара жатқанын айтады. Некелесу - азаматтық ауыстырудың ең оңтайлы жолы. Қазақстан заңына сәйкес, шетелдіктер өз елінде некелеспеген деген анықтама әкелсе, еш қиындықсыз отбасын құра алады. Бұл тізімде Қырғызстан, Өзбекстан және алыс шетелден АҚШ, Канада, Түркия мемлекеттерінің азаматтары алда келеді. Алматы қаласындағы бір ғана ауданда неке қидырғандардың шамамен 30 пайызы аралас некенің үлесіне тиеді. "2010 жылы қиылған 4500 некенің 1000 -ға жуығы шетелдік азаматтармен аралас неке болды.
1940 жылы Кеңес Одағы өзінің құрамында өмір сүріп жатқан 130 ұлтқа зерттеу жүргізіпті. «Орыстармен үйленген басқа ұлт өкілдері қанша екен? » деп, санап кеп жібергенде, бірінші орынға Латвия секіріп шыққан да, екінші орында – Қазақстан. Кейін 1950 жылдары тың игеру кезінде елімізде аралас неке күрт өскен. 1940 жылдары 15 пайыздың шамасында болса, 1950 -ші жылдардың соңында 23 пайызға жеткен. 1979 жылы дегенде әрбір бесінші неке – аралас неке болыпты. Бір таңданарлық жағдай, 1980 жылдардың аяғында аралас неке күрт төмендеген. Тіпті 9, 7 пайызға дейін құлдырап кеткен. Бұлай болуына әсер еткен дүние – елдегі демократиялық өрлеу пен ұлттық сананың оянуы сияқты.
Тәуелсіз Қазақия елінде жыл сайын шамамен 100 мың неке қиылады. Осының 20 пайызы немесе 20 мыңы аралас неке екен. Құдай бұйыртса, кешікпей Кеңес кезіндегі межеге жетіп жығылатын түріміз бар. Кейбір қоғамдық ұйымдардың зерттеуіне қарасақ, 18 -20 жастағы қазақстандық қыздардың үштен бірі шетелдік жігітке күйеуге шыққысы келеді. Бұл бойжеткендердің 50 пайызы қазақ қыздары. Шетелдік азаматтармен аралас неке құрушылардың 50 пайызы ресейліктердің үлесінде. Келесі орында Қырғызстан мен Өзбекстан. 2007 жылы Астана қаласында азаматтығы жоқ тұлғалармен 36 неке қиылса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 47 -ге жеткен. 2009 жылдың алғашқы жартыжылдығында 37 неке тіркелген. Бұл сан жыл сайын өсу үстінде
Аралас неке атамыздан қалған Аралас неке дегенде, еске түсетін бір жайт бар. Кезінде қазақтың аса белгілі тұлғалары да әйелді өзге ұлттан алуға тырысты, яғни басым көпшілігінің жан жары орыс, еврей, татар қыздары болды. Оның өзіндік себептері болуы мүмкін. Бәлкім, қараңғы ауылда өскен, білімсіз қазақ қыздарын онша менсінбеген болар, я болмаса сол оқыған жерде танысып, жақындасқан қызымен үйленіп, отбасын құрған болар.
Тіпті түрлі есеппен де шаңырақ көтергендер болуы ықтимал. Кім білсін? Тарихқа көз салсақ, «Қатының болсын қалмақтан, отының болсын жантақтан» деп Бұқар жырау айтпақшы, Абылай ханның қалмақ әйелінен Қасымхан туатыны тарихтан белгілі. Ал Қасымнан исі қазақтың соңғы ханы, Алаштың арда ұлы, атақты Кенесары дүниеге келді емес пе?
Егер термелейтін болсақ, Мағжан Жұмабаевтың жары татар қызы. Алаш көсемі атанған Әлихан Бөкейхановтың әйелі орыс, Мұхтар Әуезовтің әйелі орыс, Жүсіпбек Аймауытовтың әйелі орыс, Нұртас Оңдасыновтың әйелі орыс, Ахмет Байтұрсыновтың әйелі башқұрт, Дінмұхамед Қонаевтың әйелі татар, Қаныш Сәтбаевтың екінші әйелі орыс, Ермек Серкебаевтың жары беларус, Олжас Сүлейменовтың әйелі еврей.
Бұл ар жағы болса, қазіргі қос ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың әйелдері орыстан, Бақытжан Момышұлы ағамыздың жары Зейнеп Ахметова түріктің қызы. Тіпті әнші ағамыз Ақжол мен бауырымыз Бүркіттің әйелдері өзбек қыздары. Мұндай мысалды көптеп келтіруге болады. Бірақ ешқайсы да жаман болған жоқ. Елімізде соңғы 11 жылдың ішінде ұлтаралық некелесу үш есеге өсіпті. Статистика агенттігінің берген мәліметтеріне сүйенсек, 1999 жылы аралас некеге тұруға ниет білдіргендер 18 402 болса, 2010 жылы оның саны – 25 669 -ға жетіп жығылыпты. Әсіресе қазақ пен орыстың құдандаласуы жиі кездеседі екен. . .
Пайдаланылған әдебиеттер: 1 Қ. И. Оспанов “Құқық негіздері” 2. ҚР заңнамасы 3. Википедия 4. Интернет сайт: Nur. kz 5. Интеренет сайт: Masseget. kz
1178_DS_001-02_1178_asymalieva_Fariza.pptx