олдо ва М МОЛДОВА ЕЛТАҢБАСЫ
олдо ва М
МОЛДОВА ЕЛТАҢБАСЫ МОЛДОВА ТУЫ
Құрылды 1359 жылы Тәуелсіздік күні 27 тамыз 1991 (КСРО-дан) Ресми тілі молдаван тілі Астанасы Кишинев Ірі қалалары Кишинёв, Тирасполь, Бельцы, Бендеры, Рыбница, Кахул Үкімет түрі Парламенттік республика Президенті Николае Тимофти Премьер-министрі Владимир Филат Жер аумағы 135 -ші • Барлығы 33 846 км² • % су беті 1, 4 Жұрты • Сарап (2012) ▼ 3 559 500 адам (118 -ші) • Тығыздығы 111, 4 адам/км² ЖІӨ • Қорытынды (2012) 7, 559 млрд $ • Жан басына шаққанда 2127, 730[ $ АДИ (2011) 0, 649 (орташа) (111 -ші) Этнохороним молдовандар Валютасы Молдован лейі (MDL, код 92) Интернет үйшігі . md ISO коды MDL Телефон коды 373 Уақыт белдеулері UTC +2
ТАБИҒАТЫ Климаты қоңыржай континентті. Жазы ұзақ әрі ыстық. Қысы қысқа әрі жұмсақ. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері аз (солтүстікте – 500 мм, ал оңтүстікте 400 мм-ге деін). Сондықтан егістер қолдан суландыруды қажет етеді. Топырақ-климат ресурстары республиканың негізгі табиғи байлығы болып саналады. Климаттың температуралық режимі және құнарлы қара топырағы бау-бақша және жүзімдіктер өсіруге өте қолайлы. Аумағының 80%-ы ауыл шаруашылығының үлесіне тисе, оның 12% -ын гүл плантациялары, бақтар мен жүзімдіктер алады. Денстр, Прут өзендерінің және оның салаларының Молдова шаруашылығында маңызы өте зор. Олар су мен энергияның негізгі көзі болып табылып қана қоймай, кеме қатынасында да қолданылды. Республика аумағы пайдалы қазбаларға өте кедей. Мұнда тек құрылыс материалдар өндірісіне керекті шикізаттар қоры ғана бар. Молдовада отын ресурстары аз болғандықтан оны ТМД-ның республикаларынан тасымалдайды.
ХАЛҚЫ Молдова халқы өте тығыз орналасқан республика. Мұндағы халықтың орташа тығыздығы 1 км жерге 119 адамнан келеді. Тұрғындарының негізгі бөлігін молдовандар (64%) құрайды. Басқа ұлттардың ішінен орыстар(14%), украиндар (13%) басым. Олар Днестірдің сол жақ жағалауында көп қоныстанған. Елдің оңтүстігіндегігагауыздар (3, 5%) тұрады. Халықтың үлкен бөлігін ауыл тұрғындары (54%) алады. Соңғы онжылдықта өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты қала тұрғындарының саны да өсіп отыр. Кишинев, Бельцы, Бендерысияқты қалалардағы халқының саны 100 мың адамға жетті.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ Елдің отын-шикізат базасы жоқ, пайдалы қазбаларды сырттан тасиды. Өнеркәсіптегі жетекші сала – тамақ өндірісі (жалпы өнеркәсіптегі үлесі – 50%). Шарап, жеміс, көкөніс қалбырлау, эфир майын өндіру алдыңғы қатарда. Машина жасау (автотіркемелер, ауыл шаруашылығы машиналарын жинақтау және т. б. ), химия және жеңіл өнеркәсіп салалары жұмыс істейді. Қант, темекі, шарап секілді жеңіл өнеркәсіп өнімдері өндіріледі және бидай, жүгері, қант қызылшасы, жеміс-көкөністер өсіріледі. Ет-сүт өнімдерін өндіру де жақсы жолға қойылған. Сыртқы саудада тамақ өнімдері мен шарап шығару басым. Негізгі импортталатын тауарлар қатарында отын, шикізат, машиналар, химия өнімдері және т. б. бар. Басты сауда серіктестері – Ресей, Украина, Беларусь. Ресейдегі Молдова елшілігі Қазақстандағы Молдова елшілігі қызметін қоса атқарады. Молдова — бұрынғы кеңестік республикалар ішіндегі ең кіші және халық ең тығыз қоныстанған республика. Оның теңізге шығатын жолы жоқ және Еуропаның ең кедей елдерінің қатарына жатады. Молдованы үш жағынан Украина қоршап тұр, ал батысында Румыниямен шектеседі. Елдің негізгі аумағын орташа биіктігі теңіз деңгейінен 140 м-ден аспайтын төбелі, ойпатты жазықтар алып жатыр. Батысында Реут пен Пруг өзендерінің аралығында биіктігі 340 м-ге дейін жететін орманды Кодру үстірті орналасқан. Молдова аумағының 35%-ынан астам бөлігін жалпақ жапырақты ормандар қамтыған. Өзендердің ең ұзыны — Днестр Шығыс Молдова арқылы ағып өтіп, Украина жерінде Қара теңізге құяды.
ШАРУАШЫЛЫҒЫ Молдованың шаруашылық кешендеріндегі алдыңғы орынды ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау және жеңіл индустрия алады. Сонымен қатар электр энергетикасы мен құрылыс материалдарын дайындау өнеркәсібі де дамыған. Тамақ өнеркәсібі әр түрлі шаруашылығы өнімдерін өңдеумен тығыз байланысты. Оның консервілеу, қант, шарап жасау, май шайқау және темекі сияқты салалары бар. Бау-бақша дақылдарын консервілеу өнеркәсіптері тасымалдауға қиындық туғызады. Өндірістердің көбі республиканың оңтүстік-шығыс шоғырланған. Зауыт Кишинев, Кагул, Тирасполь, Бендеры сияқты ірі қалаларда салынған. Қант щығаратын зауыттар Молдованың солтүстігінде, яғни қант қызылшасы көп егілетін жерлерде орналасқан. Олардың ең ірілері – Дондюшаны, Бельцы, Рыбницы сияқты қалаларда шоғырланған. Май шайқайтын (эфир майын, жүгері мен күнбағыстан өсімдік майын алатын) өнеркәсіптер ел аумағында біркелкі орналасқан. Қазіргі кездегі ең ірі зауыттар Бельцы мен Бендеры қалаларында жұмыс жасайды. Шарап жасау – шаруашылықтың көне саласы болып табылады. Шарап пен коньяк шағаратын кәсіпорындар жүзімдіктері көп аудандарда (орталық және оңтүстік Молдова) орын тепкен. Ал ең ірі шарап-коньяк комбинаттары : Кишинев пен Тираспольде. Темекі өнеркәсібі – негізінен, республиканың темекі өсіретін солтүстік және орталық аймақтарында дамыған. Машина жасау – соңғы жылдары қалыпстақандығына қарамастан, мұнда тракторлар (Кишинев), қызан жинайтын комбайндар (Бельцы), ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне қажетті құралдар шығаратын зауыттар мен электроника (Кишинев) қарқынды дамуда. Машина жасау өнеркәсібі--Inurseitov (talk) 16: 23, 2013 ж. ақпанның 27 (ALMT) Молдова аумағының 70%-дан астамы құнарлы қара топырақпен жабылған. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары — бидай, темекі, жүгері, күнбағыс, ал елдің оңтүстігіндежүзім өсіріледі. Шарап жасау — 1991 жылы ел өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі өндірістің гүлденген санаулы салаларының қатарына жатады. Ауыл шаруашылығы. Молдова экономикасындағы экспорттың негізгі бөлігін құрайтын аса маңызды сектор. Мұнда еңбекке қабілетті елдің 40%-ға жуығы жұмыс істейді. Молдова халқының жартысынан астамы ауылды жерде тұрады. Өнеркәсіп өнімінің 42%-ын тамақ өнеркөсібі өндіреді. Минералдық ресурстарға кедей және ірі көлік магистральдарынан алыста орналасқан елдің экономикасы құлдырау сатысын басынан өткізуде. Жеңіл өнеркәсіп шеттен әкелінетін шикізатты қолданады. Тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындары мақта мата (Тирасполь комбинаты) және жібек мата (Бендеры) шығарады. Кілем тоқитын үлкен комбинат та (Унгены) жұмыс жасайды. Сонымен қатар тігін, тоқыма, былғары аяқкиім фабрикалары (Кишинев, Тирасполь) бар. Құрылыс материалдары өнеркәсібі жабынқыш (черепица), бақалшықтардан түрлі блоктар, шифер, темір-бетон сияқты құрылыс өнімдерін шығарады. Электр энергетикасыреспублика экономикасында үлкен рөл атқарады. Днестр өзеніне Дубоссар СЭС-і, ал Прут өзеніне Румыниямен бірлесе отырып СЭС салынған. Аса қуатты Молдова ГРЭС-і Днестровск қаласының маңында жұмыс жасаса, ал Кишинев, Тирасполь мен Бельцы қалаларында сырттан әкелінетін отынды пайдаланатын ЖЭО бар.