дсе пр.pptx
- Количество слайдов: 20
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Маркетингпен басқарудың негізгі тұжырымдамасы. Орындаған: Жұмағазы Р. Тобы: 402 -б- ҚДС Қабылдаған: Серікбай С. С
Жоспар. І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім А. Маркетинг атқарылымы және бағдарламасы. Б. Маркетингтің негізгі қағидалары С. Маркетинг тұжырымдамасы мен басқару. ІІІ. Қорытынды. ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе. Маркетинг – сұранымды жан –жақты зерделеп, болжау, жарнаманы пайдалану, өндірісті ынталандыру, сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін, тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін техникалық және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу, өңдеу мен өткізі жөніндегі ұйымдық – техникалық, қаржы, коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады. Маркетинг атқарылымы - іс-қимылдардың өзара байланысты кешені. Бұл жерде кәсіпорын іс-қимыл жасайтын ішкі және сыртқы ортаны, нарықтарды, тұтынушыларды талдау, бәсекелестер мен бәсекені, тауарларды зерттеу, жаңа тауар тұжырымдамасын қалыптастыру, маркетингілік зерттеулер негізінде тауар өндірісін жоспарлау, тауар қозғалысын, өткізім мен сервисті жоспарлау, баға саясатын тұжырымдап, іске асыру, саркетингілік бағдарламаларды әзірлеп, іске асыру маркетингіні ақпаратпен қамтамасыз ету, маркетингіні басқару қамтылады.
Маркетинг бағдарламасы- өндіруші кәсіпорынынның, сатушының және экспортшының шекті уақыт кезеңінде маркетингтің барлық салалары бойынша іс-қимылдарын айқындайтын өзара байланысты шаралар жүйесі. Ол екіге бөлінеді. 1. Қысқа мерзімді бағдарламаларда кәсіпорынның ісқимылдары бағдарламасы көбірек нақтыланды. 2. Ұзақ мерзімді бағдарламаларда маркетинг стратегиясына сәйкес уақыттың ұзақ кезеңі қамтылады.
Маркетинг делдалдары – компанияның өз тауарларын тұтынушыларға жеткізуіне, өткізуіне және олардың арасына таратуына көмектесетін фирмалар. Оларға сауда делдалдары, маркетингілік қызметтер көрсететін агенттіктер мен несие – қаржы мекемелері жатады. Маркетинг қағидалары – сауда өндірістік қызметті басқару жүйелері ретіндегі маркетингінің негізгі белгілері. Маркетингінің негізгі қағидалары: -сатып алушылардың қажеттіліктерін, нарықтық жағдайды, кәсіпорынның нақты мүмкіндіктерін дәл білу негізінде өнім өндіру. -сатып алушының қажеттерін барынша толық қанағаттандыру -белгілі бір нарықтарда өнімдер мен қызметтерді жоспарлаған көлемде және межелеген мерзімде тиімді түрде өткізу. -кәсіпорынның өндірістік – коммерциялық қызметінің ұзақ мерзімді нәтижелілігін қамтамасыз ету. -өндірушінің іс-әрекетінің стратегиясы мен тәсілінің бірлігі сатып алушылардың өзгеріп отыратын талаптарына белсенді түрде бейімделу мақасты.
Маркетинг стратегиясы – кәсіпорынның тауар өндіру өткізу қызметінің келешектік мақсатын, бәсеке нысанын, маркетинг тұжырымдамасын таңдау. Бос нарықты, нақты тұтынушыны іздеп табуды, кәсіпорын қызметінің нарықта басталуы мен аяқталуы мерзімін анықтауды, өнімнің түрлері, оның сұрыпталуы, көлемі, сапасы, өзіндік құны ескерілетін бәсекелесу мен пайдалылық себептерін анықтауды, жарнаманы қамтиды. Маркетинг стратегиясының негізгі бағыттары: нарықты дамыту – сату көлемін ұлғайтуға немесе өндірістің тиімділігін арттыруға, фирма қызметін жақсартуға бағытталған өткізу жоспарын әзірлеу.
Маркетинг тәсілі. Бұл ағымдағы нарықтық жағдайды, тиісті міндеттерді, маркетинг стратегиясында көзделген шараларды жүзеге асыру негізінде қысқа мерзімге арналған маркетинг мақсаттарыа жету. Ол компанияның әрбір нарықтағы және әрбір тауар бойынша мақсаттарын шекті уақытта дайындауды, сондай - ақ, шекті маркетинг стратегиясында іске асыруға бағытталған нақты іс-қимылды көздейді. Мұнда маркетингтің аралық мақсаттарын белгілеу, осы мақсаттарға жету құралдарын таңдау, маркетингтік іс- шаралардың уақыт жөнінен реттілігін айқындау, соның ішінде, нарыққа кіру мен одан шығу сәтін таңдау , маркетинг үдерісіне түрлі қатысушылар арасында әрбір кезеңдегі міндеттері мен жауапкершілігін бөлісу, маркетинг бойынша түрлі кезеңдердегі шығындарын оңтайландару қамтылады.
Маркетинг тұжырымдамасы – өзінің эволюциясы кезінде маркетинг тұжырымдамасы көптеген өзгерістерге ұшырады, соған сәйкес маркетинг мәніне деген көзқарастар өзгерді, оның көптеген анықтамалары туындады. Маркетинг теориясында анықтамалардың екі тобы бар: классикалық және ос заманғы. Классикалық түсініктемеде тауарлау мен қызметтерді жылжыту үдерісіне баса назар аударылады.
Маркетингтік жоспар –маркетингтік қызметтің мақсаттар, стратегиялар, осымен қатар олардың нақты уақыт аралығында іске асыру шараларының жиынтығы. Маркетингтік жоспардың мақсаты- стратегиялық жоспарда көздеген өндірістің , сатудың, табыстың өсуін іске асыру Маркетингтік жоспарға өндіріс жоспарлары, тауарлар шығарудың , нарықтық қызметтің, маркалы бұйымдарды шығарудың жоспарлары да жатады. Әдетте, маркетингтік жоспарлаудың уақыт мерзіміне байланысты 3 түрі болады: • Ұзақ мерзімді жоспар • Орта мерзімді жоспар • Жылдық жоспарлау
Республикамыздағы кәсіпорындарда маркетингтің қалыптасу шарттарының әсерінде құрылған ерекшелігі анықталған проблемаларға әкеліп, маркетингтің дамыған үлгісіне қарай жылжуды тоқтатады. Осы бағытта жүргізілетін жұмыстың көп жағдайда қалыптасқан шарттарға сәйкес айқын бағдарлары жоқ деп те айтуға болады. Тәжірибе жүзінде агроөнеркәсіпорында жұмысқа кешенді көзқарас болмады, яғни нақты экономикалық негізі бар ұзақ мерзімді мақсаттар қойылмады және маркетингтің ұйымдастырушылық, материал-техникалық қамтамасыз етілуі жеткіліксіз болды. Қазіргі кезде маркетингті қолдану арқылы азық-түлік нарығын зерттеу негізінде нарықты өз өнімдерімен толтырып тастаған шетелдік өндірушілермен тиімді бәсеке күресіне қатысуға отандық тамақ кәсіпорындары үшін қолайлы жағдайлар туады.
Маркетингтің отандық теориясы мен нарықтық зерттеулерге әдіснамалық көзқарастардың қалыптасуына ТМД елдерінің келесі әйгілі ғалымдарының еңбектері арналған: А. Г. Абрамишвили, И. Н. Герчикова, Е. П. Голубков, В. Е. Демидов, П. С. Завьялов, И. И. Кретов, А. Н. Романов, Б. А. Соловьев, В. Е. Хруцкий және т. б. Қазіргі уақытта маркетинг іс-әрекетінің шетел тәжірибесін қайта өңдеуге бағышталған айтарлықтай жұмыстар саны болғанымен, оның ішінде аз мөлшері ғана Қазақстан кәсіпорында маркетингтің нақты дамуының өзгешелігін есепке алады. Сонымен қатар маркетингтің өсіңкі өзгермелі, әрі даму қарқыны өте жоғары болуына қарай теориялық аспектілерін жаңа ұғымдар немесе бағыттармен толықтырып отыру қажет.
. Маркетингтік бақылау – маркетинг жоспарларының іске асырылуын тексеру мақсатымен нәтижелерді бақылау, есептеу, талдау. Ол үш түрге бөлінеді -орындалуын бақылау -пайдалылықты бақылау -тиімділікті бақылау Маркетингтік зерттеу- қайсібір жергілікті тауар нарығының жағдайын, даму бағытын, өнімді тұтынушылардың кездейсоқ тандалған тоббының пікірлері бойынша қорытындылау негізінде зерделеу маркетингтің аса маңызды қызметі болып табылады. Маркетингтік зерттеу нарықты зерттеумен ғана шектелмейді, жаңа тауар идеяларын іздестірумен бастап оны тұтынушының кездейсок таңдалған тобының пікірлері бойынша қорытындылау негізінде зерделеу маркетингтің аса маңызды қызметі болып табылады.
Маркетингтік зерттеу 1. Мәселе дәл айқындалып, зерттеу мақсаты алға қойылады. 2. Ақпарат жинау жоспары дайындалады. 3. Ақпарат жиналады, зерттеу пікірлерді анықтау нысанында не топтық талқылау мақсатында жүргізілуі мүмкін. 4. Жалпылама көрсеткіштерді құрастыру, олардың арасындағы өзара байланысты анықтау үшін жиналған ақпаратқа талдау жасалады. 5. Зерттеулер мен ұсыныстардың негізгі нәтижелері сараптап шешім қабылдау және кәсіпорындардың тауар нарықтарындағы іс –әрекетінің стратегиясын айқындау үшін кәсіпорындардың басқарушыларына беріледі.
Маркетингті жоспарлау Бұл кәсіпорынның маркетингттік қызметінің барлық бағыттары бойынша нақты жоспарлар дайындау Мұндай маркетинг – жоспарлардың құрылымында негізі көрсеткіштердің тізбесі, нарықтардың және олардың негізгі бөліктерімен, тұтынушылардың бәсекелестердің сипаттамасын, бәсекенің салдарынан болатын ықтиамал қиындықтарды талдауды, бәсекелектік артықшылықтарды, жоспарлы кезеңдердегі фирманың қол жеткізуге тиісті тұжырымдалған мақсаттарын, маркетинг стратегиясын – оның барлық кешенін, мақсатты нарықтарды, шығындардың деңгейі бойынша қызметінің бағдарламаларын оның барлық ұстанымдары бойынша нақты іс.
Маркетингтік басқару Шектелген мақсатқа қол жеткізу үшін тиімді сұранысты белгілеу мен қолдауды көздейтін шараларды талдау, жоспарлау, жүзеге асыру, олардың орындалуын бақылау арқылы обьективті түрде ықпал жасау. Оған кәсіпорын ортасын, нарықты тұтынушыларды, тауарлар мен қызметтердің түр – түрі мен сапасын, тауарлардың өткізілуі мен қозғалысып, бағаны, жарнаманы, маркетингілік зерттеулердің басқару жатады. Басқаша айтқанда, маркетингті басқару – сұранысты басқару. Маркетингімен шұғылданушы сұранымның деігейіне, уақыты мен сипатына әсер ете білуі тиіс, өйткені, орын алып отырған сұраныс қалаған сұраныспен үйлеспеуі мүмкін. Маркетингті басқару – фирманың маркетингілік жағдайына талдау жасаумен шектелген жоспарларды іске асырумен шұғылданатын және бақылау міндетін орындайтын лауазымды адамдар.
Маркетингтік басқарудың бағыттары. Маркетингтік басқару Қызметтері басқару Сұранысты басқару
Маркетингтік басқару- пайданы қамтамасыз ету үшін кәсіпорынының ішкі мүмкіндіктерін сыртқы ортаның талаптарымен сәйкестендіруге бағытталған кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің ең маңызды атқарымдық бөлшегі. Кәсіпорынының қызметін маркетингтік басқару – жаңа ойлау салтын қалыптастыру, оның негізінде нарыққа бағдарлану, нарық талаптарының өзгеруіне әрқашан дайын болу. Маркетингтік қызмет –кәсіпорынның нарықтағы маңызды қызметінің бірі. Ол өндірістік, жабдықтау – өткізу, қаржылық, әкімшілік қызметтерімен байланысты, сонымен қатар, маркетинг қажетті сапалы, қажетті санды өзіндік құны мен нарықтың қажеттілігін есепке ала отырып, маркетинг өнім шығару сұрақтарын шешеді.
Қорытынды. Қорыта келе маркетинг тұжымдамасының сатылары: өндірістік, тауарлық, өткізу, маркетингтік, әлеуметтікэтикалық. Осы тұжырымдамалар экономика дамуының әртүрлі кезеңдерін сонымен қатар, соңғы жылдарда болып жатқан әлеуметтік , экономикалық және саяси өзгерістерін бейнелейді. Тауарлық тұжырымдама – тауарлар біршама басқаша көрінетін, алайда өздеріне ұқсас тұтыну қызметін атқаратын тауарлармен өзара бәсекеде болады. Олар басқаша өндіріліп, тұтынушыға ерекше арнамен өткізілсе де, тұтынушының қажеттілігін қанағаттандырылатын баламалы өнім болуы мүмкін. Маркетинг тұжырымдамасы кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастыру жағынан тарихи жаңа тәсіл. Сонымен, бір жағынан кәсіпорын жұмысының негізі – нарыққа қарай бейімделу болса, екінші жағынан кәсіпорын өзі нарыққа ықпал етіп, оны басқаруы, қалыптастыруы мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Токкулиева Б. Б Денсаулық сақтаудағы эконимика және қаржыландыру негіздері.
Назарларыңызға рахмет!!!
дсе пр.pptx