Скачать презентацию Месопотамия Месопотамия Ойпаты Mesopotamіa грек mesos Скачать презентацию Месопотамия Месопотамия Ойпаты Mesopotamіa грек mesos

Месопотамия.pptx

  • Количество слайдов: 17

Месопотамия Месопотамия

Месопотамия Ойпаты (Mesopotamіa – грек. mesos – аралығы, potamos – өзен), Тигр мен Евфрат Месопотамия Ойпаты (Mesopotamіa – грек. mesos – аралығы, potamos – өзен), Тигр мен Евфрат өзендерінің орта және төменгі ағысының алабында орналасқан. Түгелдей дерлік Ирак жерінде, аздаған бөлігі Сирияға, Иранға және Кувейтке қарайды. Оңтүстікшығысы Парсы шығанағымен шектеседі. Альпілік қатпарлы белдеу мен Араб платформасының аралығындағы тау алды шеткі иінінің орнында қалыптасқан. Парсы шығанағының теңіз шөгінділерінен және Тигр мен Евфрат өзендерінің аллювийлік шөгінділерінен тұрады.

Табиғи жағдайы Жер бедері тегіс, жазық. Орта тұсында және оңтүстігінде ең биік жері 100 Табиғи жағдайы Жер бедері тегіс, жазық. Орта тұсында және оңтүстігінде ең биік жері 100 м-ге жетпейді, ал шеттерінде 200 м-ге дейін барады. Солтүстігіне субтропиктік, оңтүстігіне тропиктік шөл климаты тән. Жазы өте ыстық, шілденің орташа температурасы барлық жерінде 36ӘС-тан астам, кей күндері 45 – 50ӘС-қа дейін жетеді. Ең салқын айдың орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай – 7ӘСтан – 10ӘС-қа дейін өзгереді.

Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей өте жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып, бір-ақ қана мем¬лекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар өзара сауда-саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да жиі барып түрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып қирады да. Бірақ мұндай қақтығысқа қарамастан бұл мемлекеттердің мәдени гүлдену процесі тоқтап қалған жоқ.

Шумер-Аккад Ғалымдардың айтуынша, бүл келгендер «тау тұрғындары» , «малшы көшпелілер» болып есептелсе керек. Шумердің Шумер-Аккад Ғалымдардың айтуынша, бүл келгендер «тау тұрғындары» , «малшы көшпелілер» болып есептелсе керек. Шумердің 3100— 2800 жылдардағы халқы туралы белгілі ғалым JI. Вулли: «Дәл осы кезеңде бүлардың халқының басым көпшілігі келімсектерден құрылғаны анық. Әр түрлі себептермен келген олар бүл елдегі халықтардың игере алмай отырған биік мәдениетін өркендетуге белгілі дәрежеде эсер еткен болса керек» , — деп жазады. Шумер мемлекетінің мәдени жетістіктері орасан зор болды. Адамзат тарихындағы алғашқы «алтын ғасыр туралы» поэмасы шумер елінің топырағында жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазды, дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді. Осы орайда ғалымдар «Месопотамия — архивтер отаны» деп тегіннен-тегін атамағанын атап өткіміз келеді, өйткені мүнда мемлекеттік архивтермен қатар жеке адамдардың да архивтері болған. Сонымен қатар шумерлер — ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының түңғыш күнтізбегін жа¬саған да осы шумерліктер.

 Б. з. б. 604 – 562 жылдары билік еткен Навуходоносор патшаның кезінде Вавилон Б. з. б. 604 – 562 жылдары билік еткен Навуходоносор патшаның кезінде Вавилон ең әсем қала ретінде бүкіл әлемге әйгілі болды. Атақты “'Аспалы бақ”, Иштар құдайдың құрметіне арналған алып қақпа, Мардук құдайдың ғибадатханасы осы кезеңдерде дүниеге келді. Ғибадатхананың мұнарасына байланысты “Вавилон аласапыраны” деген аңыз (миф) тараған. Аспалы бақ ежелгі дүниедегі әлемнің жеті кереметінің бірі. Вавилондықтар ақылойының тамаша жетістігі болып саналған бұл бақ қаланың сәулеті мен даңқын асқақтата түсті. Адамзаттың ең ежелгі мәдени орталықтарының бірі де осы – Қосөзен аралығы. Көптеген елдердегі сияқты Қосөзенде алғашқы әдеби жанрдағы шығармалар діни сипатта дүниеге келді.

Солардың бірі әйгілі “Гильгамеш туралы дастан”. Дастан бейнелі де көркем сөздермен жырланған. Сол себепті, Солардың бірі әйгілі “Гильгамеш туралы дастан”. Дастан бейнелі де көркем сөздермен жырланған. Сол себепті, ол бүгінгі таңға дейін әлем әдебиетінің тамаша туындыларының бірі ретінде оқылып келеді. Дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі Қосөзенде қалыптасты. Оны дүниеге келтірген шумерліктер. Олардың алғашқы жазуы сурет арқылы жазу болды. Біртіндеп суретті толық салудың орнына әр нәрсенің ерекше белгілерін салу арқылы жазу қалыптасты. Бұл жазу жүйесі сына жазуы деп аталды. Сына жазу мен аккад тілі бүкіл Таяу Шығыста халықар. қарым-қатынас құралы дәрежесіне жеткен. Археологтар сына жазу жүйесін зерттей отырып, ежелгі әдеби шығармаларды, заңдарды, жылнамаларды оқыды. Шумерліктер жазуын кейіннен бүкіл қосөзендіктер үйреніп, Урарту, Сирия, Финикия елдерінде осы шумерліктер негіздеген жазуды пайдаланды. Оларды кейіннен гректер де үйренді. Шумерлік жазу әр түрлі өзгерістерге түсе отырып, бүгінге дейін жеткен. Жазушы О. Сүлейменов“Аз и Я” атты еңбегінде шумер жазуына кеңінен тоқталған.

Вавилондық астрономдар египеттіктерді едәуір басып озып, аспан денелерін, яғни басқа планеталарды және қозғалмайтын жұлдыздарды Вавилондық астрономдар египеттіктерді едәуір басып озып, аспан денелерін, яғни басқа планеталарды және қозғалмайтын жұлдыздарды бақылап зерттеуде үлкен табысқа ие болды; олар Күннің, Айдың айналасын және тұтылудың қайталану заңдылықтарын есептеп шығарды. Олардың барлық ғылылыми білімдері мен ізденістері бақсылық, балгерлікпен байланысты болды. Оқымысты абыздар математикамен де айналысты. 60 санын олар киелі деп есептеді. Олардың ізімен біз күні бүгінге дейін сағатты 60 минутқа, шеңберді 360 градусқа бөлеміз. Ашшурбанипал кітапханасы мен Ашшурбанипал сарайынан табылған “Өліп бара жатқан ұрғашы арыстан” – дүниежүзүлік маңызы бар өнер туындысы. Кітапхананы Ассирияныңбілімді патшаларының бірі – Ашшурбанипал жасатқан. Ол Вавилонның, басқа да ежелгі шығыс елдерінің кітаптарын жинатқызды. Олардың ішінде әдеби шығармалармен бірге жұлдызнамалық, медициналық кітаптар болған. Ассириялық ақындардың өлеңдері мен жырлары, патшалардың жылнамалары күні бүгінге дейін сақталған. Бай да салтанатты сарайлар патшаны дәріптеу мен ассириялықтардың әскери күшін көрсету үшін салынды.

Б. з. б. 6 – 4 ғасырларда Қосөзен аралығы Ахемен әулетіне қарады. Мемлекетті шаһиншаһтар Б. з. б. 6 – 4 ғасырларда Қосөзен аралығы Ахемен әулетіне қарады. Мемлекетті шаһиншаһтар басқарып, Месопотамия өркениеті онан әрі дамыды. Б. з. б. 330 жылы А. Македонскийшапқыншылығы салдарынан Месопотамия өркениеті жетекші рөлінен айрылып, грек-македон өркениетінің ықпалына түсе бастады. Дегенмен адамзат тарихындағы алғаш жетілген әлеуметтік қоғамдар мен мемлекеттер Қосөзен бойында қалыптасып, жалпыадамзаттық өркениеттің тамаша ошағына айналды.

Назарларығызға рахмет! Назарларығызға рахмет!