МАРС
Мазмұны 1 Зерттелу тарихы 2 Марс беті 3 Атмосферасы 4 Температурасы 5 Марстағы тіршілік 6 Марс серіктері 7 Ғарыштағы орны 8 Суреттер
Марс (Қызыл жұлдыз) — Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4 -ғаламшары; Жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа диаметрі 6800 км, массасы 6, 423. 1023 кг, орташа тығыздығы 3, 97 г/см 3, бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3, 76 м/с2. Марс Күнді эллипстік орбита бойымен 24, 2 км/с жылдамдықпен айналады, Күннен орташа қашықтығы 228 млн км (перигелийінде 206 млн км, афелийінде 249 млн км). Марс, Күн және Жердің өзара бірдей қашықтықта орналасуы орташа есеппен 780 тәулікте қайталанады. Бұл Марстың “қарсы тұрыс” периодының қайталануы. Марстың қарсы тұрысы Марс орбитасының перигелийі маңында болған кезде ол Жерге ең жақын болатын 56 млн км қашықтыққа келеді. Осы кезде Марс 24 – 25° бұрышпен көрінеді, ал ондағы 60 – 100 км-лік заттар телескоппен қарағанда байқалады. Осындай кезді “ұлы қарсы тұрыс” деп атайды. Бұл 15 – 17 жылда тамыз айында (кейде шілде не қыркүйекте) қайталанады. Марс бетіндегі тұрақты жарық және қоңыр дақтар Марстың өз осінен айналуын бақылауға мүмкіндік береді. Марстың осьтік айналу периоды (жұлдыздық күн тәулігі) 24 сағ 37 мин 22, 7 с. Марстағы жыл мезгілдерінің ауысуы және климаттық белдеуге (полюстік,
Зерттелу тарихы Марстың планета екендігі адамзатқа ертеден белгілі болған. “Ұлы қарсы тұрыс” кезінде Марс қызыл сары түсті ең жарық жұлдыз (– 2, 7 жұлдыздық шамада) болып көрінеді. Тихо Браге мен Иоганн Кеплердің Марсты бақылауы бойынша 17ғасырдың басында Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалу заңы анықталды. Марстың физикалық қасиеттері телескоп жасалғаннан кейін 17 -ғасырдың ортасында зерттеле бастады. Марсты зерттеудің жаңа кезеңі Марсқа планетааралық автомат стансаларды жіберуден басталады. Осы стансалардың көмегімен планета бетіндегі мөлшері 1 км-лік заттар өте жақыннан зерттелді. “Марс-3” (1972) стансасы тұңғыш рет планетаға қонды. 2004 ж. АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) жіберген “Оппортунит” және “Спирит” марсоходтары Марсқа қонып, онда су қоймаларының болғандығына зерттеулер жүргізді.
Марс бетінде шартты түрде құрлық деп аталатын қызыл сары түсті дақтар көрінеді. Құрлыққа қарағанда теңіздер жарықты аз шағылыстырады, сондықтан ол қоңырлау болып көрінеді. Марс дискісінің солтүстік және оңтүстік полюстік бөліктері өте жақсы бақыланады. Бұл ақ дақтардың мөлшерлері марстық жыл ішінде өзгеріп отырады. Осы кезде Марстың қоңыр теңіздері негізгі кескінін сақтап, болар-болмас өзгереді. Осылардың негізінде Марс бетінің 1°-тық дәлдікпен түсірілген картасы жасалды. Америкалық “Маринер” сериялы стансалары түсірген фотосуреттен Марста Ай бетінің рельефіне ұқсас көптеген сақина таулар немесе кратерлер бар екендігі ашылды. Кратерлер құрлықта да, теңізде де кездеседі. Марста сөнбеген жанартау, планета қыртысының қозғалу белгілері байқалады.
Марс серіктері Марстың Фобос және Деймос деген екі серігі экваторлық жазықтықта планетаға жақын – 9, 37 және 23, 25 мың км қашықтықта қозғалады, периодтары 7 сағ 40 мин және 30 сағ 21 мин. Бұлар планетаны оның өз осінен айналуынан гөрі тезірек айналады. Фобостың ұзындығы 26 км, ені 21 км. Деймостың көлденеңі 13 км.
Атмосферасы Марста атмосфера бар екендігін оның дискісінің шетіне қарай күңгірттенуімен, планетаның тасасындағы жұлдыздардың бәсеңдеп сөнуімен, Марс бетіндегі заттардың айқындылығы жойылуымен дәлелдеуге болады. Марс дискісінің шетінде жеңіл түтін, өте жоғарыда жұқа дискреттік бұлттар, планетаның біраз бөлігін тасалайтын тозаң дауыл байқалады. Спектрлік бақылаудың нәтижесі бойынша Марс атмосферасының құрамында 50 ден 100%-ға дейін көмірқышқыл газы (СО 2), су буының іздері және көміртек тотығы (СО) бар екендігі анықталды. 1000 км-ден жоғарғы биіктікте Марс атмосферасының басым көпшілігі сиреген (1 см 3 -де 104 атомдай) сутек атомдарынан тұрады. Марстың бірнеше қабаттан құралған ионосферасы бар.
Температурасы Күннен орташа қашықтықтағы Марс бетінен шыққан жылу ағынының (толқын ұзындығының 1 мм – 21 см) радиодиапазонындағы орташа температурасы 220± 10 К. Ол перигелийінде 10% жоғары, ал афелийінде сонша төмен болады. Марс бетінің әрбір нүктесіндегі инфрақызыл радиометрия әдісімен өлшенген температуралар: экватордағы талтүстен іле-шала кейін өлшеген температура 300 К, ол Күн батарда 220 К-ге дейін төмендейді. Түні бойы ол тағы да 50 К-ге төмендеп, таң атарда 174 К (– 100°С) болады.
Марстағы тіршілік Қазақстандық астрофизик Габриил Тихов Марс планетасына жан-жақты зерттеулер жүргізді. Ол Марс бетінде қарапайым тіршілік көздері болуы мүмкін деген болжам айтты. Марста жанды заттар тұрады деген болжамдар температуралық және спектроскопиялық нәтижелермен дәлелденген жоқ. Марс атмосферасында оттектің белгісі болмағандықтан, тіршіліктің жоғарғы формасының болуы туралы болжам шындыққа сай келмейді. Алайда тіршіліктің төменгі формасының, әсіресе
Ғарыштағы орны Марс планетасын және планетааралық кеңістікті зерттеуге арналған кеңестік планетааралық автомат стансалар. Массасы 893, 5 кг, ұзындығы 3, 3 м, диаметрі 1, 1 м, ең алғашқы “Марс-1” автомат стансасы 1962 ж. 1 -қарашада ұшырылды. “Марс-1” автомат стансасы ғарыш кеңістігін зерттеу, планетааралық қашықтықтағы радио байланысты тексеру, планетаны суретке түсіру жұмыстарын жүргізді. 1971 ж. “Марс-2” (19 -мамырда) және “Марс-3” (28 мамырда) автомат стансалары ұшырылды. Оларда орбиталық бөлік және планета бетіне қондырылатын аппаратуралар болды. “Марс-2”, “Марс-3” стансалары 8 айдан астам уақыт Марс серігінің орбитасынан зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1973 ж. Марс планетасына бағыттап 4 автомат стансасы ұшырылды. “Марс-4” пен “Марс-5” Марстан 2200 км қашықтықтан ұшып өтті. “Марс-6” мен “Марс-7” 1974 ж. наурыз айының алғашқы жартысында Марс планетасының аймағына жетті. Олардың көмегімен Жер және Марс орбиталарының аралығындағы ғарыштық кеңістіктің физикалық қасиеттері туралы жаңа мәліметтер алынды; Марс атмосферасының құрылымы, топырағының химиялық құрамы мен физикамеханикалық қасиеттері зерттелді. Автоматты стансалардан алынған суреттер арқылы планетаның оптикалық сығылуын анықтауға, рельефтің профилін салуға, Марстың түрлі-түсті кескінін алуға мүмкіндік туды. 2003 ж. 30 -желтоқсанда Европалық ғарыш агенттігінің Марс Экспресс стансасы “Beegle-2” роботбиологты Марс планетасына жеткізді. Марста тіршілік бар ма деген сұраққа жауап іздеген робот-биолог технологиялық есептеулердегі жіберілген қателіктерге байланысты істен шықты. 2004 жылдың басында АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) жіберген “Оппортунит” және “Спирит” марсоходтары Марс планетасына қонып, Жерге
Марс (Қызыл жұлдыз)
Марс Жерден диаметрі бойынша екі есе кіші. Планета массасы 0, 107 Жер массасына тең. Орташа тығыздығы 3, 95 г/см 3 немесе Жер тығыздығының 0, 72 -ін құрайды. Марста Жердегідей ыстық, екі қоңыр салқын және екі жылылық белдеулер бар. Марс жылы Жердің 687 тәулігіне тең болғандықтан, әрқайсысы Жердегіден 2 есеге жуық ұзақ жыл мезгілдерінің ауысуы болып тұрады. Марс бетіндегі жылдық орташа температура -70 градусқа жуық. Бірақ олэкватор маңында күндіз +25 градусқа жетеді, алтаң алдында -90 градусқа төмендейді. Ғарыш стансалары жүргізіліген зерттеулер, Марс атмосферасының өте сирек екекнін дәлеледеді. Марстың бетіндегі атмосфералық қысым 700 Па- дан (0, 007 атм) жетеді.
8 А ҚУЖАНОВА АЯЖАН