КОФЕ Кофе — кофе ағашын қууру аркылы алынган дандерден жасалған сусын. Кофеиннің аркасында сергек асер береді.
Тарихы • • • Бастауын Таяу шығыстан алатын өсімдік тропиктік аймақтардағы кофе ағашының тұқымы. Кофе ағашы егілген соң, алты жылдан кейін өнім бере бастайды. Әлемде кофенің сан мыңдаған түрі бар. Варашава кофесі, Шығыс кофесі, бразилиялық кофе және т. б. Оның негізгі түсі жасыл, тек қуырған соң қоңырқай тартады. Бұлардың сырт пішіні ұқсас болғанымен, дәмі өз алдына ерекше. Кофе ағашының Арабика, Либерика, Экстельса, Рабуста деген 4 түрі бар. Күнделікті тұтынып жүрген кофеміз Арабика ағашының тұқымы. Кофені куырған кезде оның құрамында 2000 -ға жуық химиялық зат түзіледі. Соның нәтижесінде кофенің беткі қабаты жылтырай түседі.
Кофе түрлері мен қайнатудың әдістері • • • Кофені кофе қайнат қышта қайнатады. Кофе қайнатудың әртүрлі әдісі бар. Қай әдіспен дайындаса да, ұзақ қайнатуға болмайды, өйткені дәмі нашарлайды. Варшава кофесі. Қайнатылған қою қара кофені сүзгіден өткізіп, оған сүт пен қант қосып тағы қайнатады, сусындық беті қаймақтанбау үшін дастарқанға қояр алдында ыстық кофені жайлап шайқайды. 1 стақан сусынға 1/3 стақан қара кофе, 2/3 стақан сүт, 1 шай қасық құмшекер керек. Қаймақ қосылған кофе. Қара кофені қант қосып қайнатып, стақанға құяды. Әр стақанға 1 шай қасық қант ұнтағы мен көпіршітілген 1 ас қасық қаймақ қосады. Балмұздақ қосқан кофе. Қайнатқан қара кофені тұндырып, оған құмшекер қосып суытады. Дастарқанға қоярда бокалға (фужерге) 50 г майлы балмұздақ салып, үстіне суытылған кофе құяды. Шығыс кофесі (рецептердің біреуі) «Түрке» деп аталатын кофе қайнататын арнайы кастрюльге су құйып, құмшекер қосып қайнатады. Қайнаған суға майдаланып ұнтақталған кофені салады; кофе қайнап, көтеріле бастағанда «түркені» оттан алады да, көбігі басылған соң тағы бір рет қайнатады. «Түркені» ішіндегі кофесімен (сүзгіден өткізбей-ақ) дастарқанға қояды. Сосын кофе тұнғаннан кейін (тез тұндыру үшін кастрюльге 1 шай қасық суытылған қайнаған су құюға болады) кеселерге құйып ұсынады. Кішілеу кесеге (50— 55 г су сиятын): 1 шай қасық кофе, әркім өз қалауынша құмшекер қосады. Қуырылған, ұнтақталған өсімдік дәндерінен (мысалы, арпа, емен жаңғағы, каштан жемісі) дайындалатын жасанды кофелер де сатылады. Дайындау жолдарына қарай жасанды кофелер табиғи кофе қосылған және табиғи кофе қосылмаған болып үлкен 2 топқа бөлінеді. Дайындау әдісі этикеткасында жазылады