Скачать презентацию КӨШІМОВА М Ә ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК Скачать презентацию КӨШІМОВА М Ә ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК

8такырып_Marzhan_Asem_Akmaral_Guldana .ppt

  • Количество слайдов: 40

КӨШІМОВА М. Ә. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ ТАҚЫРЫП 8 КӨШІМОВА М. Ә. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ ТАҚЫРЫП 8

ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ ДӘРІС ЖОСПАРЫ: 1. Өнімді өндіруге кеткен ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ ДӘРІС ЖОСПАРЫ: 1. Өнімді өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі 2. Шығындардың баптары мен элементтері бойынша тауарлы өнімнің өзіндік құнын талдау 3. Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындарды талдау 4. Материалдық шығындарды талдау

Өнімді өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің негізгі мақсаты пайданы мейлінше максималдау, Өнімді өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің негізгі мақсаты пайданы мейлінше максималдау, сонымен бірге өндірістің тиімділігін арттырып, қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорынның өнімді өндіруге және өткізуге жұмсалған шығындарын аса тиімді басқармайынша жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету мүмкін емес. . Сонымен кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесіне тікелей ықпал ететін маңызды көрсеткіш болып өндірілген өнімнің (көрсетілген қызметтің) өзіндік құны табылады. Өнімнің өзіндік құнына кәсіпорынның пайдасы, өнімінің бәсекелік қабілеттілігі, қаржылық жағдайы тікелей байланысты болады. Өнімнің өзіндік құнынан өнімді өндіру және өткізумен байланысты кәсіпорынның жалпы шығындары көрінеді.

Кәсіпорынның жалпы шығындары n Кәсіпорынның жалпы шығындары – өнімді өндіру және өткізу шығындары мен Кәсіпорынның жалпы шығындары n Кәсіпорынның жалпы шығындары – өнімді өндіру және өткізу шығындары мен басқа да өндірістік емес іс-әрекеттерді қаржыландыруға байланысты болған шығындарының жиынтығы. Оның мәні кәсіпорында материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланудың деңгейін, жекелеген жұмысшылар мен басшылар қызметінің сапасын көрсетеді. Әрбір кәсіпорында өндірілген өнімнің, жасалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын талдау аса маңызды мәселе болып табылады.

Төмендегі көрсеткіштер өнімнің өзіндік құнын талдаудың объектілері болып табылады: - тауарлық өнімнің жалпы алғанда Төмендегі көрсеткіштер өнімнің өзіндік құнын талдаудың объектілері болып табылады: - тауарлық өнімнің жалпы алғанда және шығындар элементтері бойынша толық өзіндік құны; - тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар; - салыстырылатын тауарлық өнімнің өзіндік құны; - жеке бұйымдардың өзіндік құны; - шығындардың жеке элементтері және баптары.

Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын талдаудың негізгі міндеттеріне мыналар жатады: Өзіндік құн және оның серпіні Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын талдаудың негізгі міндеттеріне мыналар жатады: Өзіндік құн және оның серпіні бойынша жоспардың орындалуын объективті бағалау; Өндірістік емес шығындар мен жоғалтулард ы дер кезінде ашу; Өндірістік ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануды ң негізгі бағыттарын анықтау.

Кәсіпорында өзіндік құнды талдаудың ақпараттық көзіне «Кәсіпорынның (ұйымның) өнімді (жұмыстар, қызметтер) өндіру және өткізу Кәсіпорында өзіндік құнды талдаудың ақпараттық көзіне «Кәсіпорынның (ұйымның) өнімді (жұмыстар, қызметтер) өндіру және өткізу шығындары жөніндегі есеп беруі» , өнімнің өзіндік құнының жоспарлық және есептік калькуляциялары, негізгі және қосалқы өндірістер бойынша шығындарды синтетикалық және аналитикалық есепке алу деректері және т. с. с. жатады. Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын талдамас бұрын өндірістік шығындарды бірнеше белгілері бойынша жіктейді (1 -кесте).

 Кесте 1. Шығындардың жіктелімі Жіктеу белгілері Экономикалық элементтері бойынша Өзіндік құн баптарына қарай Кесте 1. Шығындардың жіктелімі Жіктеу белгілері Экономикалық элементтері бойынша Өзіндік құн баптарына қарай Шығындардың түрлері Шығындардың экономикалық элементтері Өзіндік құнды калькуляциялау баптары Технологиялық үдеріске Негізгі қатысына қарай Үстеме Құрамы бойынша Бір элементті Кешенді Өнімнің өзіндік құнына өткізу Тікелей Жанама әдісі бойынша Өндіріс көлеміне қарай Тұрақты Өзгермелі Өндірістегі рөліне Өндірістік емес байланысты

Н а қ т ы и н в е с т и ц и Н а қ т ы и н в е с т и ц и я л а р о б ъ е к т і л е р і Жалпы кәсіпорындарда өзіндік құнды жоспарлау және есепке алу шығындар элементтері мен шығындардың калькуляциялық баптары бойынша жүргізіледі. Шығындар элементтеріне: еңбекке ақы төлеу шығындары басқа да шығындар (материалды емес активтердің тозуы, жалгерлік төлем, міндетті сақтандыру төлемдері, банк несиелері бойынша пайыздар, өнімнің өзіндік құнына кіргізілетін салықтар, бюджеттен тыс қорларға төлемдер және т. б. ) жатады. әлеуметтік қажеттіліктерге төлемдер материалдық шығындар (шикізат пен материалдар, сатып алынатын жиынтықтаушы бұйымдары және жартылай фабрикаттар, отын, электр энергиясы, жылу энергиясы және т. с. с. ), негізгі қорлардың амортизациясы

Элементтер бойынша шығындардың топтастырылуы материал сыйымдылықты, энергия сыйымдылықты, еңбек сыйымдылықты және қор сыйымдылықты зерделеу Элементтер бойынша шығындардың топтастырылуы материал сыйымдылықты, энергия сыйымдылықты, еңбек сыйымдылықты және қор сыйымдылықты зерделеу үшін және техникалық прогрестің шығындар құрылымына ықпалын анықтау үшін қажет. Егер жалақының үлесі азайса, ал амортизация үлесі көбейсе, онда бұл кәсіпорынның техникалық деңгейінің жоғарылағаны, еңбек өнімділігінің өскенін білдіреді. Егер де сатып алынатын жиынтықтаушы бұйымдардың, жартылай фабрикаттардың үлес салмағы көбейетін болса, онда еңбекақының үлес салмағы азаяды, себебі бұл жағдай кооперация мен мамандандырылу деңгейінің жоғарылағандығын көрсетеді.

- шикізат пен материалдар, қайтарылатын қалдықтар (алып тасталынады) - сатып алынатын бұйымдар мен жартылай - шикізат пен материалдар, қайтарылатын қалдықтар (алып тасталынады) - сатып алынатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттар - технологиялық мақсаттарға алынған отын мен энергия Калькуляцияның негізгі баптарына: - өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша еңбекақысы - өндірістік жұмысшылардың әлеуметтік және дәрігерлік сақтандыру төлемдері - машиналар мен құрал-жабдықтарды күту мен пайдалануға кететін шығындар - жалпы шаруашылық шығындар, ақаудан болатын жоғалтулар және коммерциялық шығындар жатады.

Өнімнің өзіндік құнына өткізу әдісі бойынша өндірістік шығындарды Тікелей шығындар – өнімнің белгілі бір Өнімнің өзіндік құнына өткізу әдісі бойынша өндірістік шығындарды Тікелей шығындар – өнімнің белгілі бір түрлерін өндірумен байланысты (шикізат, материалдар, өндірістік жұмысшылардың жалақысы және т. б. ). Олар калькуляциялау баптарына тікелей жатады. Жанама шығындар - өнімнің бірнеше түрлерін өндірумен байланысты және калькуляциялау баптарына сәйкес базаға (жұмысшылардың негізгі және қосымша еңбекақысына немесе бүкіл тікелей шығындарға және т. с. с. ) пропорционалды түрде үлестірілу арқылы жатқызылады. Жанама шығындарға жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындары, негізгі қорларды күту шығындары және т. б. жатады.

Шығындарды өндірістің көлеміне қарай үш түрге бөледі Тұрақты шығындар өндіріс көлемінен тіпті тәуелсіз, яғни Шығындарды өндірістің көлеміне қарай үш түрге бөледі Тұрақты шығындар өндіріс көлемінен тіпті тәуелсіз, яғни өнім өндіру тоқтап қалса да, кәсіпорынның банкроттыққа ұшырап және оның ресми жабылуы жарияланғанға дейін орын алады. Оған басқару шығындары, ғимараттар мен үй-жәйді жылыту және жарықтандырумен байланысты шығындары, жалға беру ақысы және т. б. жатады. Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне байланысты пропорционалды түрде өсіп немесе кеміп отырады. Бұған шикізат пен материалдардың, технологиялық мақсаттағы отын мен энергияның құны, өндірістік жұмысшылардың кесімді жалақысы жатады. Егер белгілі бір себептермен өнім шығару тоқтап қалса, онда осы уақытта өзгермелі шығындар да болмайды. Аралас шығындар тұрақты және өзгермелі шығындар бөліктерінен тұрады, яғни пошта және телеграф шығындары, құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеуге жұмсалған шығындар және т. б.

Тұрақты және өзгермелі шығындар кезіндегі шығындар желісі (линиясы) – бұл бірінші дәрежедегі теңдеу: (7. Тұрақты және өзгермелі шығындар кезіндегі шығындар желісі (линиясы) – бұл бірінші дәрежедегі теңдеу: (7. 1) мұндағы, Y – өнім өндірісіне шығындар сомасы; a – тұрақты шығындардың абсолюттік сомасы; b – өнім (қызмет) бірлігіне кеткен өзгермелі шығындардың мөлшерлемесі; x – өнім өндірісінің көлемі. Кәсіпорын шығындарын жіктеу біріншіден, шығынның қандай да бір түрін қысқарту арқылы пайданың көлемі мен өсу қарқынын максималдауға қол жеткізуге жағдай жасаса, екіншіден шығындардың өтелуі мен нарықтың жай-күйі шиеленіскен жағдайда кәсіпорынның «қаржылық беріктілік қорын» анықтауға мүмкіндік береді.

Кез келген кәсіпорында тауарлы өнімнің өзіндік құнын талдаудың негізгі 2 міндеті бар: • калькуляциялық Кез келген кәсіпорында тауарлы өнімнің өзіндік құнын талдаудың негізгі 2 міндеті бар: • калькуляциялық баптар мен экономикалық элементтер бойынша өндімді өндіру және өткізу шығындарын талдау; • тауарлы өнімнің бір теңгесіне кеткен шығындарды талдау.

Экономикалық мазмұны бойынша тауарлы өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар келесі негізгі элементтер бойынша топтастырылады: Экономикалық мазмұны бойынша тауарлы өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар келесі негізгі элементтер бойынша топтастырылады: • материалдық шығындар; • негізгі қорлардың амортизациялық аударымдары; • еңбекақы төлеу шығындары; • басқа да шығындар.

 «Материалдық шығындар» элементінде өндірілетін өнімнің құрамына кіретін сырттан алынған шикізаттар мен материалдардың құны, «Материалдық шығындар» элементінде өндірілетін өнімнің құрамына кіретін сырттан алынған шикізаттар мен материалдардың құны, қалыпты технологиялық процесті қамтамасыз ететін өндіріс процесінде қолданылатын материалдардың негізін құрайтын сатып алынатын жиынтықтаушы бұйымдар мен жартылай фабрикаттар, отын, электр энергиясы мен жылу энергиясының бағасы есепке алынады. «Материалдық шығындар» элементі бойынша есепке алынатын материалдық ресурстардың құны оларды алу бағасынан (ҚҚС есепке алмағандағы), комиссиялық ақылар мен тауар биржалары қызметінің құнынан құралады. Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық ресурстардың шығындарынан қайтарылатын қалдықтардың құны алынып тасталады.

 «Еңбекақы төлеу шығындары» элементінде кәсіпорын персоналының еңбекақы төлеу шығындары көрсетіледі. Еңбекақы төлеу шығындарының «Еңбекақы төлеу шығындары» элементінде кәсіпорын персоналының еңбекақы төлеу шығындары көрсетіледі. Еңбекақы төлеу шығындарының құрамына келесілер кіреді: • кәсіпорында қалыптасқан еңбекақы төлеу жүйелері мен нысандарына сәйкес тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық окладқа қарай есептелінген персоналдың нақты жасаған жұмысы үшін төленетін еңбекақы төлемдері; • жұмысшыларға заттай нысанда төленген өнімдердің құны; • сыйақылар, кәсіби шеберлігіне қарай тарифтік мөлшерлемелер мен окладқа, еңбектегі қол жеткізген жетістігіне қарай қосылатын үстемелер; • жұмыс тәртібі мен еңбек шарттарына қарай төленетін өтемақылар; • кезекті және қосымша еңбек демалысының төлемдері, пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақылары және т. б.

 «Негізгі қорлардың амортизациясы» элементінде негізгі өндірістік қорлардың баланстық құны мен бекітілген нормаларға сәйкес «Негізгі қорлардың амортизациясы» элементінде негізгі өндірістік қорлардың баланстық құны мен бекітілген нормаларға сәйкес оларды толық қалпына келтіруге бағытталатын амортизациялық аударымдар сомасы көрсетіледі. Ал «Басқа да шығындар» элементіне бекітілген заңнамалық тәртіппен төленетін салықтар, алымдар, төлемдер, сақтандыру қорларына аударымдар және басқа да міндетті аударымдар, несиелер бойынша төленетін пайыздық ақылар, іс-сапар шығындары, басқа кәсіпорындар көрсететін өрт сөндіру, күзет қызметтерінің ақылары, кадрларды дайындау және қайта дайындау шығындары және т. б. жатады. Тауарлы өнімнің өзіндік құнын талдауда шығын элементтері бойынша өзіндік құнның серпіні зерделеніп, ағымдағы және өткен жылдағы өзіндік құнның элементтік құрылымы есептеледі және өзгеру себептері анықталады.

7. 1 -мысал: Экономикалық элементтер бойынша шығындарды талдау Өткен кезең Көрсеткіштер Ағымдағы кезең Сомасы, 7. 1 -мысал: Экономикалық элементтер бойынша шығындарды талдау Өткен кезең Көрсеткіштер Ағымдағы кезең Сомасы, мың теңге Құрылымы, % 434236 80, 25 539694 78, 66 124, 29 +105458 -1, 59 63014 11, 64 79500 11, 59 126, 16 +16486 -0, 05 Есептелген бір-ыңғай әлеуметтік салық 22641 4, 18 28012 4, 08 123, 72 +5371 -0, 10 Негізгі қорлар амортизациясы Басқа да шығындар 7194 14046 1, 33 2, 60 9214 29659 1, 34 4, 33 128, 08 211, 16 +2020 +15613 +0, 01 +1, 73 541131 100, 00 686079 100, 00 126, 79 +144948 - 572668 - 717416 - 125, 30 +144748 - Материалдық шығындар Еңбекақы төлеу шығындары Шығындар элементтері бойынша барлығы Өндіріс көлемі Өнімнің 1 теңгесіне Сомасы, Құрылы мың -мы, % теңге Өсу Ауытқулар қарқы-ны, (+ , -) % Сомасы, %-бен мың теңге

Жоғарыда келтірілген мысалдан шығындардың негізгі үлес салмағын материалдық шығындар мен еңбекақы төлеу шығындары құрайтынын Жоғарыда келтірілген мысалдан шығындардың негізгі үлес салмағын материалдық шығындар мен еңбекақы төлеу шығындары құрайтынын көреміз. Демек өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін іздестіруде шығындардың осы элементтеріне баса назар аудару қажет. Талдау нәтижелері бойынша жалпы шығындар 26, 79 %-ға немесе 144948 мың теңгеге өскен, оның ішінде материалдық шығындар 105458 мың теңге немесе 24, 29 %, ал еңбекақы төлеу шығындары 16486 мың теңге немесе 26, 16 % өскен. Бірыңғай әлеуметтік салық бойынша аударымдардың өсуі еңбекақының деңгейінің өсуімен түсіндіріледі. Ал амортизациялық аударымдардың өсуі негізгі өндірістік қорлардың қалпына келу құнының өсуімен байланысты. Басқа да шығын элементтерінің шамамен 2 есеге өсуін жарнама, жалға алу шығындарының, сонымен қатар тарифтің көбеюіне байланысты байланыс шығындарының өсуімен түсіндіруге болады. Шығындарды тігінен талдау ағымдағы кезеңде ең жоғары үлес салмақ материалдық шығын элементтеріне тиесілі болды, бірақ өткен кезеңде олардың үлесі 1, 59 пайыздық пунктке төмендеген. Шығындардың құрылымында басқа да шығындар элементтері 1, 73 пайыздық пунктке өскен, ал қалған шығын элементтері бойынша айтарлықтай өзгеріс болмаған.

Өнімнің өзіндік құнының маңызды көрсеткіші – тауарлы өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындары ( ). Өнімнің өзіндік құнының маңызды көрсеткіші – тауарлы өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындары ( ). (7. 2) Бұл көрсеткіштің тиімді жақтары мынадай: біріншіден, ол өте әмбебап, яғни өндірістің кез келген саласында есептеліне алады, екіншіден, ол өзіндік құн мен пайда арасындағы байланысты аса көрнекі түрде көрсетеді. Оны санау үшін өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындардың жалпы сомасын қолданыстағы бағалармен берілген өндірілген тауарлық өнімнің құнына бөледі. мұндағы, Qi– өнімнің і-ші түрінің саны, заттай нысанда; ӨҚi – өнімнің і-ші түрінің өзіндік құны, теңге; Бі– өнімнің і-ші түрінің бірлігін өткізу бағасы, теңге. Тауарлы өнімнің бір теңгесіне кететін шығындар сомасына әсер ететін бір реттегі факторларға өнім өндіру көлемі мен құрылымының өзгеруі, өнімнің жекелеген түрлерінің өткізу бағасының өзгеруі жатады. Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындардың өзгерісіне бірінші деңгейдегі факторлардың әсері тауарлы өнімді шығару жөніндегі мәліметтер бойынша тізбекті алмастыру тәсілі арқылы есептелінеді.

Өнімнің бір теңгесіне кететін шығындар сомасына әсер ететін бірінші реттегі факторлардың әсерін тізбекті алмастыру Өнімнің бір теңгесіне кететін шығындар сомасына әсер ететін бірінші реттегі факторлардың әсерін тізбекті алмастыру тәсілімен есептеу алгоритмі мынадай болады: (7. 3) (7. 4) (7. 5) (7. 6) (7. 7) (7. 8) (7. 9)

7. 2 -мысал: Өнімнің бір теңгесіне кететін шығындар сомасын факторлық талдау Өнімнің түрлері Өткен 7. 2 -мысал: Өнімнің бір теңгесіне кететін шығындар сомасын факторлық талдау Өнімнің түрлері Өткен жыл, теңге Ағымдағы жыл, теңге А 100000 40 48 100000 42 50, 4 Ә 60000 60 64 45000 61 67 Б 20000 55 68 35000 56 70 Бірінші қадам: Өткен жылдағы өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар: Демек өткен жылдағы өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар сомасы 87 тиынды құрады.

Екінші қадам: Ағымдағы жылдағы өндіріс көлемін есепке алғандағы өткен жылдағы баға мен өзіндік құн Екінші қадам: Ағымдағы жылдағы өндіріс көлемін есепке алғандағы өткен жылдағы баға мен өзіндік құн бойынша өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар мынаған тең болады: Үшінші қадам: Ал ағымдағы жылдағы өндіріс көлемін есепке алғандағы өткен жылдағы баға мен ағымдағы жылғы өзіндік құн бойынша өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар мынаған тең:

Төртінші қадам: Ағымдағы жылдағы өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар: Бесінші қадам Енді өнім өндірісінің Төртінші қадам: Ағымдағы жылдағы өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар: Бесінші қадам Енді өнім өндірісінің құрылымының өзгерісінің әсерін анықтаймыз: Cонымен өндіріс құрлымының өзгерісі өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындары 1, 26 теңгеге азайтқан. Өнім өндіру құрылымының өзгерісінен өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындардың азаюы өнім өндірісінде рентабельділігі жоғары өнім үлесінің артқанын білдіреді.

Алтыншы қадам: Тауарлы өнімнің анықтаймыз: өзіндік құнының өзгерісінің әсерін Өнімнің өзіндік құнының өсуі тауарлы Алтыншы қадам: Тауарлы өнімнің анықтаймыз: өзіндік құнының өзгерісінің әсерін Өнімнің өзіндік құнының өсуі тауарлы өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындарды 2, 78 тиынға өсірді. Жетінші қадам: Енді өнімді анықтаймыз: өткізу бағасының өзгерісінің әсерін Өнімнің барлық түрлерінің өткізу бағасының өсуі тауарлы өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындарды 3, 75 тиынға азайтқан.

Сегізінші қадам: Алынған нәтижені тексереміз: Демек, немесе Cонымен бұл көрсеткіш, яғни тауарлы өнімнің 1 Сегізінші қадам: Алынған нәтижені тексереміз: Демек, немесе Cонымен бұл көрсеткіш, яғни тауарлы өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар сомасы өзіндік құн мен пайданың арасындағы байланысты көрсетеді. Талдау барасында бұл көрсеткішті басқа кәсіпорындардың ұқсас көрсеткіштерімен салыстыру арқылы тауарлы өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындардың серпіні зерделеуге болады.

Материалдық шығындарды талдау Тауарлы өнімнің өзіндік құны деңгейінің өзгерісіне бірінші реттегі факторлардың ықпалын факторлық Материалдық шығындарды талдау Тауарлы өнімнің өзіндік құны деңгейінің өзгерісіне бірінші реттегі факторлардың ықпалын факторлық үлгі арқылы зерделейді. Шығындардың әрбір бабы бойынша тауарлық өнімнің өзіндік құнын зертеу үшін нақты көрсеткіштерді жоспармен және өткен кезеңдер көрсеткіштерімен салыстырады. Әдетте өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құнында шикізаттар мен материалдарға кететін шығындардың үлес салмағы жоғары болады. «Материалдық шығындар» элементі бойынша шығындардың жалпы сомасы (МШ) өнім өндірісінің көлеміне (Q), оның құрылымына (ҮСі) және жеке бұйымдардың үлестік шығындардың өзгерісіне (ҮМШі) байланысты болады.

Ал жеке бұйымдардың үлестік материалдық шығындары (ҮМШі) өнім бірлігіне шығындалған материалдардың мөлшері (M) мен Ал жеке бұйымдардың үлестік материалдық шығындары (ҮМШі) өнім бірлігіне шығындалған материалдардың мөлшері (M) мен материал бірлігінің орташа бағасына (Бі) тәуелді болады. Берілген факторлардың ықпалын есептеу тізбекті алмастыру тәсілі арқылы жүзеге асады. Өнім өндірісіне кететін материалдық шығындарға әсер ететін бірінші реттегі факторлардың әсерін тізбекті алмастыру тәсілімен есептеу алгоритмі мынадай болады:

а) жоспарлы кезеңдегі материалдық шығындар сомасы: (7. 10) ә) жоспарлы баға мен өнім бірлігіне а) жоспарлы кезеңдегі материалдық шығындар сомасы: (7. 10) ә) жоспарлы баға мен өнім бірлігіне кеткен шығындар бойынша қайта есептелінген жоспарлы кезеңдегі материалдық шығындар сомасы: (7. 11) б) өнімнің нақты көлемін есепке алғандағы жоспарлы өнім бірлігіне кеткен шығындар нормасы мен жоспарлы бойынша материалдық шығындар сомасы: (7. 12) в) өнімнің нақты көлемі мен нақты өнім бірлігіне кеткен шығындар нормасын есепке алғандағы жоспарлы бойынша материалдық шығындар сомасы: (7. 13) г) нақты кезеңдегі материалдық шығындар сомасы: (7. 14)

Жеке бұйымдарды шығаруға кететін материалдық шығындардың сомасы өнім өндірісінің құрылымынан басқа тура сондай факторларға Жеке бұйымдарды шығаруға кететін материалдық шығындардың сомасы өнім өндірісінің құрылымынан басқа тура сондай факторларға тәуелді болады: (7. 15) Егер барлық шығарылған өнімнің өзіндік құны емес, тек өнім бірлігінің ғана өзіндік құны талданатын болса, онда материалдық шығындар сомасының өзгерісіне факторлардың ықпалын есептеу келесі үлгі бойынша жүзеге асады: (7. 16)

Жоғарыда аталған факторлардың ықпалын тізбекті аламастыру тәсілімен есептеу алгоритмі мынадай болады: Жоғарыда аталған факторлардың ықпалын тізбекті аламастыру тәсілімен есептеу алгоритмі мынадай болады:

Материалдардың орташа бағасының деңгейі шикізат нарықтарына, жеткізушінің сату бағасына, материалдық ресурстардың топ ішіндегі құрылымына, Материалдардың орташа бағасының деңгейі шикізат нарықтарына, жеткізушінің сату бағасына, материалдық ресурстардың топ ішіндегі құрылымына, көліктік және дайындама шығындарының деңгейіне, шикізат сапасына және т. с. с. тәуелді болады. Материалдық шығындардың жалпы сомасы осылардың әрқайсысы есебінен қалайша өзгергендігін білу үшін і-ші фактордың есебінен материалдардың і-ші түрінің немесе тобының орташа баға өзгерісін пайдаланылған материалдардың сәйкес түрінің нақты санына (7. 18) көбейту қажет:

Көптеген кәсіпорындарда жоспардан артық қайтарылатын қалдықтар болады. Оларды сатуға немесе басқа мақсаттар үшін пайдаланып Көптеген кәсіпорындарда жоспардан артық қайтарылатын қалдықтар болады. Оларды сатуға немесе басқа мақсаттар үшін пайдаланып жіберуге болады. Егер олардың құнын мүмкін болатын пайдалану бағасы арқылы және алғашқы шикізат құны арқылы салғастыратын болсақ, онда өнімнің өзіндік құнына кіргізілген материалдық шығындар қандай сомаға көбейгенін білеміз: ∆ӨҚ = Шн – Р↓Ш + ДШ / Qн + Р↑Q– Шн / Qн, (7. 19) мұндағы: Шн-шығындардың нақты сомасы

Жоспардан артық қайтарылмайтын қалдықтардың бар болуы өнімнің тікелей қымбаттауына және оның шығарылымының азаюына әкеледі. Жоспардан артық қайтарылмайтын қалдықтардың бар болуы өнімнің тікелей қымбаттауына және оның шығарылымының азаюына әкеледі. Материалдық шығындардың сомасы қаншаға өскенін анықтау үшін қайтарылмайтын қалдықтардың жоспардан артық мөлшерін алғашқы материалдың жоспарлық бағасына көбейту керек. Бұдан кейін осы фактордың есебінен өнім шығарылымы қаншалықты азайғандығын және осының арқасында өнім бірлігінің өзіндік құны қалайша өзгергендігін анықтау керек. Есептеу әдістемесі алдағыға ұқсас келеді.

Бір материалды басқа материалмен алмастыру нәтижесінде өнім бірлігіне тұтынылған материалдардың мөлшері ғана өзгермейді, сонымен Бір материалды басқа материалмен алмастыру нәтижесінде өнім бірлігіне тұтынылған материалдардың мөлшері ғана өзгермейді, сонымен қатар, олардың құны да өзгереді. Өнім бірлігінің материалдық шығындары осыған байланысты қалайша өзгергендігін анықтау үшін алмастырылатын материалдың үлестік шығыны (М 1) мен алмасатын материалдың үлестік шығыны (М 0) арасындағы айырымды алмасатын материалдың бағасына (Б 0) көбейту керек, ал алмастырылатын материал бағасы (Б 1) мен алмасатын материал бағасы (Б 0) арасындағы айырымды алмастырылатын материалдың үлес салмағына (М 1) көбейту керек және нәтижелерді өзара бір-біріне қосу қажет: (7. 20)

Егер кәсіпорында сатып алынатын жиынтықтаушы бұйымдар мен жартылай фабрикаттар болса, онда кәсіпорын үшін кооперация Егер кәсіпорында сатып алынатын жиынтықтаушы бұйымдар мен жартылай фабрикаттар болса, онда кәсіпорын үшін кооперация қаншалықты тиімді екендігін анықтау керек. Бұл үшін сатып алу бағасы мен кәсіпорында бұйымды даярлаудың өзіндік құнын салыстырады. Егер сатып алу бағасы даярлаудың өзіндік құнынан төмен болса, онда бұйым немесе жартылай фабрикатты сатып алу тиімдірек болғаны. Өнімнің өзіндік құнын зерделеудің ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі үшін маңызы аса зор. Басқарушылық шешімдерді жасап шығару және жүзеге асыру ұйым қызметінің қандай-да бір саласындағы іс-қимылдарының жағдайы жөніндегі сәйкес ақпаратқа негізделеді. Өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жақтарын, оның жетістіктері мен кемшіліктерін сипаттайтын аса маңызды сапалық көрсеткіштердің бірі болып табылады. Өзіндік құнның деңгейі өнімнің көлемі мен сапасымен, жұмыс уақытының, шикізаттың, материалдардың, жабдықтардың пайдаланылуымен, еңбекке ақы төлеу қорының шығындалуымен және т. с. с. байланысты.

ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!! ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!