Kop_komponentti_sabaktas_kurmalasa_soylem (2).pptx
- Количество слайдов: 8
КӨП КОМПОНЕТТІ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР Орындағандар: Нұржанат НҰРЛАНОВА Гүлнұр МУХАШЕВА Хорлан СЕЙЛХАН
Көп компонетті сабақтас құрмалас сөйлемдер бір басыңқы, бірнеше (екі немесе одан да көп) бағыңқы компоненттерден құралады. Терезенің түбінен қатты жүрген аттылар өтіп, ауыл иті шабалаңдай үріп қоя бергенде , үйдегі шешелер ояу еді. (Х. Есенжанов).
Бұл құрылымда да (екі компонентті сабақтас құрмалас тәрізді) ұйымдастырушы компонет-басыңқы: Үйдегі шешелер ояу еді. Құрмалас сөйлем құрамында басыңқы сөйлемнің информативтік салмағы да, грамматикалық –ұйымдастырушылық салмағы басым болады.
Бағыныңқылардың басыңқы компонетпен байланысуы екі түрде болады: Жарыспалы байланысу Сатылай байланысу
Бағыңқы компненттер әрқайсысы өз тұсынан мағына жағынан да, формасы жағынан да тікелей бағыныңқымен байланысқа түсіп жатса, бұндай байланыс жарыспалы болып табылады. • Ашу кернеген оынң бет-аузы қыбырлап, денесі қалтылдап кеткендіктен, отырғандар одан әрі сөз таластырмады. (С. Мұқанов).
Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы бағыңқылар басыңқыменсатылы байланысып қатысады. • Тек бір тар жерге үшеуі бірдей қабаттасып, қақтығысып қалғандықтан, алдыңғы екі ешкі секіріп кеткенде, қос мүйізді шаңырақтай қартаң құлжа енді секіргелі қамданған еді. (М Әуезов).
Жарыспалы байланыс Қар кетіп, көк алғаш тебіндеп шығып, жер дегди бастағанда, Құнанбай Қарқаралыдан шығып Тобықтыға қайтты. Сатылы байланыс
Kop_komponentti_sabaktas_kurmalasa_soylem (2).pptx