Инвестиция.pptx
- Количество слайдов: 10
Кәсіпорынның инвестициялық – инновациялық саясаты.
Инновация – бұл практикалық қызметте қолданатын жаңа немесе жетілдірілген психологиялық үрдіс, нарықта іске асатын жетілдірілген өнім түрінде көрініс табатын инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі. Инновацияға капитал салымдары салынса, инвестиция пайда болады. ИННОВАЦИЯ Инновация – кәсіпорынның көптеген бөлімшелері қатысатын жаңалық енгізудің нәтижесі және қоршаған орта әсер ететін шығармашылық, кәсіпкерлік қызметтің нәтижесі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасының бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру ғылыми зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарды жүргізу, инновациялық жобаларды іске асыру және жоспарлау қажет.
Кәсіпорынның инновациялық қызметі – капитал салымдары түріндегі инвестицияны қажет етеді. Инновациялық қызметі ғылыми зерттеулер немесе күнделікті қызметте қолданатын технологиялық үрдіс жетілдірілген және жаңа өнімде басқа ғылыми техникалық жетістіктердің іске асуына бағытталған үрдіс. Инновациялық жоба – кәсіпорынның даму мақсатына жету уақытта, кеңістікте инновациялық үрдістерді ұйымдастыруға арналған іс – шаралардың жиынтығы және осы шараларды сипаттайтын, дәлелдейтін құжаттар пакеті. Жоба нысанындағы іс – шараларға нақты капиталды өсіру немесе пайда алу мақсатымен салынатын ақша қаражаттары инвестициялық жоба деп аталады. ИННОВАЦИЯ
Табыстылықтың белгіленген деңгейіне жету шарты бойынша дайындалатын және іске асатын инвестицияны қажет ететін инновациялық жоба бір уақытта инвестициялық жоба деп те аталады және инвестициялық – инновациялық жоба деп те аталады. Тиімді инвестициялық жобаларды таңдау мен бағалау жаңалыққа салынатын инвестициялық капиталдың экономикалық тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу негізінде алынады. Инвестициялық ресурстар, меншік, интеллектуалдық өнім, ал тар мағынада ұзақ мерзімді инвестициялық капитал салымдарын білдіреді. Инвестиция (I) әртүрлі саладағы кәсіпорындар, кәсіпкерлік жобалар, әлеуметтік – экономикалық бағдарламалар немесе инвестициялық жобаларға салынған ұзақ мерзімді капитал, яғни инвестициялар салынғаннан кейін айтарлықтай уақыт мерзімі өткенде табыс, әкеледі. Инвестицияға деген қажеттілік жоба үшін инвестициялау объектілері бойынша капиталдық салымдар нысанындағы ұзақ мерзімді инвестициялар көлемінің сомасы ретінде анықталады. ИНВЕСТИЦИЯ
Инвестицияға деген қажеттілік: Iқаж = I 01 + I 02 +. . . + I 0 n I 01, I 02 – сәйкесінше инвестиция қажет ететінинвестиция объектілері. Инвестиция қажет ететін сатистикалық көрсеткіштерді есептеуге негізделген динамикалық көрсеткіштер мен табыстарды, пайданы алудың , уақыттық құраушыларды ескермейтін инновациялық жобаларды бағалаудың бірнеше әдістері бар. ИННОВАЦИЯ Инновациялық жобаларды бағалау әдісі қарастырылып отырған жобалар ішінен ең перспективті жобаны таңдап алудың ережесі болып табылады. Барлық әдістер жобаны іске асырудан түскен болашақ ақшалай түсімдермен жоспарланатын инвестицияларды салыстыру және бағалауға негізделген.
Ақша қаражаттарының ағымының мөлшерін есептеудің тікелей әдісі – кіріс және шығыс баптары немесе бухгалтерлік шот бойынша ақша қаражаттары қозғалысына талдау жасауға негізделген әдіс болып табылады. Ақша қаражаттарының ағымы деп, белгілі бір уақыт мерзім ішінде ақша қаражаттарының түсімдері мен шығындары сомасының арасындағы айырманы айтамыз.
Инфляция үрдісіне байланысты ақша құны уақыт аралығында өзгеріп отырады. Уақыттың түрлі мерзіміндегі ақша ағымдарын салыстыру барысында дисконттау деп аталатын ақша қаражаттарын бағалау әдісі қолданылады, яғни болашақта алынатын ақша қаражаттарының қазіргі кездегі құнын бағалау. Дисконт - болашақтағы берілген құн мен оның қазіргі мөлшері арасындағы айырма. Дисконттық қойылым – әртүрлі уақыт мезетіне қатысты ақша сомасын бір мезетіне келтіру үшін дисконттауға қолданатын қарыздар қойылымы. Дисконт нормасы – тәуекел инфляцияның болжаулы орташа деңгейін көрсететін капиталдың табыс нормасы. Дисконттау құнның болашақта берілген мөлшерді құрау шарты бойынша оның ағымдағы уақыттағы құнын анықтау әдісі. ДИСКОНТТАУ
Болашақ құн – өз і құны бойынша бүгінг қүні белгілі бір сомаға тең, болашақтағы белгілі бір уақыттағы қолма – қол сома. Болашақ инвестициялард ың қазіргі таза құны деп, капиталдың салым формасындағы, инвестициялық жобадағы бүкіл болашақ инвестициялар бойынша күтулі таза құндар сомасының қазіргі құнын айтамыз. Ақша қаражаттарының дисконтталған ағымы деп, дисконттау қойылымының күтілетін мәніне сәйкесе отырып, ағымдағы ақша бірліктерінде есептелінген ақша ағымдарының болашақ мөлшері.
Болашақ ақша ағымдарының қазіргі немесе ағымдағы құнын анықтау үшін келесі формула қолданылады: Iн =Iб/(1+rd)t Iб = Iн*(1+rd)t Рн = Рб/(1+rd)t Рб = Рн*(1+rd)t Iн , Рн – инвестиция мен табыстың қазіргі кездегі (ағымдық) құны Iб , Рб - инвестиция мен табыстың болашақ құны rd – дисконттық қойылым t - ептеу мерзімінің жылдары немесе қадамдары
Инновациялық жобалау экономикалық тиімділігі – жобаны іске асырудан алынған нәтижені осы нәтижеге себепші болған инвестициялық шығындармен немесе нәтижеге жету үшін қолданылған ресурстармен өлшейтін қатысты шама. Инновациялық жобаны іске асырудан алынатын таза табыс және инвестицияның өтелу мерзімі. Инновациялық жобаны бағалаудың негізгі көрсеткіштеріне жататындар –таза табыс, таза дисконтталған табыс, таза ақша ағымы және капитал салымдары түріндегі инвестицияның өтелу мерзімі. Таза табыс деп, жобаны іске асыру барысында пайда болатын шығындарды алып тастағандағы әр жыл үшін алынатын табыс сомасын айтамыз. Таза табыс жоба аясында қолданылатын құрылғылардың амортизациясымен таза пайданың сомасы ретінде анықталады.
Инвестиция.pptx