италия.pptx
- Количество слайдов: 11
ИТАЛИЯ ӘДЕБИЕТІ
Италия әдебиетінде XX ғ. Габриэль Д`Аннунцио, Итало Звево, Луиджи Пиранделло, Филип¬по Томмазо Маринетти, Альберто Моравиа, Васко Пратолини, Дино Буццати, Умбер-то Эко секілді тамаша жазушылар дүниеге келеді. XX ғасырда Италия әдебиетінде футуризм, герметизм, веризм және неореализм сияқты түрлі бағыттар пайда болды. Италиялық футуризм техникаландандырылған қоғам өмірімен ерекшеленеді. 20 -40 жылдары Италия поэзиясында герметизм бағыты пайда болды, бұл бағыт¬тағылар: Эудженио Монтале, Джузеппе Унгаретти және Сальваторе Квазимодо. Веризм (италия тілінде Yerismo – шындық, шыншыл) – италиялық реализм нұсқасы. Әлемдік резонанс италиялық неореализм бағытына ие болды. 40 -50 жылдары неореализм бағытында италиялық кино және әдебиет саласында көптеген қайраткерлер шықты.
ГВИДО ГВИНИЦЕЛЛИ
Гвидо Гвиницелли (1230 -1274) тұрған. Италияның әдеби тарихында Г. Гвиницелли шығармашылығы - жаңа заманға жақын келетін алғашқы ұлы ақындардың бірі. Оның өмірі жайлы мәліметтер көп емес. Ол Болоньеде дүниеге келіп, сол жердегі университетте білім алып, әкесі сияқты заңгер болады. Гвиницелли оған жау болған саяси партия оны өзінің туған қаласынан қуып жібергеннен кейін көп уақыт өтпей-ақ жастайынан қайтыс болады. Оның шығармашылығы кейінгі заманға өшпес мұра болды. Ол ақындар жырлап жүрген махаббат тақырыбына жаңа әр беріп, жоғарғы, рухани жалпы адамның тұтас сезімдерін суреттеді. Жаңа поэзия үшін күрес Гвиницеллиден бастау алып, про¬ванстық трубадурлардың ұмыт болған мұрасын қайта жаңғырту ұранымен ақынның флоренциялық ізбасарлары мен олардың шәкірттері, сицилиялық мектептің сарай ақындары арқылы жалғасын тапты. Сонымен қатар Гвиницелли мен басқа да «Жағымды жаңа стиль» ақындары бюргерлік дидактиға тән діни-спиритуалистік тенденциялармен күресе отырып, ХІІІ-ХІY ғ. Италияның қалалық және халық мәдениетінің ажырамас бөлшегіне айналған антикалық әдебиеттің ескерткіштерін де ескеріп отырған. .
Гвиницеллидің куртуаздық лириканың шекарасынан шығып, өзінің жеке поэтикалық тілі мен стилін құруына классикалық ежелгі дәстүрлерге деген жаңа көзқарасы себеп болады. «Жаңа стильдің» «жағымдылығы» оның әуенінде емес, ондағы ішкі үйлесімділік пен ой мен форманың, мазмұн мен поэтикалық тілдің, тіл мен стильдің бір-біріне деген поэтикалық сәйкестігінде жатыр. Гвиницеллидің канцоналары дидактикалық тұрғыда жазылмаған, онда ешнәрсе дәлелденбейді және насихаттанбайды. Оның шығармаларында идея поэтикалық тұжырымдамаға айналған.
ГВИДО КАВАЛЬКАНТИ
Гвидо Кавальканти (шамамен 1260 -1300) Флоренциядағы «Жағымды жаңа стиль» мектебін басқарған. Ол Флоренцияда атақты әулетке жататын отбасында дүниеге келген. Флоренция «ақтар» мен «қаралар» деп екіге бөлінген, Гвидо «ақтар» жетекшісі болған. Оның Корсо Донати бастаған «қаралар» тобы арасындағы ұрысы қаланың тыныштығын бұзған¬дық¬тан кейін, үкімет екі топтың да жетекшілерін қуғынға ұшыратады. Кавальканти кешірім алғанымен, айдауда жүріп қатты науқастанады да, Флоренцияға қайта оралған соң, 1300 жылдың тамыз айында қайтыс болады. Кавальканти Аристотель мен арабтардан қалған жаратылыстану ғылымдарындағы теорияларды, медицина мен логиканы терең меңгерген. Ол рухтың мәңгілік екенін жоққа шығарып, жұмақ пен тозаққа, о дүниедегі өмірге сенбеген. Қарапайым халық пен білімді бюргерлердің көз алдында Кавальканти нағыз құдайсыз адам болған. Оның Мадонна мүсінінің құдіретті күшін келеке ететін «Менің Мадоннамның сұлу жүзі» атты сонетасы ақынның абыройын арттыра түседі. Оның туындыларында «қайғы» , «азап» , «сағыныш» , «зарығу» , «қорқыныш» , «махаббат» пен «өлім» деген сияқты сөздер жиі кездеседі. Кавалькантидің лирикасында бұл сөздер тек ұйқастық (Amore – Morte) үшін емес, сонымен қатар жалпы адам тұжырымдамасы мен оның жер бетіндегі трагедиясын суреттеу үшін қолданылады.
ДАНТЕ АЛИГЬЕРИ
Данте Алигьери. Әлем әдебиетінің қалыптасуының Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі тарихи оқиғалар мен жаңа идеяларды «Құдіретті комедия» атты шығармада кеңінен сипаттаған Данте туралы Ф. Энгельс былай деген: «Ол - ортағасырлық феодализм соңы мен жаңа капиталистік дәуір¬лер тоғысында өмір сүрген ұлы тұлға. Данте – орта ғасылардың соңғы, ал жаңа заманның алғашқы ақыны» . Данте Флоренцияда 1265 жылдың мамыр айында дворяндық отбасында дүниеге келген. Оның тегі дворяндық болғанымен, ол гвельфтер отбасынан шыққан. Флоренциядағы гвельфтерді «пополо» халқы қолдап отырған. Жасынан теология, философия, астрономия мен ортағасырлық схоластиканы терең меңгерген ақын Флоренцияның саяси өміріне де белсенді араласқан. Ол көпестердің мүддесін жоқтаған «ақтар» партиясының құрамында болды. 1293 жылы Флорен¬цияда «әділеттілік ұстанымдары» атты сол кездегі Еуропаның ең демокра¬тиялық конституциясы жарық көреді. Дантенің жастық шағы гвельф республикасының гүлденуімен сәйкес келеді. «Жағымды жаңа стиль» мектебінің ең жарқын шығармасы Дантенің «Жаңа өмірі» болды. Ол арқылы «Жағымды жаңа стиль» дамып қана қоймай, көптеген жетістіктерге де қол жеткізеді.
ФРАНЧЕСКО ПЕТРАРКА
Франческо Петрарка (1304 -1374) – көрнекті ақын, ойшыл, ғалым. Оның шығармашылығында Италиядағы қайта өркендеу дәуірінің ерекшеліктері айқын сезіледі. Петрарка 1304 ж. 20 шілдеде Ареццо қаласында дүниеге келген. Оның отбасы 1312 ж. Авиньонға қоныс аударады. Петрарка жас кезінен рим әдебиетін көп оқиды. Әкесінің айтуы бойынша, ол әуелі Монпельеде, соңынан Болонья университетінің заң факультетінде оқыған. 1326 жылы Петрарка әке-шешесінен айырылғаннан соң заңгер қызметінен бас тартып, Авиньонда дін қызметкері болып тағайындалады да, Папаның сарайына жақындайды. Оның материалдық жағдайының жақсаруы ақынға ренессанстық гуманизмнің болмысы жағынан антиклерикалдық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Көп ұзамай ол өз заманындағы әйгілі ақындардың біріне айналып, оның алдына барлық Авиньондағы аристократиялық үйлердің есігі ашылады. Мұндағы асқан байлық пен екіжүзділікті Петрарка бірнеше шығармаларында әшкерелеген 1327 ж. Петрарка әулие Клара шіркеуінде сұлу әйел¬мен кездеседі. Оған арналған өлеңдері Лаура деген атпен тарихта қалады. Бұл әйел туралы нақты мәлеметтер сақтал¬маған, бірақ ақынның оған деген махаббаты өмірінің соңына дейін сақталады. Негізінен Петрарканың шығармашылығын 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады. 1318 -1333 – оның білім алу жылдары. Петрарканың ең ерте жеткен өлеңдері латын тілінде жазылған, бірақ 20 -шы жылдары Петрарканы Цицерон және Вергилийге қарағанда, өзінің халық тілінде жазған ақындар қызықтырған. Оның поэтикалық негізі кейінгі «жаңа стиль¬мен» байланысты болған
италия.pptx