17_d_1241_ris_Gormondar-2.pptx
- Количество слайдов: 21
Гормондардың кальций иондары, ИТФ және ДАГ арқылы әсер етуі. Гормондарың екіншілік және үшіншілік механизмдер арқылы әсер етуі. Биохимия кафедрасы Жақыпбекова С. С.
Дәрістің жоспары • Гормондардың кальций иондары арқылы әсер етуі. • ИТФ пен ДАГ арқылы әсер етуі. • Гормондардың екіншілік механизм арқылы әсер етуі. • Гормондардың үшіншілік механизм арқылы әсер етуі.
Гормондардың кальций иондары арқылы әсер етуі • Кальцийдің концентрациясы жасуша сыртында (10 -3 моль/л) жоғары, ал цитозольде оның молшері төмен (10 -7 моль/л) болады. Са 2+ кейбір нейрогормоналды сигнал келгенде жасуша сыртынан кальций каналдары арқылы және жасуша ішілік қордан (эндоплазматикалық ретикулум мен митохондриядан) жасуша ішіне түседі.
Цитозольде кальций кальмодулин деген белокпен комплекс түзеді. Ол қалыпты жағдайда өзінің 4 орталығымен магний иондарымен байланысқан күйде болады. Кальций цитозольда көбейгенде, ол магний иондарын ығыстырып шығарады. Са 2+ азырақ көбейсе Са 2+ , Mg 2+ -кальмодулин комплексі түзіліп, АЦ-азаны активтендіреді, Са 2+ концентрациясы өте көп болғанда 4 Сакальмодулин комплексі ГЦ-азаны активтеп, ц. ГМФ мөлшерін көтереді.
Сонымен бірге, Са-кальмодулин комплексі Са-кальмодулинге тәуелді протеинкиназаны және мультифункционалды кальмодулин киназаны активтейді. Бұл ферменттер фосфорлау арқылы көптеген жасуша ішілік ферменттердің активтілігін өзгертеді.
Кальмодулин көптеген Сабайланыстырушы белоктардың суббірлігі болады. Мысалы, кальмодулин бұлшық еттегі фосфорилаза b-ның киназасының суббірлігі және тропонин С-ның аналогы болып, бұлшық еттердегі гликогенолизді және олардың жиырылуын қамтамасыз етеді.
ИТФ және ДАГ арқылы әсер етуі • Вазопрессин, паратгормон, тиреотропинрилизинг гормоны өз рецепторларымен байланысып, мембраналық фосфолипаза С-ны активтендіреді. Фосфолипаза С мембранадағы фосфатидилинозитол-4, 5 бисфосфатқа әсер етіп инозитолтрифосфат (ИТФ) пен диацилглицерин (ДАГ) түзеді. ИТФ эндоплазматикалық ретикулумдағы өзінің рецепторларымен байланысып
ДАГ пен ИТФ түзілуі
кальцийдің цитозольға шығуын стимулдейді. • ДАГ мембраналық Са-тәуелді протеинкиназа С-ны (Пк. С) активтейді. Бұл фермент жасуша ішілік ферменттерді фосфорлап, олардың активтілігін өзгертеді. Пк. С ядро белоктарының фосфорлануына әкеліп жасушалардың пролиферациясын күшейтеді.
ИТФ пен ДАГ арқылы
Екіншілік әсер ету механизмі Бұл механизм бойынша мембранадан жеңіл өте алатын липофилді гормондар (стероидты және тиреоидты (Т 3 ) гормондар) әсер етеді. Олардың рецепторлары цитозольда немесе ядрода орналасады. Гормон-рецептор комплексі ядрода хроматиннің реттеуші белоктарымен байланысып транскрипцияны арттырады.
Екіншілік механизм
• Гормон-рецептор комплексі реттеуші генмен тікелей байланысуы мүмкін. Белок репрессор түзілмейді. Геноператор бос қалады. Ген-промотор РНҚ -полимеразамен байланысып, құрылымдық гендерде м-РНҚ түзіледі. Түзілген м-РНҚ цитозолға түсіп, рибосомамен матрицаны түзеді, белоктар мен ферменттердің синтезі күшейеді де, олардың концентрациясы көбейеді.
• Бұл гормондардың эффектісі біршама уақыт өткеннен кейін ғана байқалады. Сондықтан оларды бейімділік (адаптациялық) гормондары деп атайды.
Үшіншілік әсер ету механизмі Бұл механизм бойынша инсулин, СТГ (соматотропты гормон), пролактин (ЛТГ), вазопрессин (антидиуретикалық), тироксин (көп мөлшерде болғанда) әсер етеді. Бұл гормондардың рецепторлары плазматикалық мембранада орналасады және олар тирозинкиназды-фосфатазды жүйенің активтілігіне әсер етеді. Тироксиннің рецепторлары митохондрияның мембранасында орналасады.
СТГ мен пролактин рецепторларымен байланысқанда цитозольдық тирозинкиназа активтенеді. Ол әртүрлі ферменттерді (митоген активтеуші протеинкиназаны, транскрипция факторын) активтейді, ізінше жасушалардың пролиферациясы (өсіп-өнуі, көбеюі) күшейеді. Сонымен бірге, бұл гормондар фосфолипаза С-ны және протеинкиназа С-ны активтейді.
Вазопрессин бүйрек түтікшелеріндегі рецепторымен байланысқанда цитозольде орналасқан белок аквапорин мембрана құрамына кіріп, су каналдарын түзіп, біріншілік зәрден су реабсорбциясын арттырады. Сондықтан бұл гормон жеткіліксіз болғанда қантсыз диабет пайда болады. Бұл ауру кезінде зәрмен өте көп сұйықтық бөлініп шығады. Сыртқы белгілері қантты диабетке ұқсаған.
Инсулиннің әсер ету механизмі Инсулиннің рецепторлары плазматикалық мембранада орналасқан. Оның рецепторы – гликопротеин, тетрамер. 2α және 2β-суббірліктерден тұрады. 2αсуббірліктері мембрананың сыртында орналасып инсулинмен байланысады. Нәтижесінде 2β-суббірліктер тирозинкиназалық активтілікке ие болады. Инсулиннің рецепторы аутофосфарлануға қабілетті.
Инсулиннің рецепторы
Яғни 2β-суббірліктер аутофосфорланады. Ізінше β-тізбектерінің активті тирозинкиназасы мембраналық және цитозольдық протеинкиназалардың фосфорлану-дефосфорлану реакцияларын активтендіреді. Ізінше кейбір ферменттер, белоктар активтенеді немесе тежеледі, глюкозаның жасушаларға тасымалдануы, нуклеин қыш-ң, белок синтезі, жасушалардың бөлінуі, жетілуі жоғарлайды.
Глюкозаның жасушаларға тасымалдануына ГЛЮТ деген белок қатысады. Бұл жасуша ішілік белок. Инсулин рецептормен байланысқанда ГЛЮТ мембрана құрамына кіріп глюкозаның сыртынан жасуша ішіне транслокациясына әкеледі. Өте маңызды бұлшық еттер мен адипоциттердегі ГЛЮТ-4 тасымалдаушысы. Инсулин жасушаларға амин қ-ң, иондардың, пуриндік, пиримидиндік негіздердің түсуін қамтамасыз етеді.
17_d_1241_ris_Gormondar-2.pptx