Дошкольные образовательные учреждения.ppt
- Количество слайдов: 9
Германиядағы мектепке дейінгі тәрбиелеудің тарихи аспектілері Германияда алғашқы кішкентай балаларға арналған ұйым ХІХ ғасырдың басында пайда болған. Оның негізгі қызметі – өндірістік жұмысшылар жұмыста болғанда балаларын қарау болды. Балаларды тәрбиелеуде бағдарламаға білім беруді кіргізу атааналарды қызықтырмады. 1840 жылы Ф. Фребель ашқан жаңа институттар Kindergarten деген атауға ие болып, ақылой педагогикалық аспектілері мен эстетикалық тәрбиеге негізделіп құрылды. Ф. Фребельдің ойынша балабақша отбасындағаы тәрбиені толықтырып, баланы шығармашылық және қоғамдық дамыту керек. 1945 жылы Шығыс Германияда балабақшалар ашыла бастады және де оларды мектепке даярлық ұйымдары ретінде қаралды. 1965 жылы білім беру жүйесіне енгізілді. Volkswolilfahrt социолисттік қоғамдық ұйымы балабақшаларды қамсыздандыратын әлеуметтік қайырымдылық қорларын басып алғанға дейін (1933 жыл) балабақшалар жұмысы жалғасты. Ғылыми ұйымдардың қолдауымен пилоттық жоба құру бойынша дамытушы бағдарламалар құрылды.
Мектепке дейінгі білім беру құрылымы Германияда мектепке дейінгі ұйымның келесідей түрлері бар: - 3 -тен 6 жасқа дейінгі балалар үшін арналған толық немесе толық емес күндік балабақшалар; - бір топтық мектепке дейінгі ұйымдар (ересек мектепке дейінгі балаларға арналған); - мектепке даярлық топтар (5 жастағы балаларға арналған); - 5 жастағы балаларды оқытып, тәрбиелейтін мектепке негізделген даярлық сыныптары. - 3 жастан 6 жасқа дейінгі дені сау балаларға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін интернаттар; - денсаулығы мен дамуында қиындықтары бар балалар үшін интернаттар; -аналар орталығы.
Германияда тәрбиешілер орта мамандандырылған оқыту ұйымдарында оқиды; Маман дайындау 3 этаптан тұрып, 5 жыл жүреді: - Бірінші этапта болашақ мамандар 2 жыл бойы тәжірибелі педагог жетекшілігімен мектепке дейінгі ұйым өміріне қіріп, әр түрлі жұмыс түрлерін орындайтын практикалық тәжірибеден өтеді; - Екінші этап – 2 жыл бойы теориялық білім; -Үшінші этап – 1 жылдық қорытынды практика. Әр жыл сайын тәрбиешілер білікті арттыру курстарын 5 -6 рет өтеді; Балабақшада барлығы 7 -10 педагог және 1 -2 тәжірибеден өтуші жұмыс атқарады; Әр педагогқа әр түрлі жастағы 20 -25 бала тапсырылған; Германиядағы педагог жұмысындағы ерекшелік ішкі қадағалаушы биліктің жоқтығы.
Жұмыстың мақсаты мен бағыты 1990 жылғы заң бойынша мектепке дейінгі ұйым мақсаты – баланы жеке дамытып, тәрбиелеу және білім беру. Мектепке дейінгі білім беруде белгілі білім салалары, апталық сағаттар және сабақ жоспарлары бойынша белгілі тәртіптер жоқ.
Балабақшада 3 -тен 6 жасқа дейінгі балалармен жұмыс істеу кезіндегі педагогикалық іс-әрекет келесідей бағыттарда жүреді: Тіл дамыту, қаріп, қарым-қатынас математикалық білім , табиғат , технология негіздері( ақпаратты қоса алғанда ) ; жеке және әлеуметтік даму , моральдық-адамгершілік құндылықтар / діни білім беру жүйесі ; бұқаралық ақпарат құралдарымен музыкалық дамыту / емдеу; адам ағзасы , қозғалыс және денсаулық; Әлеуметік және тірі қоршаған орта 6
Қызықты фактілер Германияда Балабақша - кішкентайларғаарналған клуб тәрізді, ерте ашады және сағат 2 -ге дейін жұмысты тоқтатады. Бақшада балалар түскі ас ішпейді. Осындай маңызды салтты бала отбасында өткізу керек, себебі бала отбасынан ажырағандай сезінуі мүмкін. Германияда балалар (8 жасқа дейін ) теледидар көрмейді, оны қоспайды немесе үйде жоқ , неміс ата-аналар ереже ретінде ұстанады: қаншалықты ұзақ уақыт бала теледидар көрмесе, соншалықты оның денсаулығына жақсы. Балаларға арналған арналар болғанына қарамастан, кейбір ата-аналар балаларына күніне 15 -30 минут теледидар көруге мүмкіндік береді. Германияда Мектепке дейінгі білім беру өте танымал емес. Немістің ата-аналары "Баланы мектепте оқытады" деп есептейді. Баланы бірнеше сағатқа «Ойын тобына» әкелу анасы үшін демалыс деген мағына емес. Балалар аналардың немесе Күтуші қатысуымен уақытын өткізеді.
Мектепке дейінгі білім беру 5 -6 жастағы балаларға арналған. Бұл мектепке дайындық. Литвада мектепке дейінгі білім беру бұл - ясли мен балабақшалар. Литвада ясли мен балабақшалар мемлекеттік және жеке, сондай-ақ арнайы бағдарлама бойынша (мысалы, motessori балабақшасы ) жұмыс істейді. Литвада 6 -7 жасқа дейін балалар үйде немесе үйде және мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленеді.
Ұйымдар Ясли бақшасы: 3 жасқа дейінгі балалар яслиға бара алады. Бір топтағы балалардың саны 15 адамнан аспауы тиіс. Балабақшалар: 3 -5 жастағы балалар балабақшаға бара алады. Балабақша тобында балалар саны 20 адамнан аспауы тиіс.
Назарларыңызға рахмет!
Дошкольные образовательные учреждения.ppt