Синтаксис.pptx
- Количество слайдов: 15
ЕСІМШЕ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖАСАЛАТЫН САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР
Ғалымдар пікірі Бағыныңқы сөйлем баяндауышы қызметін барлық септіктегі есімше атқарады. Мұндай ролді есімшелердің кейбір септік формасы ғана атқарады. Сабақтас бағыныңқы құрмалас сөйлемде есімшелі және көсемшелі оралымды сөйлемдерді жатқызбайды.
Есімшелер осы септіктердің тұлғасында ғана келіп бағыныңқының баяндауышын қабылдайды: Барыс Жатыс Шығыс Көмектес
Қасиетін Шақтық қызметін Предикати втілігін Басқа мүшелер ді меңгеру қабілетін сақтайды
Мысалдар: üОл келгенде, мен үйде жоқ едім. üЖақсы жауап бергендіктен, мұғалім оған бес деген баға қойды. üҚыстың басы тақау болғанмен, қар әлі түсе қойған жоқ (М. Әуезов).
Р. ӘМІР • Мезгілдік, қарсылықты: Өзім ит болғанда, нәсілім адам ғой, ішіме симай барады (Ғ. Мұстафин). • Шарттық: Кемпірім ашулы, оны жібергенімде, сендерді түгел түтіп жейтін еді (Қ. Мұхамеджанов).
Есімшелер мен көсемшелердің жай сөйлемді құрмаластыру жолдары бірдей емес. Көсемше Бағыныңқы сөйлем баяндауышы құрамындағы көсемше ешқандай қосымша тәсілсіз, формасыз жай сөйлем құрмаластыру функциясын атқара алады Есімшелерде ондай қасиет жоқ.
1. Жатыс септік жалғаулы а) мезгіл: Жанат ішкі үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды. ә) шарт: Егер 10 минут кешіккенде, атқа да мініп үлшермейді екенбіз. 2. Көмектес септік қарс. Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді. 3. –ша, -ше жұрнақты формада а) мезгіл: Жасақшылар жеткенше, үй иесі дайын отырды. ә) салыстыру: Көп істеп, шала бітіргенше, аз істеп бабына келтір.
Есімше формасы арқылы құрмаласатын сабақтастардың негізгілері: мезгіл және себеп бағыныңқылар. Сондай-ақ бұл формалар арқылы шарттық, қарсылықты қатынастағы құрмаластар да жасалады.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастар. Бағыныңқы компоненті басыңқы компоненттегі іс-әркеттің мезгілін білдіретін сабақтастың бұл түрін жасауға есімшенің жатыс, шығыс септікті формалары жиі қолданылады. Бұл септік формасы –ған-ген және –ар-ер-р, тын-тін формалы есімшелерге жалғанып, компоненттер арасында мезгілдік қатынастың түзілуіне ықпал етсе, есімшенің аталған формалары кезде, шақта, соң, сайын, кейін, бері, былай шылауларымен тіркесіп те осы мәнді білдіреді.
Бір мезгілдес Мезгілдік мәндегі сабақтастар Әр мезгілдес
Шай ішіліп болған кезде, бала да оралып келіп қалды. Жолаушылар аттанып кеткеннен кейін, кешқұрым бұлар көш қамына кірісті.
Себеп бағыныңқылы сабақтас: Ең жақын адамы айтқан соң, расында да ойланып қалды. Қымбат сырласындай жақсы көретіндіктен, оның сөзі әрдайым шынайы көрінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер: O Ермекова Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі. – Астана: Фолиант, 2011 O Р. Әмір, Ж. Р. Әмірова. Құрмалас сөйлемдер қазақ тілінің грамматикалық, функционалдық жүйесінде. – Алматы: Қазақ университеті, 2009
Назарларыңызға рахмет!
Синтаксис.pptx