Лекция 9 Интернет.ppt
- Количество слайдов: 23
Дәріс тақырыбы: Глобальды компьютерлік желі INTERNET Дәріс жоспары 1. Интернет құрылымы және жұмыс принципі 2. Интернеттегі мекен-жай 3. Интернетке қосылу 4. Интернет қызметтері 5. Іздеу жүйелері
Интернет дегеніміз не және ол не үшін қажет Интернет – миллиондаған компьютерлерді үлкен желілердің желісіне біріктіретін ең үлкен және ең танымал желі. Интернет сөзі халықаралық желі ұғымын білдіреді (INTERnational NETwork), бұл оның ең дұрыс анықтамасы болып табылады. Интернет – бұл бар әлемнің компьютерлері мен серверлерінің жиынтығы. Бұл желі клиент-сервер, себебі онда ақпаратты сақтайтын серверлар бар және сіз басқа компьютерлерден ақпарат аласыз. Интернетке миллиондаған клиенттер және серверлар біріктірілген, ал қол жетімді ақпарат көлемін бағалау тіпті қиын.
Желі құрылымы
Интернеттегі мекен-жай Атаулардың Доменді қызметі (DNS - Domain Name System) әрбір компьютерді атымен атауға мүмкіндік береді. Желіде миллиондаған компьютерлер бар, және атаулар қайталанбас үшін олар тәуелсіз домендармен ажыратылған. Осылайша, компьютер адресі нүктемен ажыратылған бірнеше домендер сияқты көрсетіледі: <сегмент n>. … <сегмент 3>. <сегмент 2>. <сегмент 1>. Мұнда сегмент 1 – 1 деңгей домені, сегмент 2 – 1 деңгей домені және т. б. Доменді атау – бұл идентификация үшін осы қызметті жеткізуші өзіне таңдап алған теңдессіз атау, мысалы: ic. vrn. ru немесе yahoo. com
Домендік мекен-жайды қолдану мысалы Домендік мекен-жай (домендік атау) www. microsoft. com – бұл microsoft. com доменіндегі www атаулы компьютер. Microsoft – бұл фирма атуы, com – бұл коммерциялық ұйымдардың домені. Www компьютер аты бұл компьютерде WWWсервис барын білдіреді. Бұл ірі фирмалардың серверларының мекен-жайының стандартты түрі (мысалы, www. intel. com, www. amd. com және т. б. ). Компьютерлер атаулары әртүрлі домендерде қайталануы мүмкін. Сондай-ақ, желідегі бір компьютер бірнеше DNS-атауға иеленуі мүмкін.
Қажетті Web-беттің орны URL (Uniform Resource Locator) мекен-жайымен анықталады. URL мекен-жайының форматы келесі құрылыммен көрсетуге болады: Протокол Мекен-жайдың домендік бөлігі Файл аты http: //www. microsoft. com/internet. html Сервер аты Домен аты
Интернет желісіндегі жиі кездесетін компьютер атаулары: n n Интернет желісіндегі сервер – бұл желі тұтынушыларына қызмет етуді қамтамасыз ететін компьютер. Қарапайым сервер – бұл аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандырудың жиынтығы. Сайт – өзара сілтемелермен байланысты Интернеттегі құжаттар жиынтығының жалпылама атауы. Шлюз (gateway)- бұл әртүрлі протоколды екі желіге байланысуға мүмкіндік беретін компьютер немесе арнайы бағдарламалық қызметі бар компьютерлер жүйесі. Үй парағы – бұл нақты тұтынушының немесе ұйымның дербес Web-беті
Интернетке қосылу n n Қосылу үшін негізгі 5 құраушы қажет: 1. Дербес компьютер. 2. Модем- компьютердің сандық ақпаратын телефон сымдары арқылы жіберілетін сигналдарға түрлендіруді қамтамасыз ететін қондырғы. Оның атауы негізгі функциялардан шыққан – модулдеу (modulation) – жіберу кезінде сигналды түрлендіру және демодулдеу (demodulation) – қабылдау кезінде кері түрлендіру. 3. Бапталған бағдарламалық қамтамасыздандыру. Қосылу үшін компьютер арқылы телефон номерін теруге және Интернет желісіне қосылуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар керек (мұндай бағдарламалар қазіргі операциялық жүйелерге кіргізілген). Компьютерді модем арқылы Интернетпен байланыс орнату үшін драйвер деп аталатын бағдарлама пакеті керек. Web-беттерді қарау үшін Интернетте ақпаратты қарауға арналған арнайы бағдарлама – браузера (browser) қажет.
n n 4. Байланыс желісі. Әдетте бұл дербес компьютерлер және провойдер арасында сандық қосылысты орнататын телефон желісі немесе ISDN (Integrated Services Digital Network) байланысы. Линия ISDN байланысы ақпаратты алдын ала модем арқылы аналог формаға түрлендірмей-ақ жібере алады, бұл алмасу жылдамдығын арттырады. Телефон байланыс желісі егер ол күні бойы провайдерлер мен абоненттерді Интернетке қосылу үшін біріктірсе, ерекшеленген деп аталады немесе егер ол Интернетпен тек байланыс сеансы кезінде ғана байланыстырса, коммутациялы деп атайды.
n 5. Провайдер (ISP -Internet Service Provider)) – бұл Интернет желісіне қосылуға мүмкіндік жасайтын ұйым, Интернет қызметі. Провайдер жергілікті және ұлттық болуы мүмкін. Ол қажетті бағдарламалық қамтамасыздандыруды, электронды пошта мекен-жайын және Интернеттің басқа да мүмкіншіліктеріне қол жеткізеді. Интернетке кіру қызметі әдетте ақылы болып саналады.
Интернет қызметтері Бүкіләлемдік Тор: әдетте WWW (World Wide Web) немесе веб, веб-браузерде қаралатын көптеген арнайы жасалған беттер болып көрінеді. FTP қызметі (Файлдарды жіберу): файлдарды бір компьютерден басқасына орын ауыстырады немесе көшіреді. Интернет бойынша деректерді жіберуді басқаратын протоколдар бар, мәселен файлдарды жіберу протоколы (File Transfer Protocol, FTP).
Full Usenet Access Usenet Жаңалықтары (Usenet News): қандай да бір тақырыптағы мақалалармен алмасатын, бағдарламалық өнімдерге қолдау көрсететін немесе түрлі сұрақтарға жауап беретін компьютерлер желісі. Жаңалықтық топтар (newsgroups): дискуссия жүргізу үшін және жаңалықтармен алмасу үшін ұйымдастырылған USENET-тегі желілік конференция. Хабарламаны оқу және жіберу тұтынушы компьютерінде қосылатын және жаңалықтар серверімен біріктіретін бағдарламамен жүзеге асады.
Почтовая служба Электронды пошта: немесе e-mail, Интернеттің барлық желісінде қол жетімді. Ол адамдарға файлдарды бүкіл әлем бойынша жылдам жіберуге мүмкіндік береді. Бұл қарапайым мәтіндік жазба немесе графика қосылған немесе басқа мазмұн болуы мүмкін.
Microsoft Net Meeting — бұл өзіндік бағдарлама, оның көмегімен тұтынушы мыналарды орындай алады: барлық мүмкін форматтағы электронды конференциялар және видеоконференциялар жасау және сәйкес қондырғы болуы тиіс. MSN сияқты Messenger, Net Meeting да Outlook-қа интеграцияланған, бұл негізгі бағдарламадан шықпай оның барлық мүмкіндіктерін қолдануға мүмкіндік береді.
Telnet – бұл Internet ақпаратты технологияларының ескі түрлерінің бірі. TELNET (ағыл. TELecommunication NETwork) — желі бойынша мәтіндік интерфейсті орындау үшін желілік протокол. Ол RFC (Request For Com-ments) деп аталатын желі материалдарының стандарттар санына кіреді. Тelnet деп мыналардан тұратын триаданы айтады: n n n telnet-тұтынушы интерфейсі; telnetd-процесс; TELNET-протокол.
Чаттар Реал уақыт режиміндегі топтық дискуссиялар Chat деп аталады. Оның аналогы түрлі топтар түрлі тақырыпқа сөйлесу үшін қонақтардың құрайтын көп адамды кеш болып табылады. Әркім кез клген топты таңдауға, тыңдауға, сөйлеуге, өз тобын үйымдастыруға немесе тек біреумен ғана сөйлесуге ерікті.
Іздеу жүйелері n n Іздеу жүйесі – бұл олар таба алатын Интернет ресурстарын автоматты қарайтын қуатты компьютерлер және бағдарламалар комплексі. Іздеу жүйелері іздеу эффективтілігі, іздеу тілі (орыс, ағылшын және басқа) және басқа мүмкіндіктері бойынша ажыратылады. Іздеу нәтижесі қажетті ақпараттан тұратын құжатқа гиперсілтемелер болып табылады.
n Интернетте іздеу жүйесі арқылы ақпаратты іздеу үшін оның электронды мекен-жайын теріп немесе осы жүйеге гипермәтінді сілтемені қолданып WEB – бетіне өту керек n Іздеу жүйелері екі түрде болады: әмбебап және арнайы. Кеңінен таралған қазіргі іздеу жүйелері өзінде екі түрді де жинақтайды.
n n Әмбебеап жүйелерде құрылымсыз құжаттарда қарапайым іздеу принципі кілт сөздер бойынша қолданылады. Құжаттың кілт сөзі (Keyword) деп берілген құжаттың мазмұнын бейнелейтін жеке сөз немесе сөз тіркесін айтады. Арнайы анықтамалық қызметтер - бұл серверлер адресі туралы құрылымды мәліметтер жинақталған тематикалық каталогтар.
n n n n n Халықаралық ақпараттық ресурстарда ақпаратты іздеудің келесі жүйелері кеңінен белгілі: Alta Vista (http: //www. altavista. com/); Google (http: //www. google. com/); Yahoo (http: //www. yahoo. com/); Infoseek (http: //www. infoseek. com/); Hot Bot (http: //www. hotbot. com/)/. Ресейлік ақпараттық ресурстарда ақпарат іздеу үшін: Яндекс (http: //www. yandex. ru/). Рамблер (http: //www. rambler. ru/); Апорт (http: //www. aport. ru/).
Яndex
Rambler
Лекция 9 Интернет.ppt