мпс каз.яз..ppt
- Количество слайдов: 21
Бүйрек және несеп шығару жүйесінің клиникалық тексеру әдістері. Негізгі шағымдары : 1. Ауырсыну. • Ауырсыну тұйық (бүйрекке тас байланғанда), • сыздап (пиелонефтитте, гломерулонефритте) , • кесіп ауырсыну (циститте, уретритте), • аяқ асты және тек бір жағы ғана ауырса ол бүйрек • инфарктісінде байқалады, • уретритте ауырсынудан басқа ашу пайда болады. • Ашу зәр шығару алдында және зәр шығару кезінде болады.
2. Ісіну. • Ісіну бүйрек ауруларында жедел және созылмалы нефритте кездеседі. • Бүйректік ісінудің жүректік ісінуден өзіндік айырмасы бар. • Олар: бүйрек ісігі тез басталып тез ойылады, ісік басталғанда адамнын бетінен басталып жоғарыдан төмен қарай түседі. • Ісіну әсіресе таңертең болады, ісіну тек теріде емес тері астында да ішкі мүшелерде де болады.
3. Бас ауру. • Бас айналу әсіресе артерия қан қысымының көтерілуімен байланысты. • Бұл жедел және созылмалы гломерунефритте кездеседі. Қан қысмының жоғары болуы байқалады. 4. Зәр шығарудың бұзылуы және қиындауы. Кейде тәуліктік диурездің ырғағының бұзылуы және жалпы зәр шығарудың қиындауы болады. Бұл жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде пайда болады.
Несеп бөлу бұзылудың түрлері: 1. Полиурия. Зәрдің екі литрден көп бөлінуі, қантты диабетте. 2. Олигурия. Зәрдің 500 млден де аз бөлінуі, гломеронефритте. 3. Анурия. Зәр бөлінудің тоқтауы немесе 50 млден де аз бөлінуі, созылмалы және жедел бүйрек жеткіліксіздігі. 4. Поллакиурия. Несепке жиі отыру. Қуық және үрпі қабынуында, цистит және уретритте. 5. Дизурия. Зәр шығарудың бұзылуы, зәрге қиналып отыру, сздау. циститте, уретритте, простатитте. 6. Никтурия. Түнгі зәрдің көбеюі. Қалыпты жағдайда түнгі зәр күндізгі зәрдің 3/1 құрайды. Никтурия бүйрек жеткіліксіздігінде, полиуриямен қатар жүрек ауруларында жүреді. 7. Изурия. Әр уақытта зәрдің бірдей мөлшерде бөлінуі. 8. Странгурия. Несеп бөліну кезіндегі сыздап ауырсынып бөлінуі. Циститке және уретритке тән.
Көз көру қаблетінің төмендеуі. • Әсіресе артерия қан қысымының жоғарылауымен байланысты. • Бұл көздің көрмей қалуына әкеліп соғады. Ентігу және жүрек тұсының ауырсынуы. • Жедел және созылмалы гломерулонефритте кездеседі. • Дене қызуының көтерлуі, жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі сынды симптомдар көбіне жедел гломерулонефритте және созылмалы пиелонефриттің қозу кезінде болады. • Қосымша шағымдары: бас айналу, дене қызуының көтерлуі, әлсіздік, т. б.
Қараған уақытта: сырқаттың төсектегі жағдайлары: • белсенді, • енжар(амалсыз жағдай: гломерулонефрит, паранефрит, бүйрек эклампсиясында тырысу пайда болады), • уремияда және анурияда теріде тырнақтың іздері көрінеді, • қабыну процестерінде денеде ісіну пайда болады.
Пальпация • Сау бүйрекке пальпация жасалмайды. • Науқасты тұрғызыпта жатқызыпта сипап сеземіз. • Медицина қызметкері науқастың оң жағында тұрады. • Науқасты арқасына жатқызу. • Сол қолымызды арқаның астына жүргізіп қабырға омыртқа бұрышының тұсына қоямыз. • Оң қолды оң қабырға асты тұсына іштің тік бұлшық етіне сыртқа қарай қоямыз. • Науқастың босаңсуын сұраймыз. • Науқас дем шығару кезінде сол қолды құрсақ қуысына қарай енгізіп оң қолмен пальпация жасаймыз.
Перкуссия • Сау адамның бүйрегі перкуссияланбайды. • Ұрғылау немесе қағу әдісін Пастернацкий әдісі деп атайды. • Зерттеуші сол қолын бұйірге қойып екінші қолының қырымен сол қолымен жеңіл ұрғылайды. • Егер ұрғылау кезінде науқас ауырсынуды сезсе онда Пастернацкий симптомы оң деп есептеледі. Ол әсіресе бүйректе тас болғанда, паранефритте оң болады.
Бүйрек және зәр шығару жолының қосымша тексеру әдістері. • Зәрді лабораториялық тексерудің диагностикалық маңызы зор. • Өйткені тек бүйрек, зәр шығару жолдарының ауруларында ғана емес басқа мүшелермен жүйелердің ауруларында зәрдің сапалық және сандық өзгерістері кездесуі мүмкін. • Жалпы зәрдің құрамы: ішкен сұйықтықтың мөлшеріне, ішкен тағамдардың түріне байланысты. • Сондықтан зәрді лабораторияға ертеңгісін ең алғашқы порциясн апарады.
Зәрдің жалпы анализі: • Зәрді жалпы анализге жинау үшін науқасты таңертенгісін жыныс мүшесін жуады, зәрдің алғашқы тамшысын дәретханаға, қалғанын таза шыны ыдысқа жинайды. • Лабороториялық тесеруге 200 мл зәр апару керек. • Ыдыс сыртына жолдама жапсыру керек, оған уақытты, науқастың фамилиясын, палатасын, бөлімшесін, мед. қызметкердің қолын көрсету керек.
Зәрдің физикалық қасиеттері: • түсі; • мөлшері; • мөлдірлігі; • исі; • тығыздығы; • реакциясы; Мөлшері: шамамен 500 -1500 мл кейде ер адамдарда 2 л дай зәр бөлінеді. Түсі: сабан түстес; Мөлдірлігі: мөлдір. Исі: жаңа зәрде исі болмайды, тұрып қалса қышқыл тартады; Тығыздығы 1, 008– 1, 026, урометрмен анықтайды – зәр тығыздығын анықтайтын мөлшері кішкентай ареометр 1000 -1050 дейін. Реакциясы: әлсіз сілті, әлсз қышқыл. Химиялық асиеттері: зәрде қалыпты жағдайда белок, қан, өт пигменті, ацетон болмайды
Микроскопиясы: эпителиальды клеткалар: жалақ эпителий аздаған, өтпелі эпителий азаған болуы керек, ал бүйректік эпителий болмауы керек. Лейкоцит - ер адамдарда 0 -3, әйел адамдарда 0 -6 көру аймағында, эритроцит 0 -1 препаратта, цилиндрлер жоқ, шырыш өте аз не жоқ, бактерия жоқ, тұздар ішкен тағамға байланысты, бірақ өте аз.
Нечипоренко сынамасы • Науқас зәрдің ортангы порциясын жинайды. • Оның негізгі артықшылығы- жыныс мүшелерінен ірін тұспес үшін зерттеуге несептің ортанғы үлесін алады • кемшілігі – диурездің мөлшері есептелінмейді • Бұл әдіспен 1 мл • Несептегі лейкоциттер, эритроциттер, цилиндрлер санын санайды. • Қалыпты жағдайда 1 мл несепте 1000 -ға дейін эритроциттер, 2000 - дейін лейкоциттер, 20 - дейін гиалин цилиндрлері болады;
Зимницкий сынағы • Бұл әдістің негізгі артықшылыгы - бүйректердің функционалдық тексеруі науқастың қалыпты жағдайында жасалынады. Сынақ тәулік бойында жүргізіледі. Науқас несебін әрбір үш сағат сайын жинайды (8 порция). • Әрбір үлестегі несебтін мөлшерін, оның салыстырмалы тығыздыгын анықтайды. Несептің түнгі және күндізгі үлестерінің мөлшерін салыстыра отырып, қай кездегі диурездің көп екенін анықтайды. Әрбір үлестің салыстырмалы тығыздыгын зерттей отырып оның тәулік бойынша тербелісін және ең жоғарғы мөлшерін талдайды • Қалыпты жағдайда күндізгі диурез түнгі ден көп болады, несеп мөлшері үлестерде 50 мл-дан 250 млге дейін, ал • салыстырмалы тығыздыгы-1, 005 – тен-1, 028 -ге дейін.
• Бүйректердің функциялық жеткіліксіздігінде түнгі диурез; • Көп болады (никтурия). Себебі бүйректердің функцияналдық қабілетінің төмендеунен жумыс уақыты үзарады; • Бүйректердің қызметінің жетіспеушілігі күшейгенде несептің салыстырмалы тығыздығы төмендейді(1, 009 -1, 010); • Полиурия, никтурия және несептің салыстырмалы тығыздығы төмендеуі бүйректердің функционалдық жеткіліксіздігінің бірден- бір белгісі болып есептелінеді; • изостенурия – несептің салыстырмалы тығыздыгынын тербелісі тәулік бойынша шамалы; • гипостенурия – несептің салыстырмалы тығыздыгы төмен;
Зәрдегі белок бар жоғын анықтау. Ол үшін: пробиркаға 3 -4 мл зәр құямыз, оған 6 -8 тамшы сульфацил қышқылын тамыз. Белок бар болса зәр лайланады. Зәрдегі белок мөлшерін анықтау. Зәр құйылған пробиркаға 2 -3 мл 5% азот қышқылын абайлап құямыз. Сол кезде екі сұйықтық арасында ақ сақина тәрізді лайланады. Егер ол лайлану 3 мин. сонында п. б. онда зәрде 0, 033 г/л белок болғаны. Егер зәрде белок көп болса онда белокты ақ сақина пайда болғанға дейін есептейміз. Белок мөлшерін білу үшін 0, 033 г/л еселену бойынша көбейтеміз. Зәрде белок бар болса- протеинурия дейді.
Зәрдегі қантты анықтау • Оны глюкотест арқылы анықтаймыз. • Ол арнайы реактив сіңірілген қағаз, оны зәрге маламыз. • Егер реактив түсі өзгерсе онда зәрде қанттың бар болғаны, қағазды қорап сыртындағы шкаламен салыстырып бағасын береміз. • Ацетон және кетонды да осындай тәсілмен анықтаймыз. • Кетон және глюкоза қантты диабеттің декомпенсациясында кездесді. • Уақытша глюкоза болуы мүмкін ол тек кана тәтті тағамдарды көп жегенде пайда болады. • Өт пигментін анықтау. • Пробиркаға 2 -3 мл зәр оның үстіне 10% люголь ерітіндісін тамшылатамыз. • Егер өт пигменті бар болса екі сұйықтық арасында жасыл сакина пайда болады, бұл бауыр ауруларында, гепатитте болады.
Бүйрек және зәр шығару жүйесінің инструментальды тексеру әдістері. 1. Рентендік тексеу әдісі. 2. Жалпы шолу урография. 3. Ретроградты урография. 4. Бүйректік ангиография.
1. Бүйректің функционалдық қасиетін және аурудың өту ағымын тексеруде қолданылады. • Ол үшін 35 -50% контрасты сұйықтық (верографин, урографин) қолданамыз. • Тексермес бұрын науқастың ішек қарнын газдан және нәжістен тазартамыз. • Үш күн бойы науқас газ тудыратын тағамдарды шектейді, тексеретін күннен бір күн бұрын кешкісін және таңертең екі сағат бұрын тазалау клизмасын жасаймыз. • Контрасты затқа аллергиясын тексереміз, 1 мл көк тамырға контрасты зат енгіземіз. • Егер аллергиясы болса онда тексеруді шектейміз. • Урография алдында обзорлы рентгеннограмма жасаймыз, бұл ішек карының тазалығын білу үшін жасалады. • Тексеру алдында науқастың қуығын босатуын сұраймыз, контрасты затты дене температурасындай етіп жылытамыз, кейін 3 -5 мин ішінде контрастты затты көк тамырға енгіземіз. • Егер сырқат түшкірсе, жөтелсе, есінесе, бетіне бөртпе пайда болса контрастты затты енгізуді тоқтатамыз, инені тамырда қалдырып физраствор енгіземіз. • Контрастты зат бірден бүйрекке барады да сыртқа шығады. • Бұдан бүйрек тостағаншасын, қуықтың бүйректің контурын көре аламыз.
2. Контрастты затты тікелей бүйрек тостағаншасына енгізуге болады. Бұл әдісті ретрогратты урография деп атаймыз. Ерітіндіні дене темпеатурасндай етіп жылытып жайлап цистоскоп арқылы несеп жолы арқылы енгізу. 3. Цистоскопия қуықты цистоскоп арқылы зәр шығару түтігін тексеру. Цистоскопты жақсылап стирильді глициринмен майлап енгізу. Стирильді глициринді 1 -2 тамшы қуыққа тамызу, бұл емдік манипуляция болып табылады. 4. УДЗ (УЗИ) арқылы бүйректегі несеп шығару жолдарындағы қабыну процестерін, киста, ісік, бүйректің төмен түсуі(нефроптоз), әр түрлі іріңді ошақтарды, тастарды, тостағаншалардың ұлғаюын да көре аламыз.
5. Компьютерлік томография. Ісік, кисталарды көреміз. 6. Радиоизотопты тексеру әдісі. Кезінде радиоактивті гиппуран және неогидрин арқылы бүйректі тексеру. Сканерлеу арқылы мүшенің цикілін, пішінін, радиоактивті заттың қалай таралғанын көре аламыз. Мүшенің пішіні штрихтар, нүкте арқылы белгіленеді. 7. Хромоцистоскопия. Бояғыш затты цистоскоп арқылы енгізуегер зәр бірден бөлініп шығатын болса патологиялық процестердің жоқ болғаны, егер боялған зат кешігіп немесе мүлде шықпаса онда патологиялық өзгерістің болғаны. 8. Ангиография. Бүйректің ангиографиясы, бүйректің қан тамырларын сан артериясы арқылы контрастты затты енгізіп зерттеу. 9. Пункциялық биопсия. Белдеме тұсынан тері арқылы енгізілген арнайы пункциялық инемен кішкене бүйрек тінін алу, полип, ісіктің түрлерін анықтау үшін. Алынған биоптатты микроскопиялық тексеруге жіберу.
мпс каз.яз..ppt