Айдан бхххх.pptx
- Количество слайдов: 19
“Астана Медицина Университеті” АҚ Тақырыбы Орындаған: Қабылдаған: Астана 2014 жыл
Жоспар:
Бүйректің атқаратын қызметі Тазарту немесе экскреторлы Реттеуші - гомеостаздық Метаболиттік Залалсыздандыру Эндокринді
Бүйректің метаболиттік қызметі:
3) Ақуыз биосинтезі. Бүйректе басқа тіндерге қажет ақуыз биосинтезінің процесі жүреді. Мұнда кейбір компоненттер синтезделеді: - қанның қоюлану жүйесі; - комплемент жүйесі; - фибринолиз жүйесі; - бүйректе юкстрагломерулярлы аппарат (ЮГА) жасушаларында РЕНИН синтезделеді. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі басқа тамырлар тонусын реттеу жүйесімен тығыз байланыста жұмыс жасайды: ол – әсер етуі артериальды қан қысымының төмендеуіне алып келетін ----Калликреин-кининді жүйе. Бүйректе кининоген ақуызы синтезделеді. Кининоген қанға түскеннен кейін серинді протеиназа – калликреин әсерінен вазоактивті пептидтер – кининдерге : брадинин және каллидинге айналады. Брадикинин және каллидин тамыр кеңейтуші әсерге ие – артериальды қан қысымын төмендетеді. Кининдердің инактивациясы карбоксикатепсиннің қатысуымен жүреді – бұл фермент артериальды қан қысымының көтерілуіне алып келетін тамырар тонусын реттеу жүйесінің екеуінеде бір уақытта әсер көрсетеді. Карбоксикатепсиннің тежегіштерін артериальды гипертензияның кейбір түрлерін емдеуге қолданады. Бүйректің артериальды қан қысымын реттеуге қатысуы сонымен қатар бүйректе липидтердің тотығуы( перекисного окисления липидов(ПОЛ))реакциялары нәтижесінде арахидон қышқылынан түзілетін , гипотензивті әсер көрсететін простогландиндердің өндірілуіменде байланысты.
4) Ақуыздардың катаболизмі. Бүйрек біріншілік зәрге сүзгіленетін төмен молекулярлы массадан (5 -6 к. Да) және пептидтен тұратын кейбір ақуыздардың катаболизміне қатысады. Олардың арасында гормондар және кейбір басқа биологиялық белсенді заттар бар. Бұл ферменттер лизосомальды протеолиттік ферменттер әсерінен каналша жасушаларында қанға түсетін және басқа тін жасушаларымен реутилизацияланатын аминқышқылдарына дейін синтезделеді.
2. Тазалау (депурациялық) және экскреторлық (сыртқа шығару): бүйрек қандағы барлық керек емес заттарды (белок алмасуының соңғы өнімдерін, тұздарды, дәрілерді, бояуды, улы заттарды) ағзадан бөліп шығарады. Бүйректің бұл қызметі зәр түзуге және оны концентрлеуге немесе сұйылтуға қабілеттілігіне байланысты. 3. Реттеуші – гомеостатикалық қызметі: бүйрек су мен иондардың концентрациясының, қышқылдықнегіздік тепе-теңдіктің, осмостық қысымның, артериалдық қысымның реттелуіне қатысады.
Бүйректің тазарту және бөлу қызметі – несеп түзуге байланысты. Несеп түзуде 3 кезең бар: Ультрасүзгілеу Каналдық реабсорбция Талғамды секреция
А) Ультрасүзгілеу – бүйректің шүйкелерінде жүреді. Ультрасүзгілеу жылдамдығы – жүректің жұмысы туғызатын гидростатикалық қысымның және шүйке капсуласындағы сұйықтықтар қысымның айырмашылықтарына тәуелді. Ақуыздар туғызатын онкотикалық қысым және шүйке капсуласындағы сұйықтықтар қысымы сүзгіге кедергі келтіреді. Шүйкелік сүзгінің көлемі шүйке сүзгісінің өткізгіштігіне тәуелді, олар ақуыздарды өткізбейді. Глюкозамингликандардан тұратын базальді мембрана (теріс зарядталған) ақуыздардың сүзілуін нашарлатады. Ультрафильтратта ақуыздардан басқа плазма құрамындағы барлық заттар болады.
Б) Каналдық реабсорбция. Каналдарда қайта сіңіру жүреді, бұл пассивті жолмен, белсенді тасымалдау жолдарымен өтеді. Қайта сіңіру талғамды жолмен жүреді (глюкоза, АҚ, витаминдер, гормондар) 80%, Na. Cl, Н 2 O, Ca, P, Mg, карбонаттар 85% проксималды бөлімінде жүрсе, 19%-і Генгле тұзағында, дистальді каналдарда жүреді. Реабсорбциясы алдымен, диффузия арқылы каналдар жасушаларына енсе, одан әрі белсенді тасымалдау нәтижесінде жасуша-аралық кеңістікке, одан әрі диффузия жолымен қанға түседі. Ультрафильтратқа түскен ақуыздар пиноцитоз жолымен бөлініп алынған, лизосомалық ферменттер көмегімен қорытылады. Нәтижесінде АҚ түзіледі, олар қайта сіңіріледі немесе жасушаның мұқтаждығына жұмсалады. Na – белсенді тасымалдау жолымен, Na+, K+ – АТФ-азаның қатысуымен; бұл ферменттің синтезі минералокортикоидтардың қатысуымен жүреді. Na+/K+ - АТФ-азаның қатысуымен біріншілік несептен глюкоза және АҚ қайта сіңіріледі. Глюкозаны тасымалдау үшін арнайы тасымалдаушы ақуыздар болады. Олар глюкоза және натриймен жасушадан тыс комплекс түзеді. Натрий – градиентке сәйкес ішке ұмтылады, натриймен бірге ақуызбен байланысқан глюкоза ішке енеді. Натрий қайта жасуша сыртына Na+/K+ - АТФазаның көмегімен шығарылады. Глюкозаны әрі қарай жасуша-аралық кеңістікке, сонан кейін қанға өтеді.
Бүйрек – қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті реттейді. Қышқыл заттар несеппен бірге бөлініп, бикарбонаттардың қоры күшейеді. Адицидоз немесе алкалоз кезінде тепе-теңдіктің қалыптасуы үшін бүйректің қатысуымен 10 -20 сағат қажет, натрий қайта сіңіріледі, оның орнына K+, Н+, NН 4+ шығарылады. К+ ионының шығуы Na-ң тасымалдануына ғана емес, Н+ тасымалдaнуына тәуелді. Несеппен Na. H 2 PO 4, NН 4 Cl тұздары бөлінеді, сондықтан, несеп әлсіз қышқылдық орта көрсетеді. Бүйрек – қышқылды-сілтілік тепе-теңдікке әжептәуір әсер етеді. Бірақ, өкпе мен қанға қарағанда буферлі жүйелердің әсер етуі көп уақыт алады. Қанның буферлі жүйесінің әсер етуі 30 сек. , өкпеге 1 -3 минут уақыт алса, бүйректегі бұзылған қышқылдысілтілік тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін 10 -12 сағат уақытты қажет етеді. Ағзадағы сутегі иондарының концентрациясын тұрақтандырудың негізгі механизмі – сутегі ионының секрециясы мен натрийдің қайта сіңірілу (реабсорбция) процесі болып табылады. Бұл механизм бірнеше химиялық процестердің көмегімен жүзеге асырылады.
Қорытынды Сонымен, бүйрек – организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды жұп мүше. Бүйрек организимде сулы- электролиттік тепе-теңдіктің реттелуіне, қышқылды – сілтілік тепе-теңдікті және ағза сұйықтығының осмостық қысымын бірқалыпты ұстап тұруда, азоттық қалдық заттарды бөлуде, қан қысымының реттелуіне, эритропоэзді күшейтуге және т. б. Да қызметтерді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бүйрек зат алмасу процестерінде маңызды рөл атқаралы. Мысалы, бүйректе гюкозаның аэробты алмасуы өтеді және бүйректе мевалон қышқылынан холестериннің синтезі жүреді. Қорытындылай келе, бүйрек - организмдегі ең басты секреторлы мүше.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Березов Т. Т. , Коровкин Б. Ф. «Биологическая химия» - М. , 2004 2. Северин Е. С. «Биологическая химия» - М. , 2007 3. Николаев А. Я. «Биологическая химия» - М. , 2007 4. Сейтембетов Т. С. , Төлеуов Б. И. , Сейтембетова А. Ж. , Биологиялық химия. -Эверо, 2011 жыл 5. Сеитов З. С. «Биохимия» , Алматы, 2007
Назар аударғандарыңызға рахмет!!!
Айдан бхххх.pptx