Lektsia_7_OT_kaz.ppt
- Количество слайдов: 10
7 Дәріс ТЕЛЕФОНДЫҚ БЕРУ СҰЛБАСЫ
Телефондық беру сұлбасы
Әрбір телефон аппараттарындағы микрофонда жеке қорек көзі болады, олар жергілікті батарея (GB) деп аталады. Көбінесе қорек көзі ретінде екі құрғақ элемент қолданылады жалпы кернеуімен 3 В.
Кәзіргі кездегі телефондық аппараттарының кемшіліктерін жою үшін трансформаторлар немесе автотрансформаторлар қолданылады. Трансформатордың құрамына болат өзекшесі кіреді, оған бөлектенген мыс сыммен оралған катушка киілген. Қарапайым түрде трансформатор екі орамдарынан тұрады: бірінші және екінші. Көбінесе трансформатормен телефондық байланыс сұлбасы қолданылады, жергілікті батарея (МБ) және орталық батарея (ЦБ) жүйесінен құрылған.
Сұлбадағы микрофонның қоректену тоғы байланыс жолының ұзындығына байланысты емес және ВМ микрофонның кедергілерімен және транформатордың орамдарымен анықталады. Екі сымды байланыс жолына қосылған электромагнитті телефонның BF орамдарынан тұрақты тоқ өтпейді.
Жергілікті батареядан, екі микрофонға, сөйлесу жоқ кезінде тұрақты тоқ жергілікті тізбекте өтеді. Дыбыстық толқындар сөйлесу кезінде микрофонға әсер етеді және жергілікті тізбекте тоқ жүріп түрады. Пайда болған ЭҚК әсерінен, екі телефонан BF дыбыстық жиіліктегі айнымалы тоғы өтеді
Орталық батарея (ЦБ) жүйесінен құрылған телефондық байланыс Бұл жерде, жергілікті батарея жүйесінен құрылған телефондық байланыс сұлбасынан айырмашылығы, жергілікті сұлбаға микрофон емес электромагнитті телефон қосылған. Батарея, арнайы бөлмеде, орталық телефон станциясында орнатылады. Оның кернеуі 24 -60 В болады.
Орталық батарея (ЦБ) жүйесінен құрылған телефондық байланыс сұлбасында кейбір өзгешеліктері бар. Мысалы, көмірлі микрофон жоғарғы омды болу керек. Мұнда келесі түсініктемелер бар: екі сымды байланыс жолы үлкен кедергісіне ие және микрофоның жүктемесінің бөлігі болады. Бұл жерде, микрофонның қорек көзі, байланыс жолының ұзындығына байланысты болады. Сонымен қатар, байланыс жолына кететің қуаты көбейеді.
Бақылау сұрақтар: 1. Қарапайым телефондық беру сұлбасын келтіріңіз? 2. Телефондық беру сұлбасының негізгі кемшіліктерің келтіріңіз? 3. Трансформатормен екі жақты телефондық байланыс сұлбасын келтіріңіз? 4. Жергілікті батарея (МБ) жүйесінен құрылған телефондық байланыс сұлбасы қалай құрылады?
5. Жергілікті батарея (МБ) жүйесінен құрылған телефондық байланыс сұлбасының негізгі кемшіліктері. 6. Орталық батарея (ЦБ) жүйесінен құрылған телефондық байланыс сұлбасы қалай құрылады? 7. Телефондық беру сапасын бағалау әдістерің айтып кетіңіз? 8. Телефон трактісінің түрлерің және құрама бөлімдерің айтып кетіңіз?
Lektsia_7_OT_kaz.ppt