5 та ырып: қ « « Экономиканы

Скачать презентацию 5 та ырып: қ  « « Экономиканы Скачать презентацию 5 та ырып: қ « « Экономиканы

5_drіs_public_finance.ppt

  • Размер: 1.2 Mегабайта
  • Количество слайдов: 39

Описание презентации 5 та ырып: қ « « Экономиканы по слайдам

5 та ырып: қ « « Экономиканы реттеуді  аржы – бюджетттік ң қ  дістері5 та ырып: қ « « Экономиканы реттеуді аржы – бюджетттік ң қ дістері ә дістеріә » »

Экономиканы мемлекеттік реттеуде билікті ж ргізіп ң ү отыр ан экономикалы саясаты ма ызды р лЭкономиканы мемлекеттік реттеуде билікті ж ргізіп ң ү отыр ан экономикалы саясаты ма ызды р л ат арады. ғ қ ң ө қ Экономикалық саясат – бұл мемлекет, ел үкіметі жүргізетін экономикалық іс-әрекеттердің басты желісі, экономикалық үдерістерге қажетті бағыт берудегі мемлекет қолданатын шаралар жиынтығы. Экономикалық саясатта үкімет жүзеге асырып жатқан курс (бағдар) өзінің тікелей көрінісін табады.

Әлемдік экономика циклды дамиды онда тербеліс үдерістері, толқынды қозғалыстар орын алады Фазалар :  жандану (экономикалықӘлемдік экономика циклды дамиды онда тербеліс үдерістері, толқынды қозғалыстар орын алады Фазалар : жандану (экономикалық өсу), жоғары экономикалық конъюнктура (өрлеу, экономикалық даму), тоқырау (рецессия, экономикалық дағдарыс), төмен экономикалық конъюнктура (күйзеліс).

Ұлттық экономиканың қандай фазада тұрғанына байланысты үкіметтің, мемлекеттің экономикалық саясатының типі қалыптасады.    МемлекеттікҰлттық экономиканың қандай фазада тұрғанына байланысты үкіметтің, мемлекеттің экономикалық саясатының типі қалыптасады. Мемлекеттік экономикалық саясатты жасаушылар назар аударатын индикаторлар қатарына жалпы ішкі өнімнің, жиынтық сұраныс пен ұсыныстың, табыстар мен тұтынудың, бағалардың, жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың көлемі мен динамикасы жатады. Экономикалық саясат мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатпен, мемлекеттік идеологиямен, әскери саясатпен тығыз байланыста мемлекеттің саяси доктринасын сипаттайды.

Мемлекеттің экономикалық саясат түрлеріне:  фискалдық (қаржылық-бюджеттік) монетарлық (ақша-кредиттік)  сыртқы экономикалық іс-әрекеттер жатады.  Ал,Мемлекеттің экономикалық саясат түрлеріне: фискалдық (қаржылық-бюджеттік) монетарлық (ақша-кредиттік) сыртқы экономикалық іс-әрекеттер жатады. Ал, әлеуметтік, құрылымдық, инвестициялық, институционалдық, аймақтық, аграрлық, ғылыми-техникалық, салықтық, банктік, бағалық, антимонополиялық, экологиялық, сыртқы экономикалық саясат мемлекеттік экономикалық саясаттың құрамдас бөліктері болып табылады.

Фискалдық экономикалық саясат Фискалдық саясаттың қызметі мемлекеттік қазына (фиска) элементтерін қамтиды. Ол тікелей мемлекеттік бюджетпен, салықтармен,Фискалдық экономикалық саясат Фискалдық саясаттың қызметі мемлекеттік қазына (фиска) элементтерін қамтиды. Ол тікелей мемлекеттік бюджетпен, салықтармен, мемлекеттің ақшалай табыстары мен шығыстарына байланысты. Нарықтық экономика жағдайында бұл мемлекеттік экономикалық саясаттың діңгегі болып табылады. Фискалдық саясат қаржылық саясаттың бюджеттік, салықтық, табыстар мен шығыстар сияқты ірі түрлері мен формаларын біріктіреді. Толықтай алғанда фискалдық саясат мемлекеттің қаржылық ресурстарын басқаруды ұйымдастыру, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу үшін пайдалану бойынша мемлекеттік шаралар жиынтығын құрайды. Фискалдық саясат мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын жинақтау, бөлу, көзделген шараға жұмсау іс-әрекеттерін жүзеге асырады.

Фискалдық саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі экономикалық саясат мақсаттарын атқаруды көздейтін орталықтандырылған мемлекеттік ақша қорларының бастауларын,Фискалдық саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі экономикалық саясат мақсаттарын атқаруды көздейтін орталықтандырылған мемлекеттік ақша қорларының бастауларын, оларды қалыптастыру тәсілдерін іздестіру болып табылады. Фискалдық саясат жүргізу арқылы мемлекет елдегі аса ірі экономикалық үдерістерді реттейді, қаржылық орнықтылықты қолдайды, өндірістік-экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетті тиімді пайдалануды қамтамасыздандырады. Фискалдық саясат құралдарын мемлекет жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысқа әсер ету үшін, дағдарысқа қарсы шаралар қолдану үшін пайдаланылады. Тауарлар мен қызметтер түрлерін сатып алуда мемлекеттік сектордың үлесі едәуір; мемлекет рыноктағы ең ірі сатып алушы болып табылады. Сатып алулар елдің ішкі рыногында, сондай-ақ сыртқы рыноктарда жүзеге асырылады. Нәтижесінде мемлекет жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымына әсер етудің едәуір мүмкіндіктеріне ие болады.

Макроэкономикалық қаржы-бюджеттік саясатты елдегі жалпы экономикалық жағдайға байланысты екі басты желіні ерекшелеуге болады.  Оларға фискалдықМакроэкономикалық қаржы-бюджеттік саясатты елдегі жалпы экономикалық жағдайға байланысты екі басты желіні ерекшелеуге болады. Оларға фискалдық саясаттың шектеулі және кеңейтілген сипаттары жатады. Экономикалық дүмпу, жедел экономикалық өсу кезеңінде фискалдық саясат өсу параметрлерін белгілі бір шектерде ұстап тұру үшін шектеуші сипат алады. Ал, экономикалық дағдарыс, экономикалық белсенділіктің баяулауы кезеңінде фискалдық саясат кеңейтілген сипат алады, яғни экономиканы «қыздыруға» , өндірісті кеңейтуге, құлдыраудан жоғарылауға бағыт ұстайды.

Тұрақтандыру саясаты – бұл жалпы ішкі өнім көлемін қалыптасқан жағдайға сәйкес деңгейге жақындату мақсатындағы мемлекеттің қаржыТұрақтандыру саясаты – бұл жалпы ішкі өнім көлемін қалыптасқан жағдайға сәйкес деңгейге жақындату мақсатындағы мемлекеттің қаржы ағындары мен ақша айналымын реттеу іс-әрекеттері болып табылады. Тұрақтандыру саясаты – экономиканың азды-көпті орнықтылығы жағдайына сай келетін фискалдық саясаттың типтік формасының көрінісі. Ол, бір жағынан тұрақсыз дағдарыстық жағдайдың алдын алады және екінші жағынан макроэкономикалық көрсеткіштерді оңтайландыруға жақындатып, қалыптасқан экономикалық ситуацияны жақсартуға көмектеседі.

Тұрақтандырудың автоматты және реттелетін түрлерін ажыратады.  Автоматты (қалыптасқан) тұрақтандырғыштар – бұл қабылданған, экономикада әрекет ететінТұрақтандырудың автоматты және реттелетін түрлерін ажыратады. Автоматты (қалыптасқан) тұрақтандырғыштар – бұл қабылданған, экономикада әрекет ететін ережелер мен нормалар; олар үкіметтің араласуынсыз, тұрақтылық жағдайынан ауытқуға автоматты түрде жауап қатады да шаруашылықты орнықтылық жағдайға келтіреді. Автоматты тұрақтандырғыштар алдын-ала ойластырылып, экономикалық қызметті реттейтін заңнамалық актілерге енгізіледі. Мысалдар: o табыстар кеміген кезде одан алынатын салықтар мөлшері төмендейді. o Егер адамдар жұмыс пен жалақыдан айырылса, оларға үкімет жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлейді. o Белгілі бір жасқа жеткенде зейнетақы алуға автоматты түрде құқық пайда болады. o Директивті түрде белгіленетін жалақының минималды деңгейі белгіленеді.

 Дегенмен экономикалық жүйеге кіріктірілген ішкі тұрақтандырғыштар экономикада мүмкін болар тербелістерді кеміткенімен тұрақтандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз Дегенмен экономикалық жүйеге кіріктірілген ішкі тұрақтандырғыштар экономикада мүмкін болар тербелістерді кеміткенімен тұрақтандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ете алмайды. Заңнамалық актілерге ықтимал тұрақсыздықтың алдын алатын нормативтерді түгелдей кіргізу қолдан келмейтін мәселе. Сондықтан көмекке мемлекеттік органдардың оперативті реттеуі, сәйкессіздіктерге ағымдағы жауап қатуы, дискрециялық (ерекше өкілеттік) саясат құралдары келуі қажет.

Дискрециялық фискалдық саясат – бұл қосымша қабылданатын немесе тұрақты қолданыстағы ережелер мен нормаларды өзгертетін мемлекеттік оперативтіДискрециялық фискалдық саясат – бұл қосымша қабылданатын немесе тұрақты қолданыстағы ережелер мен нормаларды өзгертетін мемлекеттік оперативті қаржылық шаралар жиынтығы. Дискрециялық фискалдық саясатты жүзеге асыру әдістеріне қоғамдық жұмыстар, материалдық жәрдем, салық қойылымдарын өзгерту сияқты әдістер жатады. Дискреттік фискалдық шаралар экономикалық шиеленістер ошақтарын басуға көмектеседі.

Фискалдық саясаттың құрамдас бөлігі ретіндегі мемлекеттің бюджеттік саясаты бүкіл бюджеттік кезең бойына мемлекеттік табыстар мен шығындардыңФискалдық саясаттың құрамдас бөлігі ретіндегі мемлекеттің бюджеттік саясаты бүкіл бюджеттік кезең бойына мемлекеттік табыстар мен шығындардың теңгерімділігіне жетуді көздейді. Жоғары экономикалық конъюнктура жағдайында бюджеттің профициті (мемлекеттік кірістердің шығыстардан артуы) бұрыңғы қарыздарды өтеуге, резервтік қорлар жасауға, қосымша әлеуметтік шараларға бағытталуы мүмкін. Іскерлік белсенділік төмендеген кезде мемлекеттік билік органдары, тіпті бюджет тапшылығына қарамастан мемлекеттік сатып алуларды арттырып, құлдырауды тоқтату, сөйтіп экономикалық үдерістерді тұрақтандыру үшін жиынтық сұранысты көбейтеді. Мемлекеттің бюджеттік саясатының ең бірінші міндеті қауіпті деңгейге жеткен бюджет тапшылығын еңсеру болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің жалпы көлемінің 5% шектеріндегі және жалпы ішкі өнімнің 1 -2% деңгейіндегі тапшылық қауіпті деп саналмайды. Бірақ, егер бюджет тапшылығы оның көлемінің ондаған пайызын құрап, Ж. І. Ө-нің 5%-нан артып кетсе, онда бұл бюджеттік саясаттағы ірі ақаулықтарды көрсетеді.

Мемлекеттің бюджет тапшылығын ақша эмиссиясымен жабуға ұмтылысы инфляцияға жетелейді ал мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және сатуМемлекеттің бюджет тапшылығын ақша эмиссиясымен жабуға ұмтылысы инфляцияға жетелейді ал мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және сату болашақ борыштарды туындатады, өйткені қағаздарды өтеу және олар бойынша пайыздар төлеуге тура келеді. Сондықтан, мемлекеттік бюджеттің теңгермелігіне қол жеткізу үшін бюджеттік саясат мемлекеттің кірісі мен шығысы саясатымен байланыстырыла жүргізілуі тиіс. Мемлекеттік шығындар саясаты ең алдымен мемлекеттік сектордың сұранысын қанағаттандыруы қажет, яғни бюджеттің шығысы баптарында көрсетілетін мемлекеттік зәру қажеттіліктерді қанағаттандыруы тиіс. Мемлекеттік кірістер саясаты мемлекеттік бюджетке ақша қаражаттарын келтіретін қолда бар және потенциалды көздерге сәйкес жүргізілуі керек. Мемлекеттік бюджет негізінен салықтық түсімдерден құралатынын ескерсек, онда мемлекеттік кірістер саясаты салықтық саясатпен тығыз байланыста болары даусыз.

Салықтық саясат – салық түрлерін, салық салу объектілерін, салықтық қойылымдарды, салық алу шарттарын, салықтық жеңілдіктерді тағайындауданСалықтық саясат – салық түрлерін, салық салу объектілерін, салықтық қойылымдарды, салық алу шарттарын, салықтық жеңілдіктерді тағайындаудан көрінетін фискалдық экономикалық саясаттың бір бөлігі. Бұл параметрлерді мемлекеттік реттеудің басты мақсаты салықтан түсетін ақша қаражаттары мемлекеттік бюджетті қаржыландыруға жеткілікті болуы тиіс. Бірақ, бұл арада салықтық және бүкіл фискалдық саясаттың басты қарама-қайшылығымен кездесуге тура келеді. Салықтық ауыртпалық жоғарылаған сайын қайсыбір шектерден бастап оны төлеуге ықтиярлық пен мүмкіндік кеми түседі. Салықтардың жоғарылығы оны қоректендіріп отырған салықтық негізді үгіте бастайды. Сондықтан мемлекеттік салықтық саясаттың негізінде жоғары емес, ұтымды салықтық қойылымдар болуы тиіс.

Мемлекеттің салықтық саясаты бюджетке түсімдерді қамтамасыз етумен ғана байланысты емес, сонымен бірге құрылымдық-инвестициялық саясат жүргізумен деМемлекеттің салықтық саясаты бюджетке түсімдерді қамтамасыз етумен ғана байланысты емес, сонымен бірге құрылымдық-инвестициялық саясат жүргізумен де байланысты. Салықтарды, салықтық қойылымдарды, салықтық жеңілдіктерді реттей отырып мемлекет өндірістің белгілі бір түрлерінің өзін-өзі дамытуға ынталандыруға, тұтыну құрылымына әсер етуге, қаражатты экономика дамуына салуды көтермелеуге мүмкіндіктер жасайды. Сонымен, фискалдық саясат мемлекеттік экономикалық саясаттың ең қуатты бағыты ретінде, қаржыландырудың, бюджеттеудің, салық салудың әртүрлі құралдарын тиімді қолданады.

Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары Фискальдық (салық-бюджет) саясат – бұл үкіметтің халықтың жұмыспен қамтылуын және инфляцияға бақылауСалық-бюджет саясатының негізгі бағыттары Фискальдық (салық-бюджет) саясат – бұл үкіметтің халықтың жұмыспен қамтылуын және инфляцияға бақылау жасауды қамтамасыз етуге бағытталған салық салу, мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік бюджет саласындағы саясаты. Салық-бюджет саясаты – бұл мемлекеттік бюджеттің және салық жүйесінің көмегімен экономиканы тұрақтандыруға бағытталған саясат.

Салық-бюджет саясаты қаржы саясатының өзекті бөлігі және мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.  СалықСалық-бюджет саясаты қаржы саясатының өзекті бөлігі және мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Салық салу мен мемлекеттік шығыстар саласындағы үкіметтің шаралары экономикалық өсуге, кірістерді бөлу мен кедейшілік деңгейіне аса зор ықпал етуі мүмкін, соның салдарынан олар, әдетте, экономикалық және саяси пікірталастардың ортасында болады. Салық саясатын мемлекет салықтық реттеу саласындағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырады. Мемлекет салықтарды, олардың ставкалары мен жеңілдіктерді белгілейді, жаңа төлемдер енгізеді, ескілерінің күшін жояды. Салық саясаты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыруы мақсатында мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттың түсуін қамтамасыз етеді.

Фискальдық саясаттың мақсаттары:  - тұрақты экономикалық өсуді;  - ресурстардың толық бос болмауын;  -Фискальдық саясаттың мақсаттары: — тұрақты экономикалық өсуді; — ресурстардың толық бос болмауын; — бағаның тұрақты деңгейін ұстау болып табылады. Фискальдық саясатты Үкімет жүргізеді. Фискальдық саясаттың құралдары жиынтық сұранысқа да (жиынтық шығыстардың шамасына), сондай-ақ жиынтық ұсынысқа да (фирмалардың шығындарының шамасы) әсер етеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдына мынадай міндеттер қойылған:  1. Салық-бюджет жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, фискальдық тәртіптіҚазақстан Республикасы Үкіметінің алдына мынадай міндеттер қойылған: 1. Салық-бюджет жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, фискальдық тәртіпті арттыру, мемлекеттік шығыстардың қалыпты қатаң саясатын жүргізу және Ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруды жүзеге асыру. 2. Экономикаға салық жүктемесін оңтайландыруға, салық рәсімдерін оңайлату мен олардың ашықтығын арттыруға бағытталған салық саясатын жүргізу жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың іскерлік белсенділігін өсіруді ынталандыру. 3. Бюджет қаражатын мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін шешуге жұмсауды қамтамасыз ету. Қойылған міндеттерді шешу үшін 2008 жылы жаңа Бюджет және Салық кодекстері әзірленді.

Жаңа Бюджет кодексі нәтижелерге бағдарланған бюджеттік жоспарлаудың жаңа әдістерін енгізуге  үш жылдық бюджетке көшуге Жаңа Бюджет кодексі нәтижелерге бағдарланған бюджеттік жоспарлаудың жаңа әдістерін енгізуге үш жылдық бюджетке көшуге стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлауды үйлесімдендіруге бюджеттік қатынастарды жетілдіруге бағытталған. Ол бюджетті жоспарлаудан, орындаудан, оның мониторингі мен кез келген мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін кешенді түрде бағалаудан бастап бүкіл бюджет үдерісін регламенттеді.

Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру,  салықтық әкімшілендіруді жетілдіру үшін мемлекеттің 2009Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру үшін мемлекеттің 2009 – 2013 жылдарға арналған салық саясаты мыналарға бағытталатын болады: — елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік беретін бәсекелі салық жүйесін құру; — салық жүйесін Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің міндеттеріне сәйкес келтіру, бұл экономиканы жаңғыртуға және оны әртараптандыруға ықпал етуге тиіс; — жеңілдіктерді оңтайландыру және тиісінше экономиканың шикізаттық емес секторына салық жүктемесін азайту, заңды тұлғаларға салық салуды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру; — қосылған құн салығын алдыңғы қатарлы әлемдік практикаға сәйкес келтіру; — импортқа және ішкі өндіріске арналған акциздердің ставкаларын бір ізге түсіру; — жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін реформалау; — әкімшілдендіру рәсімдерін оңайлату, салық қызметтерінің сапасын және салық рәсімдерінің ашықтығын арттыру, салық есептілігінің мөлшерін қысқарту, салық тексерулерін тәртіпке келтіру.

Орта мерзімді кезеңдегі бюджет саясаты бюджеттік жоспарлаудағы жаңа тәсілдер ескеріле отырып, жүргізілетін болады.  Тұтастай алғандаОрта мерзімді кезеңдегі бюджет саясаты бюджеттік жоспарлаудағы жаңа тәсілдер ескеріле отырып, жүргізілетін болады. Тұтастай алғанда экономикаға ынталандырушы әсер ететін бюджет шығыстарын шектеуді емес, оларды өсіруді көздейтін мемлекеттік шығыстардың қалыпты саясаты жүзеге асырылатын болады. 2009 -2013 жылдарға арналған шығыстар саясаты мынадай бірқатар шектеулер ескеріле отырып айқындалатын болады: бюджет шығыстарының теңгерімділігін қамтамасыз ету; ішкі нарықты борыштық құралдардың жеткілікті деңгейімен қамтамасыз ететін мөлшердегі бюджет тапшылығын өтеуге бағытталатын қарыз алуларды жоспарлау; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарының бірінші дәрежелі рөлі.

Қазақстан Республикасындағы бюджет  үдерісінің негіздері Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасызҚазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры. Республикалық бюджет – бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қор. Республикалық бюджет орталық мемлекеттік органдардың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыру үшін арналған.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-әрекеті Түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-әрекеті

Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымы Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымы

Қазақстан Республикасы бюджеті шығыстарының функционалдық жіктемесі - жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер;  - қорғаныс;  -Қазақстан Республикасы бюджеті шығыстарының функционалдық жіктемесі — жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер; — қорғаныс; — қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі; — білім беру: — денсаулық сақтау; — әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету; — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық; — мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік; — отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану; — ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары; — өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; — көлік және коммуникациялар; — өзгелері; — борышқа қызмет көрсету; — трансферттер.

Республика лық бюджет Республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:  - республикалық бюджеттің кірістері;  -Республика лық бюджет Республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды: — республикалық бюджеттің кірістері; — алынған бюджеттік алымдар; — республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару. Республикалық бюджеттің кірістері салықтардан (корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы және т. б. ), алымдардан (автокөлік құралдарының ҚР аумағымен жүріп өтуі, консулдық алым, әкелінетін тауарларға салынатын кедендік баждар) түсетін түсімдерден қалыптастырылады. Бұдан басқа, республикалық бюджет капиталмен жүргізілетін операциялардан түсетін салықтық емес түсімдер мен кірістердің есебінен толықтырылады. Республикалық бюджеттің салықтық емес түсімдері мыналар болып табылады: республикалық меншіктен түсетін кірістер, мүлікті заңдастырғандық үшін алым, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатқанынан түсетін түсімдер және т. б. Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, мемлекеттің республикалық меншікте тұрған активтерін, үкіметтік қарыздарды сатудан түскен түсімдер республикалық бюджетке есептеледі.

Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:  - әлеуметтік сала (білім беру, денсаулық сақтау,Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: — әлеуметтік сала (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету); — қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік; — құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі; — мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік; — өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; — агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары; — елдің инфрақұрылымы (көлік және коммуникациялар); — өзге де бағыттар. — кадрларды қайта даярлау мен қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қоса алғанда, орталық мемлекеттік органдар мен басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге;

Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні  Жергілікті бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін,Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні Жергілікті бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін, түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін айқындайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландырудың есебінен қалыптастырылатын әкімшілік аумақтық бірліктің ақшалай қорын білдіреді. Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің кірістер бойынша шамамен 30%-ын және шығыстар бойынша – шамамен 48%-ын алады. Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың олардың өз бетімен жұмыс істеуінің үш деңгейі бойынша өз ерекшеліктері бар: облыстық бюджет деңгейінде, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджеті деңгейінде және аудан бюджеті деңгейінде.

Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер коммуналдық меншіктен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер коммуналдық меншіктен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түскен түсімдерден; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алу өткізуден ақша түсімдерінен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдардан, өсімақылардан, санкциялардан, алымдардан түсетін кірістерді; облыстық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді білдіреді.

 ҚР Ұлттық қоры  Қазақстан экономикасының әлемдік нарықтағы бағаға тәуелді болуы салдарынан Қазақстанның шикізат ресурсынан ҚР Ұлттық қоры Қазақстан экономикасының әлемдік нарықтағы бағаға тәуелді болуы салдарынан Қазақстанның шикізат ресурсынан түсетін табысты тиімді басқару және осы тәуелділікті төмендету мәселесі өзекті болып отыр. Мұнай секторынан мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің үлес салмағы жалпы түсімнің 30%-ын құрайды. Елдің жалпы экспортында мұнай және газ конденсатын экспорттау үлесі артуда. Бұл «голланд ауруына» алып келуі мүмкін. Экспорт өсуі жағдайда, сауда жағдайы жақсартылады, бұл болса, импорттың өсуіне және капиталдың әкетілуінің артуына алып келеді. Бірінші жағдайда ұлттық валюта нығаяды және осыдан, басқа экспорт тауарларының бәсекеге қабілеттілігі түседі және өндіріс қысқарады. Екінші жағдайда, елден капитал шетке шығарылады. ҚР Ұлттық банкі ұлттық валютаны нығайтуды ұстап тұру үшін ақша массасының көлемін арттырды. Осыған байланысты, ақша-несие саясатының негізгі мақсаты елде инфляцияны ұстап тұру болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі инфляцияның монетарлық факторымен күресу мақсатында ақша-несиені реттеу құралын пайдаланады. Олар баршаға белгілі – бұл Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ставкасын арттыру, банктерге қойылатын резервтік талаптар нормаларын арттыру, екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыз алуын шектеу және т. б. Қазақстан Үкіметі инфляцияның монетарлық емес факторларымен күресу үшін елдегі инфляцияның өсуіне жол беретін қазақстандық экономикасының шикізат ресурсына және мұнай долларына тәуелді болуын төмендету бойынша шаралар кешенін әзірлеуде. Инфляциялық қысымды ұстап тұру тәсілінің бірі тұрақты қор құру және экономикадан ресурстың бір бөлігін алу болып табылады.

ҚР Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын, болашақ ұрпақ үшін қаржы қаражатын жинақтау, қолайсыз сыртқы факторларғаҚР Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын, болашақ ұрпақ үшін қаржы қаражатын жинақтау, қолайсыз сыртқы факторларға экономиканың әсерін төмендету мақсатында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» 2000 жылғы 23 тамыздағы Жарғысын шығарды. Қойылған мақсатқа сәйкес ҚР Ұлттық қоры екі функция атқарады: республикалық бюджеттің әлемдік бағалар коньюктурасына әсерін төмендетуді жүзеге асыратын тұрақтандыру функциясын; болашақ ұрпаққа жинақ ақша қалыптастыру арқылы жүзеге асырылатын жинақтау функциясы. ҚР Ұлттық қорының қызметіне қойылатын негізгі талаптар Ұлттық қор табысын қалыптастыру тетігінің айқындығында және қаражатын елдің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесіне тиімді пайдалануға негізделген.

Осы Тұжырымдамаға сәйкес ҚР Ұлттық қорын қалыптастырудың негізгі көзі мыналар болып табылады:  - мұнай секторынанОсы Тұжырымдамаға сәйкес ҚР Ұлттық қорын қалыптастырудың негізгі көзі мыналар болып табылады: — мұнай секторынан түсетін тікелей салық (жергілікті бюджетке есептелетін салықты қоспағанда), оған корпоративтік табыс салығы, асыра табысқа салынатын салық, роялти, бонус, өнім бөлігі бойынша үлес, экспортқа шығарылатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын ренталық салық жатады. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мұнай секторы төлейтін салықтың басқа түрлері тиісті бюджетке есептеуге жатады. Бұл ретте, мұнай секторының кәсіпорындарына шикі мұнай мен газ конденсатын өндірумен және (немесе) сатумен айналысатын барлық заңды тұлғалар жатады; — республикалық меншіктегі және тау-кен өндірісі мен қайта өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер; — ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер; — Қазақстан Республикасының заңнамасында тиым салынбаған өзге де түсімдер мен табыс.

ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану көзі ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану көзі