+5Такырып-УТ ондиру, болу, тутыну.ppt
- Количество слайдов: 33
5 – ТАҚЫРЫП. ҰЛТТЫҚ ТАБЫС: ӨНДІРУ, БӨЛУ, ТҰТЫНУ және ЖИНАҚТАУ
Қарастыратын сұрақтар: 1. Макроэкономикалық процестер мен құбылыстарға қатысты классикалық және кейнсиандық бағыттар. 2. Өндіріс және өндірістік функция. 3. Тұтыну функциясы. Кейнс жорамалдары. Кейнстің тұтыну функциясы. 4. Тұтынуға бейімділік шегі және жинақ ақшаға бейімділік шегі. 5. Инвестициялық функция. 6. Жоспарланған және нақты шығындар. 7. Кейнсиандық крест. 8. Табыстың тепе-теңдік деңгейі. 9. Кейнстің мемлекеттік шығыстар мультипликаторы мен салық мультипликаторы. 10. Инвестицияны ығыстыру нәтижесі. 11. Макроэкономикалық тепе-теңдік
Өндіріс - бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі.
Экономикада Т мен Қ өндіру 2 параметрден тұрады: - өндіріс факторлары - өндірістік функция Өндіріс факторы – Т мен Қ өндіру үшін қолданылатын барлық ресурстарды айтады. Маржинализм теориясы бойынша өндіріс факторлары: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілік.
Өндірістік функция – факторлардың берілген көлемінен қанша өнім өндірілетінін көрсететін өндірістік технология: У = F(K, L)- Кобба-Дуглас функциясы.
Бөлісудің неоклассикалық теориясы – ҰТ бөлінуі өндіріс факторларының бағасымен анықталады. Факторлар бағасы - өндіріс факторларын пайдаланғаны үшін әр факторға төленетін төлем : жұмысшылардың еңбек ақысы немесе меншікті капиталдан түскен табыс.
Өндіріс факторларының тепе-теңдік бағасы факторларға сұраныс пен оның ұсынысына байланысты. Сұраныс пен ұсыныстың қиылысу нүктесі өндіріс факторының тепе-теңдік бағасын көрсетеді. Өндіріс факторына деген сұранысты көптеген пайдаланушы фирмалар жасайды.
Экономикадағы өндірістік функцияны Y=F(K, L) қарастырайық. Y – фирманың өндірген өнім бірлігі. K – пайдаланған (капитал) машина саны. L – әр сағаттағы еңбек еткен жұмысшылар (еңбек) Бәсекелес фирманың P - өнім бағасы, W – жұмысшылар жалақысы, R – капитал бағасы болсын.
(P*MPL) >W, онда L арттырады, ол ∆пайданы өсіреді. Фирма пайдасын көтеру үшін еңбек санын P*MPL = W дейін арттырады да фирманың еңбекке сұранысы анықталады.
• Өндіруші бәсекелес фирмалар алдына қанша еңбек күші не қанша капитал жалдау керектігінің мәселесі туындайды. ∆пайда =∆түсім- ∆шығын =(P*MPL)-W, не ∆пайда =∆түсім- ∆шығын =(P*MPK)-R,
Фирманың негізгі мақсаты – ең көп пайда табу. Пайда – шығындардан кейінгі қалған түсім, не кәсіпкердің өндіріс шығындарына жұмсалғаннан кейінгі өз меншігінде қалған түсімі. Түсім – кәсіпкердің барлық өндірген өнім мөлшері мен әрбір өнімнің сатылған бағасы, яғни Р*. Шығын – еңбек пен К - ға кеткен шыңындар. Сондықтан: Пайда = Түсім - Еңбек шығыны – Капитал шығыны = P * Y - W * L – R * K.
Пайданың өндіріс факторларымен байланысын білу үшін өндірістік функцияны пайдаланамыз: Пайда = P * F(K, L) –W * L – R * K Шығын капитал мен пайдаланған еңбекке бөлінеді. Шектеулі еңбек - MPL (капитал-МРК) өнімі– дегеніміз қосымша еңбек (капитал) бірлігін пайдаланып өндірілген артық өнім мөлшері. MPL=F(K+1, L) – F(K, L)=(MPK*K)+(MPL*L) Қорытынды: барлық табыс капитал төлемі мен еңбек төлеміне олардың сәйкес шектеулі өнімділігіне бөлінеді.
Бұдан MPL = W/ P, бір жұмысшының өндіріліген өнім бірлігімен көрсетілген еңбек ақы мөлшері. Дәл осылайша: MPK = R/P –нақты ренттік төлем.
Еңбекке сұраныс
Қорытынды: Фирманың өндіріс факторларына сұранысы белгілі фактордың шекті өнімі осы фактордың нақты бағасына тең болғанға дейін болып отырады
Тұтыну функциясы. Кейнс жорамалдары. Кейнстің тұтыну функциясы. Экономикадағы өндірілген өнімдердің көп бөлігі негізінен тұтынуға арналады. Тұтынуды зерттеген Дж. М. Кейнс. Тұтынудың барлық формалары ЖІӨ-ң үштен екі бөлігін құрайды. Тұтыну мен қолдағы бар табыс арасындағы байланысты тұтыну функциясы деп атайды: С = С(У – Т).
Тұтынуға бейімділік шегі (МРС) деп табыс өзгерісіндегі ( Y) бір ақша бірлігіне келетін тұтыну шығысындағы өзгерісті ( С) айтамыз: МРС = С/ Y. Ол 0< МРС< 1 арасындағы интервалдар мәнін қабылдайды. Ал жинақ ақшаға бейімділік шегі (МРS) болып табыстың бір ақша бірлігіне өзгеруінен туындаған жинақ ақша шамасындағы өзгерісті көрсетеді: MPS = S/ Y.
Енді өндірілген өнімге сұранысты және ұсынысты сипаттайтын осы теңдеулерді біріктірейік, онда мынаны аламыз: Ү = С (Ү - Т) + I (r) + G
Классикалық теорияға сәйкес, қор жинағының және инвестицияларды анықтайтын фактор — пайыз мөлшерлемесі болып табылады. Кейнс теория(сына сәйкес экономиканың тепетеңдігін қалыптастыратын негізгі фактор - үй шаруашылықтарының қолда бар табыс көлемі тұтыну және қор жинау басты фактор болып табылады. Кейнстің тұтыну функциясын (алгебралық түрдегі өрнегі: C = а + b ( Y-Т), Мұндағы а – табысқа қатысы жоқ дербес тұтыну, b = MPC – тұтынуға бейімділік шегі. Қор жинағының қарапайым функциясы: S = -а + (1 - b) (Ү - Т) Мұндағы: b = (МРС) = ∆C / ∆(Y- Т); (1 - b) =МРS= ∆S / ∆(Y – Т) – қор жинаққа бейімділік шегі.
Инвестиция Макроэкономикада инвестиция нақты ЖІӨ-нің динамикасына өз әсерін тигізетін капиталды бір деңгейде ұстап тұруға және оны көбейтуге жұмсалатын шығыс ретінде түсіндіріледі. Нақты инвестиция үш негізгі бағытқа бөлінеді: негізгі капиталдағы кәсіпкерлік инвестиция, тұрғын үй құрылысы және қордың өзгеруі (тауарлық-материалдық құндылықтағы инвестиция).
инвестицияға әсер ететін маңызды факторлар – пайыз нормасын және ұлттық табыс шамасы. Пайызға (кері) тәуелді инвестиция бөлігін ескере отырып, инвестиция функциясын жазайық: I = Ia – dr,
Инвестициялық функцияның графигі Пайыз нормасы, r А r 1 В r 2 0 I 1 I 2 Инвестицияға сұраныс Инвестиция
Неоклассикальқ көзқарас жорамалы : нарықты тепе-теңдік жағдайға әкелетін құрал —баға бұл жағдайда нақты және ақша секторлары бір-біріне ықпалын тигізбейді. «Баға» деп : Ø тауарлар мен игіліктер деңгейлерінің ақшалай бірлікте көрсетілуі Ø пайыздық мөлшерлеме Ø нақты еңбекақы қарастырылады.
Осы көзқарасты сынаған Дж. Кейнс атымен кейнстік қөзқараста: тепе-теңдік айырбасталатын көлем — тауарлар мен қызмет көрсету және жүмысбастылық көлемі есебінен орнайды.
Жабық экономикада Кейнсиандық үлгідегі жиынтық сұраныс – бұл нақты жиынтық табыс деңгейінің әрбір мәнінде барлық нарық субъектілері тарапынан сұраныс болатын жиынтық шығарылым мөлшері: Ү = С + I +G (1) C = а + b(Ү - Т) -тұтыну функциясы І = I (г) -инвестиция функциясы; G - мемлекеттік сатып алулар; Т - таза салықтар. Ү = Ғ(К , L) = Ү – шығарылған өнімдер ұсынысы
Берілген теңдеу — тауарлар нарығындағы нақты шығындардың тепе-тендігінің шарты. Сол жағы шығарылатын ұсынысты көрсетеді, ал оң жағы — оның сұранысының сипаттамасы болып табылады. Кейнс теориясына сәйкес экономиканың тепе -теңдігін қалыптастыратын негізгі фактор пайыз мөлшерлемесі емес, басты фактор үй шаруашылықтарының қолда бар табыс көлемі тұтыну және қор жинау динамикасы.
Жоспарланған шығындарға қарағанда нақты шығындарға фирмалар жұмсауға мәжбүр болатын, жоспарланбаған инвестициялар салу міндеттілігі кіреді. Жабық экономикадағы жоспарланатын шығындар функциясы: Е= C + I + G. Немесе
Жоспарланған шығыстар табыс көлеміне байланысты, яғни Y=Е. Осы теңдеу макроэкономикалық тепетеңдік шарты. Ол бұзылса, игіліктер не кем, не артық өндіріліп, экономикада инфляция не өндіріс құлдырауы немесе жұмыссыздық пайда болады.
Жалпы Кейнсиандық крест табыстың (Y) бюджетсалық саясаты мен жоспарланған шығындардың (Е) белгілі бір көлемінде қалай анықталатынын көрсетеді: E Ү=Е (табыс=шығын) Жоспарсыз жиналған қор (рецессиялық үзіліс) А E=C(Y-T)+I+G Жоспарсыз азайған қор (инфляциялық үзіліс) Y 2 Y 0 Y 1 Y
I немесе G шамаларынының артуынан (азаюынан) және Т салық шамасының азаюынан (артуынан) жоспарланған шығыстардың қисығы жоғарыға (төменге) дәл сондай өзгеріс шамасына жылжиы
Кейнсиандық крестке мемлекеттік шығыстар мультипликаторы мен салық мультипликаторының әсері Мультипликатор – көбейткіш. Оның мағанасында инвестиция өсуі ұлттық табыстың өсуіне әкеледі
+5Такырып-УТ ондиру, болу, тутыну.ppt