4-5 дәрістер Антикалық мәдениеттегі философия Тараз Мемлекеттік Педагогикалық
4-5 дәрістер Антикалық мәдениеттегі философия Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институты «Философия және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы Дәріс жүргізуші: филос.ғ.к., доцент Нұрадин Гүлхан Болатқызы
Дәріс сұрақтары 1. Көне грек философиясының қалыптасуы мен дамуының мәдени-әлеуметтік контексі. 2. Аристотель философиясы антикалық мәдениет энциклопедиясы хақында. 3. Көне грек философиясының әрі қарай дамуындағы софистер мен Сократтың рөлі. 4. Платонның білім және құзырлық мәселесін қоюының іргелілік сипаты. 5. Эпикуреизм – жеке бастың игілікті болуының философиясы ретінде. 6. Антикалық философияның дүниетанымдық бағдарларының адамның мәдени және саяси-әлеуметтік белсенділігінің қалыптасуына әсері.
Грек мифологиясы http://www.hellados.ru/ Ертегректік мәдениет грек мифологиясы мен генеологиясынан басталады Политеизм - көпқұдайлық Адамдар мен құдайлар арасаында үнемі арпалыс болды Құдайлар гректердің еркіндігі мен бостандығына өз кедергілерін тигізді Сократ бастаған біршама данышпандар шығысқа барып ілім үйреніп, оны құдайларға қарсы қолданды. Кейіннен бұл түсінік батыс христиандығына үлкен ықпал жасады Б.э.д. 5 ғ. ерте гректерде философиялық және космологиялық жүйелер пайда болып, мифтің рөлі төмендеді
Антикалық философия Б.э.д. 5 ғ. мифтің рөлі әлсіреген тұста философия мен табиғат туралы ілімдер әлі бір-бірінен ажырамаған еді. б.э.д. 7 ғ. ертегректік құлиеленушілік қоғамда және б.э.д. 2 ғ. бастап б.э. 6 ғ. басына дейін ертеримдік құлиеленушілік қоғамда дамыған философиялық ілімдердің жиынтығы Антикалық философияда тұрпайы материализм қалыптасты.
Антика философиясының үш тарихи кезеңі: Ерте гректік философия - б.э.д. ҮІІ-ҮІ ғғ. Сократқа дейінгі философия. Өкілдері: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Пифагор, Гераклит, Парменид, Анаксагор, Эмпедокл, Левкипп, Демокрит. Грек классикалық философиясы - б.э.д. Ү-ІҮ ғғ. Сократ, Платон, Аристотель. Эллиндік философия - б.э.д. ІІІ ғ.мен б.э. ҮІ ғ. Оған Платон Академиясы, Аристотель перепатетиктері, Диоген киниктері, Зенон, Марк Аврелийдің стоиктер, скептиктер, Эпикурдің эпикурліктері, Плотиннің неоплатондықтары жатты.
Диоген Лаэртский “Танымал философтардың өмірі, ілімі және тағылымдары туралы”
Антикалық негізгі мектептер 1. Милет мектебі: Фалес, Анаксимандар, Анаксимен, Пифагор, Архит, Тимей Локрский, Элеаттар, Ксенофан, Парменид, Зенон Элейский, Мелисс; 2. Гераклит мектебі: Гераклит, Анаксагор; 3. Атомистер мектебі: Левкипп, Демокрит, Эмпедокл, Диоген Апполонийский; 4. Софистер мектебі: 4.1. Аға буын софистер: Горгий, Протагор, Продик, Гиппий; 4.2. кіші буын софистер: Фрасимах, Калликл, Критий, Ликофрон, Алкидам.
Антикалық жалпы мектептер Сократтық мектеп: Сократ, Платон, Спевсипп, Ксенократ; Магерлік мектеп: Евклид, Стильпон, Диодор Крон; Киниктер мектебі: Антисфен, Диоген Синопский; Киренаиктер мектебі: Аристипп, Феодор-Атеист, Эвгемер; Элидо-Эритрийстік мектеп: Федон, Плистен т.б.
Антикалық жалпы мектептер Аристотель және перипатетиктер мектебі: Аристотель, Теофраст, Эвдем Родосский, Стратон, Аристоксен, Дикеарх, Критолай, Кратипп. Скептиктер мектебі: Пиррон, Энесидем, Агриппа; Эпикуреизм: Эпикур, Метродор Лампсакский; Стоиктер мектебі (ерте және орта): Зенон Китийский, Клеанф, Тимон, Хрисипп т.б. Киниктер: Кратет, Гиппархия; Римдік мектептер б.э.д. Iғ. - б.э.Vғ.: Эклектизм, Цицерон, Римдік эпикуреизм, Лукреций, Сенека, Эпиктет. (Антикалық философия ықпалымен пайда болған).
Милет мектебінің өкілдері: Фалес, Анаксимандар, Анаксимен, Пифагор, Архит, Тимей Локрский, Элеаттар, Ксенофан, Парменид, Зенон Элейский; Милет Эфес Элей
Ф А Л Е С Түпнегізі –«су» «Барлығы да су және әлем құдайларға толы" шамамен 640-562 Б.з.д.585 ж. 28 мамырда күннің тұтылуын болжаған Египетте білім алды Милет мектебі Ионийлік мектеп Алғашқы бастама (архе) Египеттен геометрияны алып келіп гректерге таныстырды Жеті данышпан ның бірі Алғаш күнтізбе нұсқасын жасаған
Түпнегізі –«апейрон» «Қарапайым «шексіздік»" шамамен 610-540 “Табиғат туралы” проза (грек тілінде, бізге жетпеген) Материяның сақталу және айналу заңын тұңғыш рет тұжырымдады Материяның сақталу және айналу заңын тұңғыш рет тұжырымдады Тарихтағы тұңғыш эволюция идеясын ұсынды (адам –балық) АНАКСИМАНДР Жер төңірегінде күн, ай және жұлдыздар айналып жүреді Тұңғыш күн сағатын ойлап тапты
А Н А К С И М Е Н Түпнегізі –«ауа» шамамен 588-525 Архé (греч. αρχή, лат. principium) – бастама (принцип) мағынасын беретін ертегректік философиялық термин Құдайлар ауаны жаратқан жоқ, керісінше ауа құдайларды жаратты Құдайлар -материалдық субстанцияның модификациясы (өлшенген өлшемі) Метерология және астрономиямен шұғылданды Ауа-райының құбылуы күннің белсенділігіне байланысты Жел – тығыздалған ауа Күн, ай – ауа ортасында қалқып жүрген отты жапырақтар
ГЕРАКЛИТ Түпнегізі –«от» «Бір өзенге екі рет түсу мүмкін емес» шамамен 540 - 480 Жалған аты: “Жылауық” Қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі принципі (әлемді үйлесімділікте ұстайды) Ұдайы өзгергіштік принципі (әлемде тұрақты нақты, өзгеріссіз ештеңе жоқ) Салыстырмалылық принципі (әлемде барлығы салыстырмалы түрде таразыланады) 1 2 3 Логос мәңгі және әлемдегінің бәрі Логоспен келісімде орын алады
Түпнегізі –«жер» шамамен 570 - 478 67 жыл өмірден баз кешкен ақын Негізгі шығармасы “Сатира” 5 кітап (барлық ақындар мен философтарға арналған) Антропоморфтық құдайларға қарсы болып, біртұтас универсум құдайды жақтады Құдай адамға ұқсамайды, ол шар тәрізді, бәрін көреді, естиді, ол барлық жерде. Құдай ақиқатты болмыстың нақ өзі. Натурфилософ Архелейдің шәкірті «барлығы жерден пайда болды және барлығы жерге айналады» Данышпанды көргісі келген адамның өзі де данышпан болуы керек ЭЛЕЙ МЕКТЕБІ 2 принципі: Болмыс – тұтас Өзгеріс - бұлдыр Италийстік философия
ПАРМЕНИД шамамен 540-470 жж. Болмыс бар - биболмыс жоқ. Болмыс бөлінгісіз - біртұтас. Болмыс өзгеріссіз - мәңгі. Биболмыс – ақылға қонымсыз. Болмыс пен биболмысты қатар қойды Болмыс пен ойлаудың бірлігі идеясын қалыптастырды Парменид пікірінше: әлем екі алғашқы материяға бөлінеді, жарық әрі әрекетті от пен қараңғы әрі бейтарап масса. Осы екеуінің араласуы нәтижесінде әлем пайда болған. Философиялық-дидактикалық “Табиғат туралы” шығарма ескі гомерлік тілде жазылған. “Ақиқат жолы” және “Пікірлер жолы” атты екі бөлімнен тұрады.
ЗЕНОН шамамен 490-430 жж. “Ахилл мен тасбақа” апориясы; “Дихотомия” апориясы (Кеңістікті шексіздікке бөлу) Бейне “уақыттың жиырылуы” искривление времени Замандастарының мәлімдемесі бойынша Зенонның 40 апориясы болған, сақталғаны 9, танымалы 4. “Ұшатын жебе” апориясы; “Стадия” апориясы; (Үздіксіз уақыт пен кеңістіктің”сол сәт” пен “сол мезгілге” сәйкес келмеуі) ҚОЗҒАЛЫС АПОРИЯЛАРЫ (қозғалыстың мәнсіздігі) “Құлап бара жатқан дән” апориясы; “Кеңістікке қарсы” апориясы (есту мен көру сынды сезімдердің сенімсіздігі)
Элей мектебі қабылдау елесі және шынайы ойлау Бос кеңістікте, көбеюде, қозғалыста жоқ, олар миға сыймайды, оған ақыл дәлел бола алады. Сезім құлазудың орнын толтыра алмайды бірақ қозғалыстағы көптеген заттардың бар екендігін білдіреді Осылайша бізде бір-біріне әйтеуір бірнәрсеге қарама-қайшы тұра алатын екі ілім көзі бар Бұл екеуінің қайсысын сенімді деп мойындауға болады
Левкипп ертегректік философ. Кезінде Эпикур: “Левкипп – ойдан шығарылған тұлға” – деді. 19-20ғғ. Бұл ойды неміс филологтары Э.Роде, Натроп және т.б. жақтады. Бұл оймен көптеген зерттеушілер келіспейді. Левкипп Демокриттің замандасы әрі ұстазы. “Үлкен диакосмос”, “Ақыл туралы” деген шығармалары бар. Аристотельдің айтуынша: Левкипп элеаттар тұжырымына жақын сезімдік тәжрибесіз материалдық денелер қозғалысының мүмкін еместігін айтты. Ол биболмыс, яғни, бос кеңістік бар деп тұжырымдады. Оның атомизм туралы ойларының Демокритке жақындығы сондай оларды бір деп есептеуге болады. ЛЕВКИПП б.э.д. 5 ғ. Оның өмірінен еш нәрсе белгісіз.
Демокрит Абдерден шыққан ертегректік философ, ғалым-энциклопедист. Батыста философиялық және ғылыми атомизмнің тарихи типін алғашқы болып негіздеді. Египет, Вавилон, Парсы, Араб, Эфиопия, Үнді жерлеріне саяхат жасады. 70-тей шығарма авторы, “Адамның табиғаты туралы”, “Кіші әлем құрылымы”, “Идеялар туралы”, “Мақсат туралы” т.б.) Ол заттардың көптүрлілігі мен әртүрлілігі, әлемнің материалдығы мен бірегейлігі, таным процесі сынды сұрақтардың жауабын тапты. Ол алғаш рет адам ағзасының құрылымын ғарышпен салыстыра отырып, “Микрокосм” терминін қолданды. Адамның жаны өлгеннен соң кеңістікке тарап кетеді. ДЕМОКРИТ Б.э.д. 460-370 жж. Әр нәрсенің өз себебі, Өз қажеттілігі бар “Еутемия” – әрқашан жақсы көңіл-күйде болу, құмарту, қорқыныш сезімдерінен ада болып, даналыққа ұмтылу.
Левкипп пен Демокрит ғылымға алғаш рет бөлінбейтін, көрінбейтін, өте ұсақ бөлшектер – “атом” ұғымын ұсынды. Олар антикалық атомистиканың негізін салушылар. Көпетеген атомдар ұйықты туғызады, ал одан әлемдер п.б. Ірі атомдар космостың ортасына жиналып, тегіс жерді құрайды. Атомдар қатты болғандықтан бөлінбейді, сапасы жоқ, бір-бірінен үлкендігі, пішіні, және салмағы арқылы айрықшаланады, орналасуы мен тәртібі бос кеңістікте мәңгілік қозғалыс арқылы айқындалады.
СОКРАТ (шам.б.э.д. 470-399) Дәрежесі: ертегректік философ, Ерте Греция философиясының негізін қалаушы. Негізгі мақсаты - адамның мәнді өмір сүруін біліп, үйренуін қалыптастыру. Жетістіктері: индуктивті дәлелдеуді алғаш қолданушы, майевтика тәсілінің авторы, ақиқатты іздеудің негізгі тәсілі - диологты қолданушы. СОКРАТТЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ «Мен ештеңе білмейтінімді білемін ... сондықтанда мен сенімен бірге ойланып, бірге ақиқатты іздегім келеді». «Ізгілік – бұл білім». «Өз-өзіңді танып біл». “Адамның мән-мағынасы – ақыл-ойға, ерік-жігерге, адамгершілікке негізделген «жанда»”. “Әр адам өз өмірінің қожасы”.
Адамның жан дүниесін жетілдіру ИРОНИЯ МАЕВТИКА Менің білетінім – Ештеңе білмейтінім Мен не үшін өмір сүремін? Менің арым таза ма? АҚИҚАТ Өзін-өзі тану Бүкіладамзатты тану
Софистика Б.э.д. 5 ғ. екінші жартысында Афинада п.б. алғашқы жалпы білім беретін кәсіби ұстаздар, философ-ағартушылардан құралған мектеп. Гректің “софист” (sophistes – дана) сөзінен шыққан шешендік өнерді үйрететін алғашқы ақылы мұғалімдер. Софистердің шығармалары сақталынбаған. Олардың мақсаты оқушылардың жинақталған білімдерін пікірталастарда дұрыс пайдалануға үйрету. Протогор, Горгий, Гипий, Продик, Антифонт сынды аға буын софистер саясат, этика, мемлекет, құқық, тіл білімі мәселелерін зерттеді. Халық оларға “жалған дана” деген ат берді. Софистердің көпшілігі өз сабақтарына аз ақша алған жоқ, сондықтанда оларда менсінбеушілік пен тәккаппарлық п.б. Кіші буын софистер Фразимах, Критий, Алкидам, Ликофон, Нолемон, Гипподам сөз аламастыру, ақиқат пен жалғанды бір уақытта дәлелдеудің алдамшы тәсілдерімен айналысты.
ПЛАТОН (б.э.д. 428/427 – 348/347) Дәрежесі: ертегректік философ-идеалист, объективті идеализмнің негізін қалаушы, 30-35 философиялық диологтың авторы, академияның негізін қалаушы. Ұстанымы: “Идеалды мемлекет” болу үшін әлеуметтік стратификация міндеттері қатаң детерминациялануы тиіс. Негізгі шығармалары: “Софист”, “Парменид”, “Теэтет”, “Мемлекет”, “Заңдар”, “Саясаткер”, “Сократ апологиясы”, “13 авторлық хаттар” т.б. ЖАН МӘҢГІ
Идеялар әлемі ИГІЛІК ҮЛГІ (идеалды әлем) КӨШІРМЕ (физикалық әлем) ЖАРАТУШЫ (демиург, көшірме авторы) “Д е м и у р г” - гректің “заттарды жасап шығарушы”, “шебер”, “жаратушы” сөздерінің мағынасын береді.
Демиург материямен мәңгі бірге «Ғаламды жаратушы және әке». Демиург материя мен алғашқы бейнеге тәуелді емес, себебі ол аса күшті емес. Аристотель мұндай Демиургты шеттетіп, бұл терминді өзінің алғашқы түпнұсқалық мағынасымен – қолөнерші, шебер деп қолданады. Демиург Платонның “Тимей” диалогында жазылған Демиург - космосты жаратушы құдіретті әке, ол аспанды, жерді және оның мекендеушілерін де жаратты
Аристотель (б.э.д. 384-322) Дәрежесі: ертегректік философ, энциклопедист, дуалист, Ликей немесе перепатетиктер мектебінің негізін салушы. Туған жері: Стагир Білімі: Афинадағы Платон мектебі Ұстанымы: Барлығына ақыл арқылы қол жеткізуге болады. Негізгі шығармалары: «Саясаттану», «Никомахтық этика», «Үлкен этика», «Эвдова этикасы», “Риторика”, “Поэтика”, “Этика” т.б.
Платон мен Аристотель
Ежелгі Греция өмірі
Аристотель философияны бөлді: теоретикалық бөлім - болмыс және оның бөліктері, себептер мен бастамалар туралы ілім; практикалық бөлім – адамдық әрекеттер туралы; поэтикалық – шығармашылық туралы. Ғылымға – ақыл арқылы, ал жалпыны тек сезім арқылы тануға болады. Жалпыны танудың шарты – индуктивтік жалпылық, ал ол сезімдік қабылдаусыз мүмкін емес.
Аристотель 4 себепті мойындады: Материя, немесе қалыптасудың пассивті мүмкіндігі; Форма, материяға тек мүмкіндік болып беріліп тұрған шындық; Қозғалыстың бастамасы; Мақсат. Аристотель философия, логика, этика, өнер, поэзия, риторика, саясаттану, психология, космогония, биология және т.б. ғылыми бағыт салып зерттеген.
М е т а ф и з и к а б.э.д. І ғ. Аристотель енгізген, сөзбе-сөз аударғанда «физикадан соң» деген мағына білдіреді, ал Аристотель мұны «алғашқы философия» деп атаған. Себебі Аристотель барлық ғылымдар үшін міндетті нәрселердің өзгермейтінін және сезім мүшелерімен емес, оймен ғана пайымдауға болатынын ескеріп, ең жоғарғы бастама ретінде қарастырды.
Эпикур (б.э.д. 341-270) Дәрежесі: ертегректік философ, Демокриттің қолдаушысы, 300-ге жуық шығарма, Афинада 800 жыл өмір сүрген «Эпикур бағы» мектебінің авторы. Туған жері: Самос аралы. Ұстанымы: еш нәрсе жоқтан пайда болып, жоққа кетпейді. Негізгі шығармалары: табиғат туралы ойлары бар «Геродотқа хат» пен «Пифоклға хат» ғана сақталған. «Менекейге хат» мораль сұрақтарын қамтамасыз етті.
Скептицизм б.э.д. 4 ғ. Элидтік Пиррон алғаш рет негізін қалаған антикалық ертегректік ілім. Пиррон Ежелгі Грецияда бірінші рет бұрыннан таралған сезімділіктің танымдық құндылықтарындағы күдік келтірді. Гераклит: «көз бен құлақ – жалған куәгерлер»; Демокрит: «сезімнің нәтижесі қараңғы», «бұл анықталған ақиқат емес, жәй ғана пікір»; Скептицизм қарапайым күдіктен догмалық күдікке айналды. Пирронның ісін оның шәкірті Тимон жалғастырды. Скептицизмнің ары қарайғы өрлеуіне үлкен ықпал еткен б.э.д. 1 ғ. Крит Энесидем , ол тіпі атақты ақын Лукиан (2 ғ.) мен еңбектері бүгінгі күнге дейін сақталған бұрынғының жалғыз философ-скептигі Секст Эмпирикке де өз әсерін тигізді. Скептицизм анық білімнің мүмкіндігін терістеп, ізгілікті нормалардың рационалды негіздеу мүмкіндігіне сенбеді. Құбылыстардың бар екеніне күдіктенбестен, тек біз ғана нақтылықты игере аламыз деп есептеді.
Пиррон шам. 365 - шам. 275 Орта Академия Жаңа Академия Үлкен скептиктер Кіші скептиктер Кеш пирронизм Энесидем б.э.д. I ғ. Агриппа б.э.д. I ғ. . - б.э. I ғ. Секст Эмпирик б.э. II ғ. Академиялық скепсис Аркесилай 315-241 Карнеад 214/13-129/28 Тимон Флиунттен 325/20-235/30 Клитомах 187/86-110/09 Антикалық скептицизм
Ол үш негізгі бөліктен тұрады: «Каноника» - таным теориясы; «Физика» – натурфилософия; «Этика» - әдептілік теориясы. Эпикур философиясы жаңа ілімдерге ұмтылушы классикалық ертегректік философия өкілдерінен, адамның мәнді өмір сүруі, рухани тағатсыздық пен жанның тыныш болуы, өлім қорқынышынан арылу, дәл қазіргі және болашақтағы болатын оқиғаларға дайын болу, қасірет шегу мен құштарлықтың шекарасын түсінбеу сынды мәселелерден тұратындығымен ерекшеленді.
ЖЕТІ ДАНЫШПАН Фалес, Солон, Биант, Питтак, Клеобул, Хилон, Периандр Солон: «ештеңе артық», «құпияны анықтық арқылы шеш»; Фалес: «сыртыңнан сұлу болма, ісіңмен әдемі бол»; Биант: «күшпен емес сеніммен ал»; Питтак: «жақыныңдағы сен ұнатпайтын істі, өзіңде істеме»; Клеобул: «көп сөйлеуші емес, көп тыңдаушы бол».
Жалпы грек философиясының үш сипаты Космологиялық (натурфилософиялық кезең); Этико-саяси (универсалды философиялық ғылыми жүйенің қалыптасу кезеңі); Этико-діни-философиялық (этика және дін философиясы);
“Эрос” - гректің “махаббат” сөзі: 1) махаббат пен сексуалдылықтың мифологиялық құдіреттілігі; 2) сексуалды инстинкттің (сексуалды елігу), өмір инстинкті мен өзін-өзі қорғаудың жеке дараланған мағынасы. “Эрос” - махаббатының жалпы эмблематикалық мағынасы. Эрос (өмір) мен Танатос (өлім) күресі ауыспалы табыспен жүреді, бірақ оның ақырғы есебі тек ғана біреу – ”Танатос” жеңісі.
4-5._antika_.ppt
- Количество слайдов: 40