Презентация Microsoft PowerPoint.ppt
- Количество слайдов: 16
Әуе кеңістігін қорғаудың әлеуметтік - экономикалық мәселелері
Жоспар: 1. Атмосфераны ластаушы көздер, ластаушы заттар, олардың табиғи ортаға әсері. Ластаушы заттарды шығарудың, табиғи ортада шоғырлануының жол берілетін шектері туралы ұғым. 2. Атмосфераны қорғау шаралары және олардың тиімділігін анықтау. 3. Атмосфераның ластануынан болатын экономикалық зиянды есептеу әдістері.
Жерді қоршаған ауа қабаты - атмосфера жердегі тіршілікке қажетті жағдай болып табылады. Атмосфера күн энергиясының жартысына жуығын өзіне сіңіреді, қысқа толқынды, тіршілікке керекті гамма сәулесі толығымен атмосферада ұсталып қалады. Атмосфера жер бетін метеоридтерден қорғайды. Жер беті мен атмосферада тұрақты жылу, ылғал алмасуы болып тұрадьк Ауа сонымен қатар ерекше өндірістік табиғат байлығы болып табылады, көптеген өндіріс-терде, әуе және автомобиль транспортында пайда-ланылады.
n n Құрғақ атмосфера ауасы - 73, 09% азот, 20, 95% оттегі, 0, 93% аргон, 0, 03% көмірқышқыл газдарынан тұрады. Қалған (неон, галий, сутегі, криптон, ксиптон) газдарының үлесі 0, 01%-тен аспайды. Атмосфера ауасының салмағы - 5, 15 -1015 т (5, 15 квадрилион). Атмосфераның төменгі тығыз қабатында - оның 80%-і орналасқан. Тропосфера қабатының қалыңдығы жер полюстерінен - 8 км, экватор шеңберінен - 18 км. Атмосфераның 20%-і стратосферада жерден - 55 км-ге дейінгі қашықтықта орналасқан.
Қазақртан қалаларындағы атмосфералық көрсеткіштер жиілігі және АЛП
n n Атмосфера ауасы ешқашан абсолютті шамада таза болмайды. Егер мұхит бетіндегі ауаны ең таза деп алатын болсақ, ауыл шаруашылық жеріндегі ауаның тазалығы одан 10 есе кем, шағын қалаларда 35 есө, үлкен қалада 150 есе, өнеркәсіп орталықтарында 1000 есе кем. Ауаның тазалығын сақтау үшін алдымен оны ластаушыларды білу керек. Ауаны ластаушы заттардьи үлкен екі топқа: табиғи және антропогендік ластау-шылар деп бөледі.
Табиғи ластаушылар: n n n радиоактивті ластау; жанартаулар; орман және жер өрттері; шаң, тұз кешкіндері; ғарыш шаңы. Антропогендік ластаушылар: n n өнеркәсіп, оның ішінде үлес салмағы бойынша электроэнергетика, отын өндірісі, металлургия, құрылыс материалдар өнеркәсібі, машина жасау, таукен өндірісі; транспорт (автомобиль, темір жол, су, әуе транспорттары); тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (орталық және жеке жылу орталықтары, қоқыстарды өртеу, олардың шіруі); ауыл шаруашылығы (мал, құс өсіру кешендері, химиялық заттар қолдану, ауыл шаруашылық заттарын өңдеу, ағаш өңдеу).
Атмосфераны қорғау шаралары және олардың тиімділігін анықтау Ауаны ластаушы заттарды білумен қатар, оның келтірген залал түрлерін де білу керек. Сұрыптаулар залалдың түріне, масштабына, әсеріне, уақытына қарап қолданылады. Әсер ету механизмі бойынша: нақты және жанама әсер ететін деп бөлінеді. Әсер ету түрлері бойынша: натуралды, рухани-эстетикалық, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық болып бөлінеді. Залалдың әсер ету уақыты: қазіргі кезде немесе болашақта болуы мүмкін. Масштабы бойынша: әлем-дік, материктік, аймақтық, жергілікті және нысаналық болуы мүмкін. Экономикалық зиянын потенциалды, мүмкін, нақты, болдырмаған жәнө жойылған деп бөледі.
Ауаның ластануын болдырмау және оның зиянды зардаптарын жою мынандай негізгі бағыттарда жүргізіледі: n n зиянды, ластаушы заттарды ауаға шығармау; ластаушы заттардың әсерлерінен қорғану; ластаушы заттардың зиянды әсерін, зардабын жою; зиянды әсерлердің алдын алу, оларды болдырмау (нормалау, тиым салу, т. б. )
Атмосфераны қорғау шараларын төрт топқа бөлуге болады: n n Техникалық тазалык. шаралары: түтін мұржаларын биік салу, түтін, газ тазартқыштарын орнату, жабық газ шығармайтын технологиялық және тасымал машиналарын, қондырғыларын қолдану. Технологиялық шаралар: толық немесе жартылай тұйықталған технология құру; шикізатты қалдықсыз өңдеу; шикізаттың, отынның зиянсыз түрлерін пайдалану; шикізатты өңдеу технологиясының зиянсыз түрлерін қолдану; өндірісті автоматтандыру. 3. Өндірісті ұйымдастыру шаралары: өндірістік жасыл алаңдар, санитарлық алқаптар құру; өндірісті жел бағытына, жер жағдайына тиімді орналастыру; зиянды өндірістерді қаладан тысқары орналастыру; қалаларды, елді мекендерді көгалдандыру және тиімді орналастыру. 4. Тыйым салу, бақылау шаралары: ластаушы заттардың шығарылуын нормалау, шектерін белгілеу. Оларды уақыт, территория және зерзаттар бойынша шектеу. Атмосфера қорғау бағдарламаларын бекітіп, олардың орындалуын қадағалау. Жекелеген өте зиян-ды заттарды шығаруды тоқтату, өндірісте қолдануға тыйым салу, т. б.
Атмосфераның ластануынан болатын экономикалық зиянды есептеу әдістері n n Атмосфера қорғау шараларын жоспарлаудың басты мақсаты - табиғат қорғау шығындары мен экономикалық зиянның ең аз жиынтық, оптималды мөлшерін анықтау. Кәсіпорын шығаратын қалдықтарын тазаламайтын болса, оның табиғат қорғау шығындары аз болады, оның есесіне табиғатқа келтіретін экономикалық зияны көп болады. Оларға табиғат қорғау, айып тө-лемдері белгіленеді. Түптеп келгенде, бәрібір шығын-данады. Атмосфера қорғау шығындарын өздігінен жүргізенде экономикалық зиянға жол бермейді және айып төлемдерден құтылады.
Экономикалық зиянды бірнеше керсеткіштер кешенімен есептеуге болады. Олар: натуралдық, салыстырмалы, дәреже-лік, сандық және сапалық көрсеткіштер. n n ең алғаш атмосфераның ластану деңгейі бақылау нүктелерінде анықталады; ластаушы заттардың ауада шоғырлануы нөмесе таралуы қарастырылады; ластау шамасының адамның денсаұлығына, табиғатқа, шаруашылық зерзаттарына натуралды әсерлері айқындалады; осы әсерлердің сандық мөлшері арқылы экономикалық зиян шамасы есептеледі.
Экономикалық зиянды есептеудің негізгі үш тәсілі қолданылады n n n Тура есептеу тәсілі бойынша аймақтағы кәсіпорындар тағы басқа атмосфераны ластаушылар шығаратын зиянды заттар саны және сипаты анықталады. Факторлық талдау тәсілі бойынша экономикалық зиян шамасына әсер ететін факторлар анықталады, олардың экономикалық зиян шамасымен байланысы айқындалады. Әр фактор өскенде немесе кемігенде экономикалық зиянның өзгеру экономика-математикалық моделі жасалып жалпы мөлшері есептеледі. Тәжірибөлік тәсілде атмосфераның ластануынан болатын зиян әрбір рецепиенттер бойынша зерттеу орында шағын өндірістерде, кәсіпорындарда, аймақта тексеріледі және алынған нәтиже кең аумақта, сала бойынша, аймақта сондай болады деп болжам жасалады. Сондай-ақ әр түрлі сала мамандарының сараптамалық бағалаулары қолданылады.
n n n Атмосфера қорғау шараларының экономикалық көрсеткіштермен айқындауға болатын әлеуметтік, экологиялық, экономикалық нәтижелері есептеледі. Экологиялық нәтиже деп - табиғи ортаға зиянды әсердің кемуін, зиянды әсерлерді болдырмау салда-рынан табиғаттың жай-күйінің қалыпты жағдайының сақталуын, жақсаруын айтамыз. Табиғат байлықтарының генетикалық тұқым қорларының сақталуы және т. б. экологиялық нәтижеге жатады. Әлеумөттік нәтиже - халықтың тұрмысының жақсаруы, ұлттық байлықтың өсуі, халықтың ауруының азаюы, еңбекке жарамды жасының ұлғаюы, денсаулығының, еңбек және демалыс жағдайларының жақсаруы және т. б. Экономикалық нәтиже - табиғат ресурстарының, қоғамдық еңбектің үнемделуі, ысыраптың азаюы немесе жойылуы, табиғат ресурстарынан алынатын өнімдердің артуы, сапасының жақсаруы, еңбек өнімділігінің артуы, шығындардың, оның ішінде табиғат қорғау шығындарының үнемделуі.
Бір мақсатқа құрылған табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімі болдырмаған зиян шамасымен анықталады. R=П Ал көп нәтижелі шараларда: R=П+ΔД мұнда: Д - ластану болмағанда кәсіпорынның жылдық табысының артуы; П - болдырмаған экономикалық зиян. П= У 1 - У 2 У 1 - табиғат қорғау шараларын жүргізгенге дейін; У 2 - одан кейін болатын экономикалық зиян
Экономикалық тиім беретін әлёуметтік нәтижелер былай есептелуі мүмкін: n n n Атмосфөраның ластануынан болатын ауруды болдырмағанда алынатын таза өнімнің артуы: Эт. ө = А х Өт (Д 2 - Д, 1), мұнда: А -ауру салдарынан немесе ауруды күтіп өндіріске қатыспаған жұмыскерлер саны; Өт - бір адамның бір күнде шығаратын таза өнімі; Д 1 Д 2 - табиғат қорғау шараларын қолданғанға дейін және одан кейін бір жұмыскердің бір жылда жұмыс істеген күндері. Әлеуметтік қамсыздандыру қорынан төленетін ақының азаюынан келетін тиім: Эк = А х Ж (Д 2 - Д, 1), мұнда: А - атмосфераның ластануы салдарынан ауырып, әлеуметтік қамсыздандыру қорынан жәрдемақы алған жұмыскерлер саны; Ж- жәрдемақының орташа шамасы. Емдеуге жұмсалатын шығындардың үнемделуінен болатын тиім: Эс= (Ааx. Даx. Sа) + (Аcx. Дcx. Sc) мұнда: Аа, Ас - ауруханада және емханада емделушілер саны; Да, Дс - бір адамның орташа ауырған күндері; Sa. Sc - бір адамның бір күнде орташа емделу шығындары.
Презентация Microsoft PowerPoint.ppt