baikonir.pptx
- Количество слайдов: 25
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Ң Халы қаралы Бизнес Академиясы қ «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы экологиялық мәселелер. Орында ған: Сарсенбек Б. А.
ЖОСПАР: Ø 1)Кіріспе Ø 2)Заңнама Ø 3)БАҚ-пен жұмыс Ø 4) Қорытынды
Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарымқатынасы күрделене түскені мәлім. Жиырма бірінші ғасырда адамзаттың алдында тұрған ғаламдық проблмалардың бірі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы екені әртүрлі деңгейдегі мінбелерден жиі мойындала бастады. Адамзат өзі мекен сүруге жарамсыз етуге бейім күшке айналған жағдай қалыптасты. Бәріміз де тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде еліміздегі нарықтық реформалар мен экономикалық тоқыраулардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және бақылау жүйесіндегі ұйлесімсіздікке әкеп соққанының, экономикалық мүдде мен экологиялық мүдденің бір-біріне қарсы қойылуының куәсі болдық. Қаржы тапшылығының мәселесін шешкен кезде экологиялық және қорғау проблемаларынан гөрі экономикалық мүдде басым болып келді. Көздің қарашығындай қорғауды қажет ететін табиғат байлығына көңіл бөлу әлсіреп кетті. Осы мәселелердің ішінде үлкен мәселелердің бірі – Байқоныр.
КІРІСПЕ Байқоныр төңірнгіндегі экологиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екенін биліктің онша ескере бермейтіні өкінішті. Мәселен, осыншама жыл бойына ғарыш айлағынан гептилмен жұмыс істейтін 2000 –нан аса замыран тасығыштар ұшырылыпты. Байқоңыр – 1955 жыллы негізі қаланған Қазақстан Республикасының ғарыш айлағы. Қызылорда облысының жерінде орналасқан. Байқоңырдан кезінде «Восток» , «Восход» , «Союз» , «Прогресс» сияқты Кеңес Одағының ғарыштық корабльдері мен «Салют» орбитальды станциялары, сонымен қатар басқа да көптеген ғарыштық аппараттары ұшырылды. Тек осы жерден ғана ұшуы басқарылатын корабльдер ғарышқа шығарылады. Қазіргі заманда ғарышкерлік-ғылыми-техникалық прогрестің болашағы зор болып саналады және ол ғылымның тез алға басуына көп үлес қосып, оны жаңа зерттеу құралдарымен, әдістерімен қаруландыратыны белгілі. Ғарышты игеру адамзат дамуының жаңа техникалық деңгейіне шығуын ғана емес, оның дүние танымдық мүмкіндігінің кеңістік және уақыттық шектелуін де ұлғайтып, біздің қоршаған дүние туралы түсінігіміздің өзгертуіне жағдай жасайды.
Байқоныр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрым-сонды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста неше түрлі космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымырантасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарының ешқандай бөлігінде кездеспейді. Сол себептен Байқоңыр космодромы жер жүзі халықтарының назарын аударып, аландатып отырады. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшырау мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, өскери қару -жарақтардьщ жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Сондықтан да Байқоңыр космодромы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептелінеді.
Байқоныр космодромының айналаны қоршаған ортаға ерекше әсер ететіні кейінгі кезде ғана байқала бастады. Кейінгі уақытта космодром орналасқан жердің ауа райын, табиғи биологиялық ресурстарын жан-жақты зерттегенде, космодром айналаны қоршаған ортаға айрықша әсер ететіні байқалады. Ол туралы қолымызда бірнеше ғылыми деректер бар. Оған бір мысал: Қарағанды облысының экологиясын зерттейтін ғалым-экологтардың жүргізген жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, космос корабльдері, космос зымырандары космос кеңістігіне ұшып кеткеннен кейін, жаз айларында 5 -8 күн бойы күшті жел тұрып, қара боран соғатыны байқалады. Мұндай құбылысты Жезді ауданының жергілікті тұрғындары да растайды. Ал қыста зымырандар космосқа ұшып кеткеннен кейін 2 -3 күн бойы қарлы боран соғатыны белгілі болды. Бұл аймақта жылына 40 -50 күн бойы күшті жел тұратыны анықталды. Мұндай құбылыстар, бұл аймақта бұрынғы кезде, космодром орнамай тұрған уақытта болмағанын жергілікті тұрғындар жіпке тізгендей етіп айтып береді. Қандай болмасын, ұшырылған космос корабльдері мен оларды космос кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістср енгізетіні кейінгі кезде айқындала тусті. Ол өзгерістсрді арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап берді. Ол өзгерістер төмендегідей: 1. Ұшырылған космос корабльдері және басқадай космостық аппараттар табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режімін төтенше түрде бұып жіберетіні белгілі болды; 2. Космос корабльдерін тасымалдайтын зымырандардың пай-даланатын отындары улы (радиоактивті) қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны қоршаған ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады; 3. Космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесіне айрықша әсер ететінін арнаулы түрде жүрзігілген ғылыми-зерттеу жұмыстары толығымен дәлелдейді. Биосферадағы тірі ағзалардьщ тіршілік ететін табиғи ортасы кенет бұзылып кеткендіктен, олардың биологиялық жүйелері мүлдем бұзылып кетіп, бірнеше өзгерістер, олардың ішінде өте қауіпті мутациялық (секірмелі) өзгеріс туатыны байқалды; 4. Жер бетінде зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап түсіп, оны ластайды (ол бөлшектерде де радиоактивті қосылыстар бар). Ол жер не егін егуге, не болмаса мал жаюға жарамай қалады.
Сынақтан өткізілген зымырандардың бәрі әуедегі озон қабатын бұзып жібереді. Өйткені зымырандардың отьшның қалдықтары озон қабатына айрқыша әсер ететіні кейінгі кезде байқала бастады. Зымырандар пайдаланған отындарынын өте улы қосылыс — көміртектің радиоактивті элементтердің қос тотығы көп мөлшерде бөлініп шығады. Ол биосферада тіршілік ететін барлық тірі ағзаларға өте улы әсер етеді. Ауадағы және жердің үстіңгі бетіндегі радиациялық тепе-тендікті бұзып жібереді. Егер ауада көміртектің қос тотығы молаятын болса, онда күн сәулесі жерге түспей, мәңгілік қараңғылық басады. Көне заманда мұндай көріністер болғаннын ғалым-биологтар жақсы біледі Күн сәулесі жерге түспегендіктен жердің үстіңгі қабаты жылынып, тау шыңдарындағы мәңгі қар мен мұздар еріп кетіп, теңіз және мұхит суларының деңгейін көтереді. Құрғақ жерлерді су басып, “топан суы” қаптауы сөзсіз деп ғалымдар дәлелдейді.
ЗАҢНАМА Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерiнiң тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртiбi туралы келiсiм 3 -бап «Байқоңыр» ғарыш айлағының персоналына және Байқоңыр қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетудi, «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен Байқоңыр қаласындағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қадағалауды және санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу) iсшараларды Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Ресей тарапының уәкiлеттi органы, федералдық денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың бөлiмшелерi жүзеге асырады. Төретам және Ақай кенттерiнiң тұрғындарына медициналық көмек көрсетудi Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Келiсiмге сәйкес Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады. Көрсетiлген кенттерде санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу) iсшараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң ұйымдары жүзеге асырады.
Журнал газет 2011 4 3 4 2012 5 2 3
Ел газеті Алматыда «Байқоңыр - Қазақстанның ғарыштық аймағы» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр Дінмұхамед Қонаев Қазақ КСР Министрлер кеңесін басқарғанда Байқоңыр ғарыш айлағы салынып, Орталық комитеттің Бірінші хатшысы болғанда тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің ғарышқа ұшты. Бұл жайлы бүгін Алматыда Д. Қонаев мұражайы ұйымдастырған «Байқоңыр - Қазақстанның ғарыштық аймағы» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды. «Байқоңыр ғарыш айлағының салынуы мен алғашқы ғарышкердің қазақ жерінен ғарышқа көтерілуі Дінмұхамед Ахметұлының Қазақстандағы басшылық қызметке келуімен тұспа-тұс болуы жай ғана кездейсоқтық емес. Біз сол себепті 12 сәуірдегі космонавтика күніне орай «Байқоңыр - Қазақстанның ғарыштық аймағы» деген тақырыппен іс-шаралар ұйымдастырып отырмыз. Мақсат - Байқоңыр ғарыш аймағының қалыптасуы мен дамуы жайында және оған ең алғашқылардың бірі болып атсалысқан Қален Құсайынұлы Тоқмұхамедов туралы естеліктер мен деректер жинау» , - дейді Д. А. Қонаев мұражай-үйінің директоры Болысбек Батталханов. Оған «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылысына атсалысқан ардагерлер мен № 7 лицейдің оқушылары қатысуда. Б. Заманбекұлының айтуынша, бұл шара « 12 сәуір - космонавтика күні» деген көрмемен ашылып отыр. Онда «Д. А. Қонаев және жаңа Қазақстан» деп аталатын деректі фильм көрсетіліп, «Байқоңыр - ғарыш айлағы» деген тақырыпта экскурсия жүргізілді. Сондай-ақ дөңгелек үстел жиынында түрлі естеліктер айтылды. АЛМАТЫ. 5 сәуір. /Ерлік Ержанұлы/
«Ғарыш айлағы туралы» заң мақұлданды Бүгін ҚР Парламентінің Жоғарғы палатасының депутаттары «Ғарыш айлағы туралы» заңды бірауыздан қабылдады. «Сатана» атты жаппай қырып-жоятын қару келер жылдан бастап бейбіт мақсатта қолданылатын болады. Байқоңырдан ұшырылатын зымыран енді спутниктік байланыс орнатуға бағытталады. Негізгі мақсаты –Ресей мен Украина елдерінде байланыс қызметтерін қамтамасыз ету болмақ. Бұл туралы бүгін ҚР Парламентінің Сенатында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді. Бұл жоба коммерциялық бағытта жүзеге асырылады. Одан түскен қаржының бір бөлігін Қазақстан алатын болады. Бірақ оның қанша пайызы қазаққа бұйыратыны әлі нақтыланған жоқ. Қазір зымыранды құрастыруға 200 -ге жуық отандық мамандар тартылыпты. Бұл жоба 1995 жылы жасалған Ресей мен Қазақстан арасында ғарышкер мамандарды даярлау келісімшарты бойынша жүзеге асырылуда. Сондай-ақ қазіргі уақытта ресейліктер өз жерлерінде, нақтырақ айтсақ, Амур облысында «Восточный» ғарыш айлағын салып жатыр. Дайын болып пайдалануға берілсе, көрші ел ғарышқа зымырандарын өз мекендерінен ұшырады. Сондықтан он жылдан кейін Байқоңырды қамтамасыз ету мен оны тиімді пайдалану туралы мәселеге тек біздің ел ғана жауап беретін болады. «Осы күні ғарыш айлағының 10 жылдық шығыны 300 миллион АҚШ долларын құрайды. Ғарышқа тағы бір ел азаматын ұшыру мәселесіне келгенде қаржының қолбайлау болып отырғанын ескерсек, болашақта «Байқоңырды» ұстап тұру мәселесі де бас қатырарлық шаруаға айналуы ғажап емес» , - деді сенаторлардың алдында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев.
ҚОРЫТЫНДЫ Байқоныр космодромының айналаны қоршаған ортаға ерекше әсер ететіні кейінгі кезде ғана байқала бастады. Кейінгі уақытта космодром орналасқан жердің ауа райын, табиғи биологиялық ресурстарын жан-жақты зерттегенде, космодром айналаны қоршаған ортаға айрықша әсер ететіні байқалады. Әсіресе, ауыз су қатты уланады. Радиоактивті улы қосылыстар неше түрлі метаболиттер туғызуы мүмкін. Ол метаболиттер жинала-жинала келе улылығын күшейте түсетін жағдайлары да байқалады. Бұл радиоактивті метаболиттер биосферадағы барлық тіршілік иелеріне үлкен қауіп тендіреді. Улы қосылыстардың ішіндегі ең қауіптісі – гептил және оның туындылары болып есептелінеді. Радиоактивті гептил — суда ерімейтін қосылыс. Ол жер бетіне көп жиналып, улылығын жоғалтпай ұзақ уақыт сақтай алатын ғажан қосылыс. Тез арада тотығып кетеді де, кез келген денелермен реакцияға түседі және неше түрлі өнімдер түзеді. Олардың ішінде концерогеңді түрде әсер ететін заттар болады. Олар адам ағзасында неше түрлі қауіпті ісіктер туғызып, рак дертін дамытады. Зымыравдар апатқа ұшырағаңца ондағы гептилдің 90 пайызы ауада жанып кетіп, ал қалған 10 пайызы жерге келіп түседі, тіпті түспеуі де мүмкін. Ал жерге түскен гептил ұзақ уақыт топырақта сақталынып, улылық қасиетін жоймай жата береді.
Радиоактивті азот тотығы да озон қабатын бұзушы фактордың бірі болып ссептелінеді. Ол өте үлкен қысыммсн жоғары температураның әсерінен үнемі стратосферада пайда болып отырады. РН “Протон” зымыраны космос кеңістігіне көтерілгенде, зымыран артынан шыққан оттың әсерінен радиоақтивті азот тотығы көп түзілетінін арнаулы зерттеулер анықтап берді. 20 -30 шақырьш биіктегі озон қабаты зымырандардың әрекетінен көп мөлшерде бұзылатыны анықталды. Зымырандарды ұшырауға гептил отынын пайдаланғанда, озон қабаты адам айтқысыз болып бұзылатынын арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап шықты. Озон қабатын тез арада бұзып жіберетін улы қосылыстардың бірі – хлор. Оның бір молекуласы, озонның жүз мың молекуласын жойып жібереді. Хлор зымыран отындарының басты компоненттерінің бірі.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. «Ел» газеті 2. «Ақ Жайық» газеті 3. google. kz 4. «Егемен Қазақстан » газеті 5. http: //www. elgazeti. kz/? p=3162 6. http: //azh. kz/kz/news/view/2152
ПІКІР Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі Халықаралық Бизнес Академиясының РД и ГБ 1201 тобының Сарсенбек Ботакөздің «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы экологиялық мәселелер атты жобасына Пікір: Жобамен таныстым өте қызық және түсінікті жазылған. Жоба тақырыбына келетін болсақ, «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы өзекті экологиялық мәселелер туралы. Кіріспеде жобаның алғышарттарын және өзектілігін нақты жазған. . Заңнаманың тақырыптан ауытқысы жоқ. Бұқаралық Ақпараттар Құралдарымен жұмысында барлығы аңық көрсетілген. Бізге маңызы бар аз емес мақалалар алынып, оқырманды қызықтыра алды. мақаласы «ЕЛ» газетінде жазылған мақаласы ақпараттар тақырыбқа сай нақты фактілермен жазылған. Жұмыс ұқыпты жобаның тақырыбына сай келтіріліп жазылған. Жоба барлық сұраныстарға сәйкес жазылған. Жобаға жоғары баға бердім! Ұсыныс берген: Есімжанова Мақпал
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!
baikonir.pptx